Елімізде ет тапшылығы болуы мүмкін бе?

Биылғы жылдың 20-сыншы қаңтарынан бастап елімізде шетелге мал сатуға тыйым салынды. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы арқылы еліміздің ішкі нарығындағы ет тапшылығы мен күннен күнге шарықтап бара жатқан ет бағасын тұрақтандыруды көздеп отыр. Елімізде расымен ет тапшылығы бар ма? Болған күннің өзінде оны жоюдың қалай алдын алуға болады? Еліміздегі мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесі қандай? Бұл сауалдардың жауабын біз мал шаруашығының басы-қасында жүрген маман, «Елім-ай Көкпекті» шаруа қожалығының жетекшісі Болат Бекбердиновтен сұрап білдік.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу