Биыл пандемия бизнеске де елеулі әсерін тигізді. Осыған орай шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне несиені кейінге шегеру туралы қаулы қабылданды. Кәсіпкердің жұмысы тоқтамас үшін әрі оларды қолдау мақсатында Үкімет осындай шешім шығарып отыр. Карантин кезінде кәсіпкерлерге 2 түрлі қолдау көрсеткен. Ол - несиелерді қайта қаржыландыру және несие бойынша төлемдерді кейінге шегеру. Осыға байланысты, еліміздегі 13445 кәсіпкер бірнеше несие бойынша өтініш беріпті. 94 пайызын микроқаржы ұйымдары мақұлдады дейді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Экономика және талдау департаментінің Басқарушы директоры Арман Жалмағамбетов