Қазақстандық фермерлердің басты проблемасы - өсірген өнімдерін өткізу. Бұл жергілікті атқарушы биліктің жұмыс жасамауынан дейді Қазақстандық фермерлер қауымдастығының Басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев. Оның сөзінше, бүгінде бірқатар өңірлерде өнімдерді сақтайтын қоймалар бос тұр. Бұл қоймалар бос болмау керек. Фермерлер осы қоймаларда өз өнімдерін сақтаулары тиіс. Алайда, бәрі басқаша. Өнімді әрі қарай өткізуге фермердің басы ауырмауы керек. Қанша өнім өндірілді , өнімді қайда жіберу керек - мұны Ауыл шаруашылығы министрлігі жоспарлауы тиіс. Алайда, министрлік мүны да жасай алмай отыр дейді қауымдастық басшысы. Министрлікке уәжін айтқан Дайрабаев мырза ауыл шаруашылығы техникаларын да жаңарытып,фермерлерге берітелітн субсидияны еш кедергісіз беруді ұсынды.