Зейнетақы қорындағы жинақты қашан шешіп алуға болады? Қор есеп-шотында қанша ақша қалуы тиіс? Зейнетақы жинағын пайдалануға қандай санаттағы адамдардың мүмкіндігі бар? Сарапшылар зейнетақы қорындағы қаражатты мұқтаж жандарға беру керек, тек оны қалталы адамдар пайдаланып кетпесе игі дейді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа жолдауында ел тұрғындарының зейнетақы жинағын баспана мен білім алуға жұмсауы үшін Үкіметке тапсырма берді. Содан бері ел құлағы елең етті. Ал,экономистер болса зейнетақы қорындағы қаражат бәріне бірдей үлестіруге жетпейді деген пікірде