Үржарлық бал өнімі Қытайда

23889

ШҚО бал өнімін Қытай, Дубай және Сауд Арабиясына экспортқа шығаруда.  

Үржарлық бал өнімі Қытайда

ШҚО- ның Үржар ауданы әкімдігі "ҚХР халқының экологиялық таза ара балына деген сұранысын ескеріп, қытай жағы Қазақстан Республикасының балына бажсыз импорт квотасын енгізуді жоспарлауда. Қазіргі таңда осындай квотаның мөлшері туралы мәселе шешілуде" деп  abctv.kz   сайтына хабарлады.

"Ол үшін екі елдің ветеринарлық қызметтері арасында тиісті процедуралар жүргізілуі қажет, атап айтсақ, Қазақстан балды өндірудің барлық кезеңдерін тексеретін, сонымен қоса омарталардың ветеринарлық бақылау кезеңін,  дайындайтын және буып-түйетін кәсіпорындарды тексеретін, балдың физикалық-химиялық қасиеттерін зертханалардан зерттеу кезеңі мен өнімге халықаралық сертификаттар беруді іске асыратын ҚХР-дың көшпелі карантинді инспекциясын қабылдауы керек. Жұмыстың қорытындысы бойынша қытай инспекциясы тарапымен балдың квота мөлшері қабылданатын болады және ҚХР-дың шығарылатын өнімнің сапасы бойынша талаптарына сәйкес кәсіпорын тізілімі жасалған", -  деп ШҚО Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі бастығы Тәуржан Шоманов атап көрсетті.

ШҚО Үржар ауданынан шығарылатын бал қазірдің өзінде қытай нарығында сұранысқа ие. Мұның барлығы   2014 жылы ШҚО қалалары мен аудандары өкілдерінің ҚХР Чугучак қаласында ұйымдастырған жәрмеңкесінде 5 тонна үржарлық балдың сатылып кетуінен басталды.

"Қытай балдары нашар. Ол туралы "аспан асты елінің" бизнесмендерінің өздері айтқан еді. Сол себепті, олар біздің балды сатып алуға қызығушылық танытты. Бізде жарнама жақсы дамыған. Тұтынушалыр бізді өздері  іздеп табады. Бірінші жылы бес тонна әкелдік,содан кейін көбірек әкелдік. Қазір өнімді өткізу бір ізге салынған. Біз ешкімді іздемейміз. Кімге жақсы бал керек, солар өздері іздеп табады", - дейді үржарлық омарташылар.

Екі жыл ішінде экспорттың көлемі 10 есе артқан. Қазір Қытайға жылына 50 тонна бал экспортталуда. Экспорттың көлемі бұдан да көп болар еді, алайда ҚХР жағынан бал импортына  кедендік жүк бағасынан 28% мөлшерінде бөгеуші баж енгізілген, бал экспорты бір адамға 50 кг дейін ғана әкелуге шектеу қойылған, визасыз келісім негізінде 1-3 күндізгі сауда турында бажсыз сауда нарығына жеткізіледі. Мұндай жағдайда бөгеуші баж есебімен шарт бойынша бал экспорты тиімсіз болады.

Квотаны енгізгеннен кейін балды Қытайға тасымалдау жеңілірек болады. Қытайда балдың орташа бағасы килограмына 40 юань. Бұл жобамен 2000 теңге. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, ҚР ішкі нарығында жергілікті өнім килограмына 800-850 теңгеден келеді. 

Үржарлық балды тасымалдау тек Қытаймен шектелмейді. Қазір ШҚО-ның бал өнімдері БАЭ ( Дубай) және Сауд Арабиясы нарығын игеруде. Өнімнің сынамалық партиясы есебінде ол жаққа бірнеше тонна бал жіберілді.

Аудан әкімдігі келесі жылы экспортқа шығарылатын буып-түйілген балдың саны  200 тоннаны құрайтын болады деп отыр. Тағы, 70 тонна елдің ішкі нарығына шығарылатын болады.

Экспортқа және елдің ішінде өнім жеткізілімінің ыңғайлығы үшін жергілікті үкімет шаруа қожалықтарын кооперативтерге біріктіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Алайда, кооперативке бірігу мәселесі шаруа қожалықтарын қуантып отырған жоқ, ал біреулер мұны еріксіз жасалып отырған шара дейді.

"Егер мәжбүрлесе ( кооперативке кіруге-автор.ескертуі), көнуге тура келеді. Егер басқа жолы жоқ болса. Әрине, мұның болмағаны дұрыс. Одан да шағын шаруашылықтарды біріктірсін. Бір жағынан, 2017 жылдан бастап кәсіпкерліктің барлық субъектілеріне ҚСС салынатын болады. Бұл жағанан алып қарасаң, кооперативтерге біріккен тиімді. Алайда, бұл шындағында қалай болады? Дегенмен, бірнеше шаруашылық бір кооперативте болады. Барлығы бірдей табыс табу үшін бәрінің көңілін табу керек. Ол жерде көптеген даулы мәселенің болатыны сөзсіз. Менің ойымша, бұл онша жақсы бастама емес. Қазір мен жеке жұмыс жасап, шығарылатын өнімге және шаруашылықты дамытуға қатысты мәселелерді қарастырып  жатырмын", -дейді  ірі шаруа қожалықтарының бірі болып саналатын "Кравченко" ШҚ басшысы Виталий Кравченко.   

Виталий Кравченконың асыл тұқымды омарташылық шаруашылығы- Қазақстандағы ең ірі омарта және экспорттың негізгі көлемі де осы шаруашылықта. Шаруашылықта мың ара ұяшығы ұсталады. Тауда орналасқан бес омартаға инфрақұрылым тартылған. 

"Кім екенін айтпай- ақ қояйын,  Өскеменде де омарталар бар, бірақ олар алыпсатарлар. Ал, оларды өндірушілер деп атайды екен. Ал бізде нақты мың ұяшық бар. Өзіміздің тау балын аламыз. Біз Ресейден тасымаймыз, бұл жерде буып-түймейміз және ешқашан бұл қатонқарағайлық, үржарлық және павлодарлық бал деп айтпаймыз", - деп жалғастырды Виталий Кравченко.

Шаруашылықта өзінің арнайы өлшеп қамдап  буып- түйетін цехы бар. Цех еуростандартқа сәйкес ресей және польшалық жабдықпен жабдықталған. Шаруашылық басшысының айтуынша, ол балды аудан халқынан, тіпті, облыстан сатып алуға дайын. Алдағы жоспарда технологияны жетілдіру және өндірістік  омарташылыққа көшу тұр.

"Бес мың ұяшықты өсіруге де болады, бірақ  оны жинап үлгермейсің. Сол себепті, бұл жерде басқаша тәсіл қажет",- дейді Кравченко мырза.   

Үржар ауданында омарташылықпен  4 729 бал арасының ұяшығын ұстайтын, барлығы, 130 шаруашылық айналысады, олардың ішіндегі 15 шаруашылықтың экспорттаушы дәрежесі бар. Бес шаруашылық базалық ( тұқымдық) болып есептеледі, онда 1770 асыл тұқымды бал арасы бар. Жыл сайын жалпы бал өнімін өндіру көлемі орта есеппен 189 тоннаны құрайды. Ауданның балды экспортқа шығару потенциалы – жылына 120 тонна. Бұл жерде балдың жалпы 28 түрі өндіріледі. Негізгі сорттары- алуан шөпті және таулы алуан шөпті.

Аудан шетел инвесторлары үшінде тартымды болып отыр. Оған тек бал өнімі ғана себеп болып отырған жоқ. Себебі, осы жылы 30 тонна ет шығаратын құс фабрикасын салу жоспарланып отыр. Инвестициялық жобаның құны- шамамен 45 млрд. теңге.

"Қазір құрылыспен айналысуға Қытай, Польша, Украина инвесторлары қызығушылық танытып отыр. Кейбіреуі өтініште беріп қойған. Жер белгіленген. Біз құс фабрикасы құрылысын салуға 200 гектар жер ұсындық. Жеммен қамтамасыз ету үшін 40 мың гектар шамасында суармалы және қолдан суарылатын егістік қажет. Бірақ бұл мәселе әлі шешілген жоқ. Әзірге инвесторлармен келіссөздер жүргізудеміз. Кімге құрылыс салуды ұсынатынымыз облыс әкімдігі жанындағы үйлестіру кеңесінде шешілетін болады", -  деп аудан басшысы Серік Зайнулдин атап кетті. 

Сөз барысында айта кетсек, қазақстандықтар жыл сайын 240 мың тонна құс етін пайдаланады. Оның 140 мың тоннасын жергілікті өндірушілер өндіреді.

Жанар Асылханова, Шығыс Қазақстан облысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу