Карантин кезінде кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдету мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арнайы электронды платформа ашқан болатын. Осы портал арқылы кәсібін дөңгелетіп отырған әрбір қазақстандық өтініш бере алады. Қазіргі уақытта бұл порталға 407 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Барлық өтініштерді арнайы құрылған комиссия мұқият қарайды дейді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының әкімшілік бөлімінің басшысы Нариман Ибрагимов