Спорттық ойындарға бәс тігуге, казино, ойын автоматтарымен ұтыс ойнауға деген қызығушылық өте жоғары. Естігені мен көргеніне еріп кететіндер құмар ойынның қауіпті екенін білсе де «бір-ақ рет ойнап көремін», деп тәуелді болып қалады. Тәуелділіктің соңы адамды құрдымға кетіріп, қарызға белшеден батырып жатыр. Құмар ойынның қызығынан шыға алмай, ақырында құнын өз өмірімен өтеуге дейін барады. Қоғамның дертіне айналған кеселмен күресу үшін Парламент Мәжілісінің депутаттары Үкімет басшысына арнайы бірнеше сауал жіберді. Мәселені шешу жолдары, құмар ойындармен күрес және ұлттық идеология төңірегінде бүгінгі сұқбатта. Студия қонағы - Руслан Берденов.