Пандемия салдарынан қиын жағдайға тап болған бизнес иелеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында жеңілдік жасауды тапсырды. Ол: «Барша азаматтарға дәл сондай ұғынықты болатын салық саясатын әзірлеуіміз керек. Бүгінде салықтар мен алымдардың 40-қа жуық түрі бар. Оны басқару ісі тым күрделі және негізінен мәжбүрлік сипатқа ие» - деді де, Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіп¬кер¬лер палатасымен бірлесіп және депу-таттық корпусты тарта отырып, Салық кодексін және заңға сәйкес актілерді егжей-тегжейлі қайта қарауды тапсырды. Содан бері 3 аптаға жуық уақыт өтті. Не істелді? Қандай да бір бастама бар ма? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін біз Ұлттық экономика министрлігіне, Атамекен кәсіпкерлер палатасына, Салық төлеушілер және бухгалтерлер қауымдастығына хабарластық. Бірақ олардың ешбірі мардымды жауап бере алмады. Сондықтан біз тоқырауға ұшыраған кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдауды жөн санадық. Саляқ саясатына қандай өзгеріс енгізу керек? Оны дәл қазір Кинотеатрлар желісінің директоры Бауыржан Шүкенов және Қазақстандық туризм индустриясы туристік қауымдастығының турагенттіктермен жұмыс департаментінің басшысы Еркен Кенжеғұловтан білеміз.