Жалпыәлемдік індет белең алғалы ШОБ-тің жағдайы ақсаңдады. Сын сағатта ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың ілгері күші саналатын кәсіпкерлерге қолдау шаралары жайында өз үндеуінде жеткізген болатын. Осыған орай, өңірлердегі кәсіпкерліктің жағдайы, қандай? Бұл жайында Қызылорда облысы бойынша өңірлік палата директоры Ғалымбек Жақсылықовтан сұрап білдік.