Елімізде кәсібін дөңгелетіп отырған адамдар қалай күн көріп жатыр? Өкінішке орай, екінші карантиннен кейін Қазақстанда өз кәсібін тоқтатқан адамдар қатары артқан. Мұны сарапшылар айтып отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында бизнеске басымдық беріп, оны қолдау үшін Үкіметке біраз тапсырмалар берді. Яғни, бизнес саласында да реформа жасалып, Үкімет біртіндеп бизнесті реттеудің жаңа әдісін енгізгелі отыр. Есеп-қисап тапсыру, рұқсат қағазы мен лицензия алудың процедуралары жеңілдетіледі, мыңдаған талаптар қайта қаралады. Кәсіпкерлердің бүгінгі ахуалы қалай? Бұл туралы сарапшы Меруерт Махмұтова өз ойымен бөлісті.