Халық Кеңесіне жоғары консультативтік орган мәртебесі беріледі. Бұл мәртебе нені білдіреді? Бұл орган немен айналысады? Халық Кеңесіне заң шығаруға бастамашылық ету құқығын берудің пайдасы қандай? Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген норманы негізгі заңда белгілеу – әлемнің көп елі қолданатын тәжірибе ме? Сенатор Жанна Асанова осы сынды көптеген сұрақтарға жауап берді.