Нейрохируг Мыңжылқы Бердіқожаевтың сөзінше, коронавируспен жеңіл түрде ауырған адамда ауру екінші рет қайталанса, төсек тартып жатыр қалуы мүмкін екен. Бірден өкпе қабынуы, дем жетпеу сияқты белгілер пайда болады дейді. Дәрігердің сөзінше, коронавирустың екінші толқынының біріншісінен қандай да бір айырмашылығы жоқ дейді. Сондықтан, адам өзін күтіп, маска тағып жүруі тиіс екен. Ал, маска аурудан 70 пайызға қорғайды дейді. Сондай-ақ дәрігер бұл жолы Денсаулық сақтау министрлігі 2 айлық қор жасадық деп отыр, алайда ол қор қандай есеппен жасалды - министрлік ашып айтпай отыр дейді. Өйткені, бұл жолы вирус аяқ асты өршіп кетсе, 2 айлық қор 1 аптаға да жетпей қалуы мүмкін деп қауіптенеді дәрігер