КОРОНАВИРУС VS КИНО: ПАНДЕМИЯ САЛДАРЫНАН ШЫҒЫНҒА ҰШЫРАҒАН КИНОБИЗНЕС ҚАНДАЙ ҚАДАМДАРҒА БАРМАҚ?

Біз қазіргі таңда фантастикалық һәм қорқынышты фильмнің ішінде өмір сүріп жатқандаймыз. Қоршаған ортада болып жатқан құбылыстың барлығы шындыққа жанаспайтын сияқты. Бірақ, өкінішке қарай, қанша жерден сенгіміз келмесе де, илануға мәжбүрміз, себебі бұл – ақиқат. Оның өзі ең кассалық деген фильмге жақсы сценарий болар еді. Келісесіз бе?! Айтпақшы, киноиндустриясы пандемиядан зардап шеккен салалардың бірі де бірегейі. Кинематографистер қиындыққа тап болғаны рас: кинотеатрлар жабық, салдарынан студиялар түсірілімдерді тоқтатты. Маңызды премьералар белгісіз мерзімге ауыстырылды. Алайда соңғы екеуінің бүгінгі сұхбаттың кейіпкеріне «мүлде қатысы жоқ па?» деп қаласың. Өйткені, оның әйгілі фильмдер сериясын Түркияда жалғастырып жатқаны белігілі. Сондықтан, ол бізбен Стамбұлдан байланысқа шықпақ. Сонымен, бүгін продюсер, актер Нұрлан Қоянбаевпен сұхбаттасамыз.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу