Рухани жаңғырудың үлкен кезеңі – Абай тағылымына тағзым ету. Бұл пікірмен келіспейтін жан жоқ шығар, асылы. Биылдан бастап елімізде 10-тамыз Абай күні ретінде аталып өтті. Дана Абай, дара Абайдың бай мұрасын, оның асқақ тұлғасын биік тұғырға шығару бір күн¬ге байланып қалмайтыны түсінікті. Десек те атаулы дата белгі¬леніп, Үкіметтің бекітіп беруі қазақ бала¬сы-ның тағы бір жаңа белеске көтерілгендігін көрсетеді. Жалпы, Алаш баласының рухани құбыласы, ұлтқа темірқазықтай жол сілтеген тау тұлға лайықты деңгейде ұлықталып жүр ме? Осы ретте хакім абайдың даналығын өнер иелері қалай дәріптеуде? Бұл тақырыпты Әнші, продюсер Қыдырәлі Болмановпен талқылаймыз.