Оңтүстіктен бір келі жеміс пен көкөніс тасымалдауда отынның үлесі 10 теңгеден аспайды

Дизель отыны нарығында қазір не болып жатыр, тезис: "дизель қымбаттайды - бәрі қымбаттайды" деген рас па, бағалар бұрынғы қалпына келе ме және дүрбелеңді азайту үшін не істеу керек? 

Оңтүстіктен бір келі жеміс пен көкөніс тасымалдауда отынның үлесі 10 теңгеден аспайды

Дизель отыны тапшылығының негізгі қиын кезеңі артта қалды деп ойлаймын. ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың қатысуымен өткен екі брифингіде жағдай толық түсіндіріліп, олар "алдыңғы шепте ойнауға" дайын екенін көрсетті. Брифингілердің бірінде мен де сала сарапшысы ретінде сөз сөйлеген едім.

Еске сала кетейін, дизель тапшылығы көктемде, ал отын бағасының өсуі 2019 жылдан бастап болжанған. Сол кездің өзінде 92-ші бензин 200 теңгеден жоғары болуы тиіс екені көрсетілген еді. 

Қазір нарықта не болып жатыр?

Дүрбелеңнің бірінші толқыны өтті, ресейлік зауыттардан дизель жөнелтіліп, қазақстандық жанар-жағармай құю бекеттеріне түсе бастады. Қазан айына арналған көлем, шамамен, 100 мың тонна.

Естеріңізге сала кетейін, дизель бойынша 2021 жылға арналған ішкі өндірісіміз, жоспарға сай, 4,9 млн. тонна болған. Осыған қарап, қазандағы тапшылықты нарықтың 2%-ы деп бағалауға болады және елдегі ахуалды "апат" деп атауға болмайды, солай емес пе? Әсіресе, біздің елден жылына 500 мыңдай тонна дизель көрші елдерге көлеңкелі жолмен экспортталып жатқаны ескеруіміз керек. 

Жанармай жеткізушілері/желілері қыркүйекте РФ-дан 35 мың тонна, қазанның 4 күнінде 10 мың тоннаға жуық дизель отынын сатып алды.

Біздің нарық әрқашан ресейлік жанармайдың жеткізілуіне тәуелді, бірақ модернизациядан бұрын бұл тәуелділік әлдеқайда жоғары болған еді. Мысалы, жоғары октанды бензин бойынша біз жыл бойы тұтынатын көлеміміздің 40%-ға жуығын сырттан кіргіздік.

Мен бұған дейін жазған материалдарымда Қазақстан өз қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете алатынын, тек жең ұшынан жалғасып жатқан "сұр" экспорт біздің нарығымызды күйрететінін дәлелдеп, цифрларды келтіргенмін. 
Жалпы, тапшылықты таяу күндері еңсеруге болады. Үкімет те бұл жағдайға әуелден дайын болған. Биыл Ресейден дизель жеткізу бойынша индикативті жоспар бір жылға 500 мың тоннаны көздеді.

Жеміс пен көкөніс қаншалықты қымбат?

Бұл сұрақ, әрине, көпшілікті алаңдатады. Әрине, тасымалдаушылардың өздері (компаниялар мен жеке тұлғалар) бағаның өсуіне мүдделі.

Жанармай бағасының инфляцияға әсері бойынша сарапшы Ерлан Жаукин қызық есептерді ұсынды. "ҚР-дағы инфляциялық үдерістерге жанар-жағармай бағасы өсуінің әсері туралы пікір қаншалықты шынайы" https://inbusiness.kz/ru/author_news/naskolko-pravdivo-mnenie-o-vliyanii-rosta-cen-na-gsm-na-inflyacionnye-processy-v-rk деген жазбада ол жанармай бағасының өсуі инфляцияның өсуі кезінде соншалықты маңызды емес екенін атап өтті.

Della.kz порталының деректеріне жүгінейік, мұнда көлік қызметтерінің нақты бағалары келтірілген.

Көріп отырғаныңыздай, қызмет көрсету бағасының таралуы өте үлкен. Орташа нарықтық көрсеткіш бойынша, бір шақырым жол үшін 220-230 теңге (20 тонна жүк үшін) беріледі деп ойлаймын. Бірақ алдымен үлкейтілген көрсеткіштерді есептеп алайықшы.

Елестетіп көріңіз, телефон арқылы тілдесіп отырмыз делік, сіз: "Олжас, Алматыдан астанаға қызанақ әкелеміз" дейсіз. Алматы – Нұр-Сұлтан бағытында 20 тонналық жүк көлігінің орташа тарифін қараймыз: 310 мың теңге немесе бір шақырым жол үшін 246 теңге.

Орташа жүк көлігі 100 км-ге шамамен 30-40 литр дизель жұмсайды, яғни 1 260 км тұтыну шамамен 390-520 л дизельді құрайды.

Қазір жазғы дизель бағасы шамамен 270 теңге, яғни отын шығыны 105-140 мың теңгені құрайды. Тасымалдаушының рейске түсіміндегі отын үлесі шамамен 33-45%.
Біз 20 тонна қызанақты тасымалдауды жоспарлап отырмыз, бірақ дәл 20 оған сәйкес келмейтінін түсінеміз, ол 18 тонна болсын. Қазір қызанақтың көтерме бағасы қандай? Нақты білмеймін, сондықтан бір кг - 300 теңге деп алайық.

Сонымен, 18 000 кг тасымалдауға біз 310 мың теңге (бір кг - 17 теңге) жұмсайтын едік, бұл ретте 1 кг жүкке "таза" отынның үлесі тек 5,8-7,8 теңгені құрайды! Ойлаңызшы! Бізді отын бағасының өсуі тасымалдауға әсер етеді деп қорқытады, ал іс жүзінде олай емес. Бір килограмм жеміс-жидек, көкөніс, жүк және т.б. бағасы көп дегенде 6-8 теңге ғана.

Біз қызанақты 300 теңгеден сатып алдық, тасымалдауға 17 тг ғана шығындаймыз, елордада 350 теңгеден көтерме саудада саттық және одан шамамен 594 мың теңге таптық. Тасымалдаушы да табыс табады.

Бірақ дизель бағасының өсуі өнімнің өзінде айтарлықтай көрінбейді, ол

тасымалдаушыға сезіледі, бірақ үлесі шамалы. "Дизель қымбаттайды - бәрі қымбаттайды" деген миф осымен жойылды.
Әрине, өндірушіден сатып алушыға дейінгі тізбек бойынша отын шығындары көрсетілген 6-8 теңгеден жоғары, бірақ олар да басым емес.

Дайындық

Біздегі дизель бағасы көрші елдерден көп ерекшеленеді, яғни нақты өзіндік құнынан төмен.

Қарапайым мысал. Brent сұрыпты мұнай бағасы қазір барреліне $82-дан асады, біздің дизель литріне шамамен 200 теңге тұрады. 1 баррельде 159 литр.
Дайын өнім шикізатқа қарағанда арзан! Тағы да қайталайын, бұл "қаймақ сүттен арзан" деген сияқты нәрсе.

Бұл ретте шикі мұнайды ішкі нарықта сату бағасы өндірудің өзіндік құнынан төмен.
Бағаның өсуі мен дизель тапшылығы - бұл болашақ процестерге дайындық. Елде мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру шексіз өсе бермейді, ал экспорт жалғасады. 

Осындай сабақ бергені үшін павлодарлық зауытқа алғыс айтуға болады. Баға теңгерімсіздігі және отын экспорты тапшылықтың негізгі себебі болып табылады. Мұндай нәрселер Қазақстандағы баға көрші елдермен теңеспейінше (салық айырмасын және тасымалдауды шегере отырып) бола береді.

Не істеу керек?

Түнде маған азаматтарымыз түсірген бейнежазба жіберілді, онда шекарада ұлғайтылған отын бактары бар ресейлік жүк машиналары (1-1, 5 тонна) жанармай құйып жатыр, ал қазақстандық жүргізушілерге отын бермейді.

Мынадай шаралар қабылдау керек деп ойлаймын: 
А. Отынды сырттан келіп шығарып алу жалғасады. Онымен халықтық әдістер бойынша күресу керек, яғни жер-жерде "көздер" мен "құлақтар" хабарлап тұруы керек. Жедел желі, телеграмм-арна, әлеуметтік желілердегі пабликтер болса болды. Жүргізушілер жанармайдың әкетілгені туралы (қай жанармай бекетінде, қандай машиналарда, қандай мемлекеттік нөмірде) хабарлайтын болады, ал мемлекеттік органдардың міндеті - тиісті шаралар қабылдау. Шекарадағы уәкілетті тұлғалардың қатысуынсыз әкету мүмкін емес екенін бәрі түсінеді деп ойлаймын - бұған жедел назар аудару қажет. 
В. Ұсақ жанармай бекеттерінің иелері отын шығаруды қосымша табыс көзіне айналдырды. Олармен профилактикалық әңгімелесу қажет. Мүмкін, шекара маңындағы жанармай құю бекеттерінің жұмысын халықтық бақылаудың көмегімен "бір қолға" жанар-жағар май сатуды шектеуі керек шығар.
С. Қалалардағы бекеттерде жанармайдың бар-жоқтығы бойынша қандай да бір ақпарат беретін арна жоқ. Адамдар отынның қол жетімділігі мен бағасы туралы ақпаратты қайдан іздеу керектігін білмейді. Astana Hub немесе басқа біреуге бұл үшін жылдам шешім ойлап табуды ұсыну керек секілді. 
D. "Каспи голд, ағасы". Мен жүктерді тасымалдау туралы хабарландырулар бойынша бірнеше нөмірге қоңырау шалдым. Қызық үшін солай істедім. Олар келісті және "Каспи голд немесе қолма-қол төлейсіз, ағасы" деді. Жергілікті атқарушы органдар жеке тасымалдаушыларға көрсететін қызметтері үшін салық төлеуі керегін еске салуға құқылы деп санаймын. Президент инфляцияны тежеуді тапсырды - тасымалдаушылар жауапкершілікті көрсетіп, қазан айында бағаны көтермеуі керек.

P. S. Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ETS биржалық алаңында дизель отынының сауда-саттығы іске қосылады. Ашық нарықта қандай бағалар пайда болатыны қызық.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу