Қытай Жапония мен Кореяның істегенін қайталайды

10768

Әлемдік автокөлік өнеркәсібінің көшбасшысы неге Қытай болмақ?

Қытай Жапония мен Кореяның істегенін қайталайды

Қытайдың көп ұзамай  әлемдік автокөлік өнеркәсібінің көшбасшысы болатынына бірнеше тұрақты факторлар бар. Біріншіден, экономикалық өсу. Қытайдың ішкі нарығы әлемдегі ең үлкен нарық, былтыр онда шамамен 30 млн-ға жуық автокөлік шығарылып  сатылған. Екінші орында 11,2 млн автокөлік өндіріп сатқан АҚШ  тұр. Бұл әлемдегі ең үлкен нарық, ол АҚШ-тың нарығын үш есе орап кетіп отыр. Екіншіден, бұл жерде автоматтандыру ең жоғары деңгейде. Тек былтырғы жылдың өзінде Қытайда 90 мың өндірістік робот сатылған. Бұл Еуропа, АҚШ, Канадада сатылған жиынтық көлеммен бірдей. 2019 жылы Қытайда 160 мың өндірістік робот шығарылып сатылады деген болжам бар. Ал бұл әлемдік өндіріс пен ритейлден асып кетеді деген сөз.   

Бұл қытайлықтардың сапаны, еңбекті автоматтандыруды мақсат ететінін көрсетеді. Ал бұл өз кезегінде, өнімділікті арттырып, өнім сапасын жақсартып, жаңа технологияларды қолдантады. Осы факторлардың өзі қытайлық автоөнеркәсіпке қатысты нақты қорытынды жасауға мүмкіндік беріп, Қытайдың әлемдік держава болатынын көрсетеді. Яғни ол бюджеттік сегменттегі брендтерді сатып алады немесе оларды күйретіп, банкрот етеді. Сондықтан автокөлік өндірушілерге өздерінің компанияларын  қалайда нақтылап қалу үшін қазірден бастап қытайлық инвесторлармен келісе беруі керек. Өйткені Қытай қалай болғанда да алдағы бес жылда өз брендтерін әлемдік нарыққа экспансиялайды. Бұл – факт.

Бүгінгі таңда қытайлық өнім еңбекті автоматтандыру, жаңа технологиялар, IT- орталықтар, үлкен мемлекеттік қолдаудың арқасында жоғары сапалық көрсеткішке сай келіп отыр. Қытайда 10 компанияның 8-і мемлекеттік қолдауға ие. Басқа елдердің коммерциялық автокөлік компаниялары мұндай мемлекеттік қолдау көріп отырған жоқ. Ал Қытай өздеріндегі нарықтың үлкендігіне, сондай-ақ айтарлықтай мемлекеттік қолдауға қарамастан, кәсіпорындар қарқынды дамуда. Бұл компаниялардың адам сенгісіз тұрақтылықпен дамуының негізі де осында. Бұған қоса, мемлекеттік компаниялардың табысы жаңа технологияларды дамытуға жұмсалады.

Қазір Қытай электр күшімен жүретін машиналарды өндіру бойынша бірінші орында, қытайлық алты зауыт электомобиль өндіру бойынша үздік ондыққа кірген. Сондай-ақ аспан асты елі электромобиль сату бойынша көш бастап тұр. Сатылған 0,6 млн бірлік әлімдік сауданың 51%-ын құрайды. Қытайда электромобильдің 19 үлгісі шығарылады және олар жасыл технологияларды енгізу мен дамытуда әлемдік көшбасшы.

Қытайлық компаниялар өздерінің  әлемдік автокөлік өнеркәсібіне қатысу қарқынын арттырып жатыр, қазір еуропалық автозауыттардың үлесі сатып алынуда. Бұл стратегияны іске асыру алдағы бес жылда да жалғасатыны сөзсіз, ал бұл нақты фактілерді көрсетеді. 2014 жылы қытайлық DongFeng француздық PSA Peugeot Citroen компаниясы акцияларының 14%-ын сатып алды. 2017 жылы қытайлық Geely компаниясы британдық Lotus компаниясының 51% акциясын сатып алған. Ал қытайлық DongFeng болса PSA арқылы немістің Opel компаниясының 100% акциясын сатып алған. Ал биылғы жылы қытайлық GSR Capital жапондық Nissan концерніне кіретін Automotive Energy Supply электрлік батареяларын шығарушының 100% акциясына қол жеткізген. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қытайлық Great Wall компаниясы Fiat-Chrysler концерні құрамына кіретін JEEP компаниясының 100% акциясын сатып алуға келіссөз жүргізіп жатыр. Биыл қытайлық Geely немістің Daimler компаниясының 10% акциясын алған.

Шын мәнісінде, Қытай Жапония мен Кореяның 60-жылдары америкалық нарықта жасағанын қайталауда, тек ол мұны үш есе артық қуатпен және жаһандық көлемде жасауда.

Алдағы уақытта, 2030 жылға қарай еуропалық брендтердің арзан сегменттегі жарқын өкілдері қытаймен бәсекеге түсе алмайтын болады. Қытайлықтар корейлік және жапондық брендтерді "қытайлықтар" мықты екенін көрсетіп ішкі нарықтан ығыстырып шығарады. Қазір Қытайда толық өндірістік және өнеркәсіптік басымдық бар. Қытайлық компанияларды қазір ұстап тұрған жалғыз нәрсе – дилерлік желі. Бірақ тап осы үшін оларға америкалық және еуропалық автозауыттар керек.

Қытайлық автокөлік компанияларының үлкен әлеуетін басып озбақ түгілі, қарсы тұру мүмкін болмайды. Үлкен әлемдік концерндер мұны жақсы біледі. Мысалы, Audi автокөлік жасау компаниясының Қытаймен бірлескен кәсіпорындары бар. Жүйелі тәсіл мен Қытаймен қауымдасу болмаса, бірде-бір бренд өмір сүре алмайды.

Әлемдік автоиндустрия жағдайын сараптаған біздің компания одан әрі дамудың жолын таңдап алды. Ол біздің стратегиялық серіктестеріміз – қытайлық СМС, JAC Motors, ANKAI компанияларымен тығыз байланысты. Қытайлық жүк көлігін өндірушілердің  үздік үштігіне кіретін  SINOTRUK-HOWO  компаниясымен нақты уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар Қытайдағы ірі және жылдам дамып келе жатқан компаниялардың бірімен ынтымақтастық орнатып жатырмыз.  JAC Motors компаниясымен өзараәрекет етуді бастағаннан бері жыл сайын техникалардың модельдік қатарын ұлғайтып жатырмыз. Биыл JAC компаниясынан Т6 жақтаулы пикапын шығаруға рұсқат алдық.  Біздің серіктес едәуір қолдау көрсетіп отыр. Ол дәнекерлеу технологиясын осы автокөлікті одани әрі жергіліктендіру үшін бізге беріп жатыр. Көп кешіктірмей Қостанайда дәнекерлеу желісін орнатуға кірісеміз. Сондай-ақ биыл электромобильдер  сериясын іске қосамыз.

Қазақстандық автоөнеркәсіптің алдағы уақыттағы өміршеңдігі мен қарқынды дамуы тек қытайлық ірі автоиндустриямен серіктестік арқылы ғана мүмкін.  

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу