Мал шаруашылығының дамуына не кедергі?

Алмасбек Садырбаев: "Қазагро" құдайдың еркесіне айналды.

Қазагроның басты міндеті - тек кепіл беру.Олардың несиеге, субсидияға беріп жатқан ақшасы  Үкіметтікі. Тіпті "Қазагроның" өзін Үкімет асырап отыр. Сондықтан бұл мекеменің бізге қажеті жоқ дейді "Шопан Ата" қой өсірушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев. Оның сөзінше,  Президент тапсырмасымен егіс науқанына деп бөлінген 70 млрд теңге небәрі 2 мың шаруа ғана берілген.  Басқа ондаған мың  шаруаның қолына тиесілі қаражат жетпей қалған. Сонда бөлініп жатқан ақша қайда кетіп жатыр,кімдер алып  жатыр дейді маман. "Қазагро" құдайдың еркесіне айналды. Оның есігінің алдына  жұрт ойланып барады. Мұндай ұйым бізге керек емес. Мұндай мекеме тұрғанда еліміздегі ауыл,мал шаруашылығы дамымайды деген пікірде Алмасбек Садырбаев.
Егер елімізде агробанк құрылса дұрыс болар ма еді дейді мал шаруашылығының маманы.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу