Аймақтардың денінде жалақы мөлшері орта деңгейге де жетпейді...Қай өңірлердің әлеуметтік-экономикалық ахуалы қиын? Жаңалықтар барысында білесіздер.
Тергеу кезінде «айғақтар бұрмаланды». «Бюджет қаржысын жымқырды» деп айыпталған бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа сотта осындай мәлімдеме жасады...Айыптау негізді ме? Тілшіміз анықтады.
Тұрғындармен кездесу барысында үстелді жұдырықпен ұрған аурухананың бас дәрігеріне қатысты тексеріс басталды. Алматы облысы денсаулық ақтау басқармасының өкілдерінің жауабы сәлден соң.
Коронавирусты жұқтыру деректері күннен-күнге көбейіп жатқанына қарамастан, ведомствоаралық комиссия карантиндік шектеулерді жеңілдетті. Қандай шектеулер алынды, демалыс күндері ойын-сауық орталықтары жұмыс істей ме? Түскі форматта білесіздер.
Мектептердегі санитарлық қауіпсіздікке 1 млрд 394 млн 300 мың теңге бөлінген. Бұл қаражат қайдан қарастырылған? Мұғалімдер мен оқушылар арасында ковид жұқтыру дерегі кездессе де неге мектептер дәстүрлі оқыту форматына оралды? Түскі форматтың сараптама бөлімінде саралаймыз...