Сұхбат бағдарламасының кезекті саны – сауда тақырыбына арналады. Баршаға аян, пандемия салдарынан әлем елдері шекараларын қымтап, экспорт пен импорт жайы нашарлады. Мемлекеттер арасында сауда – саттық тоқтап, бұл өз кезегінде экономикалық тұрақсыздыққа әкеліп соқты. Күні –кеше жоспарлаған межеге жету қиындай түсті. Мәселені реттеу мақсатында, ел үкіметі тұралап қалған саланың еңсесін тіктеу үшін түрлі қолдау шараларын іске қосты. Алайда бұл қаншалықты жеткілікті? Карантиннен кейін жаһандық нарық қалай өзгереді? Сын сағатта отандық сауданың жағдайы қандай болмақ? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын ҚР Сауда және интеграция вице министрі Азамат Асқарұлынан сұрап білдік. Бағдарламаны тізгіндеуші – Ернар Тайжан.