Қытай Павлодарға 20 млрд теңге инвестиция салды

15654

Қытай инвесторлары Павлодарда ет комбинаты мен жем зауыты құрылысына миллиардтап инвестиция салуға дайын. Алайда өндірілген барлық өнім импортқа шығарылуы тиіс.

Қытай Павлодарға 20 млрд теңге инвестиция салды Фото: reuters.com

Павлодар облысында "China – Kazakhstan Modern Agricultural Company" ЖШС өкілі болып қайтты. Кездесу барысында бір ғана мәселе – заманауи ет комбинаты құрылысы талқыланды. Кешеннің құрылысына 20 га жер қажет.

"Инвестиция тарту агенттігі" ЖШС хабарлауынша, жоба бес жыл ішінде іске асады. Ол 4 кезеңнен: ет комбинаты құрылысы, мал бордақылайтын база құрылысы, жүгері, соя және жержаңғақ өсіру үшін суармалы жер құру, жем шығару зауыты құрылысынан тұрады. Ет комбинаты жылына 90 мың ірі қара және 68 мың ұсақ мал сояды. Агенттіктің мәліметіне сүйенсек, бұл – бүкіл экологиялық талапқа жауап беретін заманауи комбинат болады. Ол жерде теріден бастап, сүйекке дейін өңделеді.

Қытайдың бұл сұранысына Павлодар облысы қаншалықты дайын? Облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Қасеновтің айтуынша, сұраныс ұсыныстың туындауына себеп болады.

"Мұнша ет жеткізу үшін бірнеше жыл керек. Біз инвесторларға қолда бар мүмкіндікті ұсынып отырмыз. Ең бірінші, олар қолда бар мал санына есептеп зауыт салуы керек. Содан кейін мал басының өсуіне қарай өндірісті арттыру. Бұл – нарық, сондықтан өндірушіге жақсы жағдай жасау керек, сонда сұраныстан бас ала алмаймыз. Екінші, логистика. Инвесторларға ет комбинатын салу үшін екі өңір ұсынылған болатын. Ол – Алматы мен Павлодар. Біздің өңір несімен тиімді? Біздің кедендік одақ құрамына кіргенімізге көп болды. Сонымен бірге жанымызда үш үлкен ресейлік өңір: Новосібір, Омбы және Алтай өңірі бар. Егер ет комбинаты бізде болса, онда ресейліктер де мал әкеле алады. Жанымызда Шығыс Қазақстан бар. Осының бәрін есептей келе, келешекте инвестор жоспарлап отырған өндірістік қуатқа шығуға болады", – дейді өңір басшысының орынбасары.

Жергілікті билік өкілдерінің ойынша, ең бастысы, бұл өндіріс облыстағы мал шаруашылығының дамуына ықпал етеді. Қазіргі уақытта өңірдегі шаруаның басты қиындығы – іске асыру. Саланың дамуына бірқатар фактор себеп болып отыр. Оның қатарында бағаның тартымдылығы, кепілді өткізу нарығы мен келісімшарттың ұзақтығы, нақтырақ айтсақ, ұзақмерзімді келісімшарт бар.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Қасенов: "Біздің нарыққа келетіннің барлығымен жұмыс істеуге дайынбыз. Көп болса, тіпті жақсы. Инвесторлар арасында бәселестіктің болғаны да жақсы. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығына арналған мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы көп, жайылым, кооперация туралы және т.б заң қабылданды. Мал шаруашылығын дамыту үшін барлық ресурс бар. Әрине, мал шаруашылығын дамытуға ұзақ уақыт керек. Бұзауды өнімге айналдыру үшін 1,5 жыл керек, ал оған дейін оны құр баптап өсіруге қаражат саласың. Сүт өндіру табыстылығы 70% болып тұрғанда, табыстылық деңгейі 11%. Егер мал шаруашылығынан бәсекеге түсетін болсақ, онда мөлшерді арттыра отырып, өзіндік құнды азайту керек. Біздің өңірде отарлап мал өсіру тиімді деп ойлаймын, өйткені оған кететін шығын да аз болады, ал мал саны артқанда өзіндік құнға әсер етеді. Бізде мұндай мүмкіндік бар, жем базасын дамыту қажет. Мұны бір адам іске асырғаннан гөрі бірігіп жасаған дұрыс. Сондықтан кооперацияға бірігу – дұрыс шешім. Қазір шаруаларға МТС ашып, техника сатып алуды ұсынып отырмыз. Бүгінгі күні бұл техникалар мемлекет есебінен 50% субсидияланады. Сондықтан бірікпесек, жалғыз адам бұл мәселені шеше алмайды. Сонымен бірге сапа да болуы керек. Ал ол үшін зоотехник қажет", – дейді.

Бірақ осы механизмнің барлығы кепілді өткізу нарығы болғанда ғана іске асады. Сондықтан жаңа компанияның ұсынысы облыстың қызығушылығын тудырып отыр. Қытайлық тарап жобаны осы жылдың соңы мен келесі жылдың басында іске асыруға кіріседі деп жоспарланып отыр.

Статистикалық мәліметке сәйкес, Павлодар облысында шамамен 400 мың ірі қара мал бар, оның 170 мың басы ұрғашы. Жыл сайын 150 мың мал төлдейді.

Марина Попова, Павлодар

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу