«Туыстарымды сағындым. Елімді сағындым», - дейді Чехияның Прага қаласында тұратын қазақстандық азамат Руслан Меделбек. Русланның айтуынша, Чехия Үкіметі коронавирустың екінші толқынына сақадай сай дайындалған. Ауруханалар толы емес.Дәріханалар мен азық-түлік жұмыс істеп тұр. Алайда, мейрамханалар, шағын және орта кәсіпкерлік нысандары әзірге жұмыстарын тоқтатқан. Чехия Үкіметі кәсіпкерлерге ғана емес, зейнет жасындағы тұрғындарға да қаржылай қолдау білдіріп отыр. Руслан Меделбектің сқзінше , Чехия тұрғындардан ешқандай ақпаратты жасырмай, хабарлап отырады. Үйден шықпай-ақ қай аруханада қанша төсек бос тұрғанын, қанша науқастың жазылып шыққанын денсаулық сақтау министрлігінің сайты арқылы біліп отырмыз дейді ол. Чехияда тұратын қазақстандықтардың 80 пайызы студенттер, уақытша тұрып, жұмыс істеп жатқан азаматтар.