26.11.2020 13:00 Túski format

Жалған ПТР-тест! Дәрігерлер коронавирустың жоқтығын дәлелдейтін анықтамаларды сатып келген. Олардың ісі қалай әшкереленді? Жаңалықтарда айтамыз.

Енді елімізде еңбек ететін шетелдіктер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақша аудара алады. Алайда, бұл жаңашылдық бәріне қатысты емес. Келісімнің жаңа талаптары қандай? 

Тұрғын үйдің әлегі! Баспана кезегінде тұрғандар саны 3 есе өсіп, 500 мың адамға жеткен. Мәселені шешуі тиіс «Нұрлы жер» бағдарламасының орындалуы көңіл көншітпейді. Баспанаға қол жеткізе алмай жүргенде жобаға бөлінген 873 млрлд 300 млн теңгенің тең жартысы неге игерілмей қалған? 

Газды өңірде газ тапшы! Ақтаулықтар тағы да көгілдір отынға жарымай отыр. Наразы жұртпен тілшіміз тілдесіп қайтты

Енді бизнеске кедергі келтіргендерге ауыр жаза қарастырылады. Президенттің бұл сөзі еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына жол аша ма? Түскі форматтың сараптама бөлімінде саралаймыз...

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу