Өкінішке қарай, көптеген асығыс туған нәрестелер түрлі ауыр аурулармен дүниеге келеді. Дәрігерлер жиі мұндай сәбилерде шала туған нәрестелердің ретинопатия – көз ауруы диагнозын қояды, ол ауыр жағдайларда офтальмологиялық көмек уақтылы көрсетілмеген жағдайда көру қабілетінің біржола жоғалуына әкеп соғады.
- Бұл патология тек шала туған балаларда ғана кездеседі. Бала белгіленген мерзімнен неғұрлым ерте дүниеге келген сайын және оның дене салмағы төмен болған сайын ретинопатия соғұрлым ауыр өтеді, - дейді медицина ғылымдарының кандидаты, балалар офтальмологы Әсел Үсенбайқызы Шәріпова.
- Аурудың негізінде көздің жарық қабылдайтын бөлігінің қан тамырларының жетілмеуі жатыр. Ол көз торындағы және шыны тәрізді денедегі өзгерістермен қатар жүреді. Қалыпты жағдайда ұрықтың көз торында ретинальды тамырлардың өсуі гестацияның 38-40 аптасында, яғни баланың туған сәтінде аяқталады. Тиісінше, жүктілік мерзімі аз болған сайын көз торындағы қан тамырлары азаяды.
Қазақстандық дәрігерлердің мәліметінше, мерзімінен бұрын туған сәбилердің 40%-ы ретинопатиямен ауырады. Өкінішке қарай, бұл аурудың ешқандай сыртқы белгілер жоқ. Тек мамандандырылған және оқытылған офтальмолог арнайы жабдықтың көмегімен аурудың пайда болуының ерте шағын көре алады.
- Шала туған сәбилерді тексеру өмірінің 3-4 аптасында жүргізілуі тиіс. Бұл өте маңызды, өйткені ретинопатияны емдеуде жоғалған уақыт өте ауыр және орны толмас зардаптарға әкеп соғуы мүмкін, - деп жалғастырады Әсел Үсенбайқызы. - Бүгінгі күні AYALA қорының көмегінің арқасында Қазақстанның көптеген перинаталдық орталықтары лазерлік офтальмологиялық қондырғылар, бинокулярлық офтальмоскоптар, ретиналды педиатриялық камералар сияқты офтальмологтарға қажетті заманауи қондырғыларды алып жатыр. Қордың жабдықтары жаңа туған нәрестелерде ретинопатия сияқты ауыр патологияны диагностикалауға және емдеуге байланысты өте маңызды мәселені шешуге көмектеседі. Сондай-ақ, ол офтальмологтарды кәсіби тұрғыдан өсуге ынталандырады.
Әсел Үсенбайқызының айтуынша, ретинопатияны емдеудегі негізгі проблема - кадрлық әлеуеттің жетіспеушілігі. Өйткені мұндай балаларды жедел емдеуді жүргізу үшін жоғары кәсібилік, жауапкершілік және жанқиярлық талап етіледі. Бұл ретте жалақыны, өкінішке қарай, дәрігерлердің еңбегімен салыстыруға келмейді.
- Әрине, жоғары технологиялық жабдықтар - бұл дер кезінде диагностикалау үшін де, табысты емдеу үшін де өте маңызды құрамдас бөлік. Бірақ операцияның табысы, демек сәбидің болашақ денсаулығы тек дәрігердің кәсібилігіне байланысты. Бұл саланың мамандары көбейгеніне қуаныштымын, алайда мұндай патологиясы бар балалар да көбейді. Әрбір дәрігер ретинопатияны емдеумен айналыса алмайды, өйткені мұндай балалармен жұмыс істеуге жан дүниесін салу керек және әрбір жағдай өзінше жеке болады.
Медицина ғылымдарының кандидаты Әсел Үсенбайқызы Шәріпованың пікірінше, ретинопатияны емдеу мәселесін шешуде көптеген перинаталдық және неонаталдық медицина мамандарының жұмысын қамтитын мультидиспинарлық тәсіл сақталуы тиіс.
- Бұл ерте босанудың алдын алу, жүкті әйелдер мен олардың отбасы мүшелерін психологиялық даярлау және кішкентай пациенттерге тиімді және жоғары сараланған күтім жасау. Сондай-ақ ретинопатияның ауырлығына әсер ететін басқа да патологиялық жағдайларды дер кезінде диагностикалау және емдеу.
2020 жылы 1076 жаңа туған нәрестеге ретинопатия диагнозы қойылған. Бұл ауру бүкіл әлемдегі сәбилердің мүгедектік себептерінің құрылымында алдыңғы орындардың бірінде тұр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Хамитқызы Ембергенованың айтуынша, балалардың денсаулығын сақтау және мүгедектікті азайту мәселелері ерекше бақылауға алынған.
- Қазақстанда 2022 жылдың бірінші қаңтарында түрлі аурулар бойынша 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 98 мыңнан асты. Өте шала туған нәрестелерге келетін болсақ, 2011-2020 жылдар аралығында мұндай балалардың өмір сүруі 1,5 есеге өсті. Ең маңыздысы - уақтылы ерте диагностика мұқият офтальмологиялық скрининг жағдайында табысты, бұл соқырлық пен нашар көрудің алдын алудың негізі болып табылады. Біз жаңа туған нәрестелердің зат алмасу, есту және көру ауруларына, олардың психофизикалық дамуына талдау жүргіземіз. Скринингтің арқасында бізде тәуекел тобындағы шала туған балалардың 96,5% қамтылды. Жедел емдеу, өкінішке қарай, тек 30 пайыз жағдайда жүргізілді. Бүгінде перинаталдық орталықтарды диагностикалық және хирургиялық жабдықтармен жеткіліксіз жабдықтау мәселесі өзекті болып қалуда, бұл сапалы скрининг жүргізуге және шала туған балаларды уақтылы емдеуге әсер етеді. Қордың арқасында жабдықтар мәселесі біртіндеп шешілуде. Бұл қордың қолдауы өте маңызды, өйткені өңірлік перинаталдық орталықтарға AYALA қоятын аппараттар шала туған балалар арасында мүгедектікті айтарлықтай азайтуға көмектеседі.
Дәрігерлердің пікірінше, AYALA Қайырымдылық қорының балалар өлімі мен мүгедектігін азайтуға қосқан үлесіне баға жетпейді. 15 жыл ішінде қор қойған құрал-жабдықтардың арқасында 200 мыңнан астам бала құтқарылды. Балалар мүгедектігін азайту үшін шала туған балалардың ретинопатиясынан жиналған қаражатқа 2022 жылы қор көз торын коагуляциялауға арналған төрт лазерлік қондырғы мен 12 офтальмоскоп сатып алды. Ретиналды педиатриялық камераларды сатып алу үшін демеушілер іздестіру бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде.
Бірақ AYALA тек медициналық жабдықты орнатумен ғана шектелмейді. Қор үнемі балалар мүгедектігін азайтудың неғұрлым тиімді әдістемелерін іздестіруде. Ретинопатияға қатысты ахуал да солай болды. Қазіргі уақытта Қазақстанда шала туған нәрестелердің ретинопатиясын емдеудің негізгі әдісі көздің тамырсыз торының лазерлік коагуляциясы болып табылады. Алайда ретинопатияның агрессивті және аяқасты формалары кезінде оңтайлы емдеуді таңдау әдісі шыны тәрізді дене қуысына ангиогенез ингибиторларын интравитреалды енгізу болып табылады. Мұндай әдіс кезінде перифериялық көз торы зақымдалмайды және көптеген жағдайларда оның қалыпты васкулярлануы жалғасады.
Алайда Қазақстанда бекітілген әлемдік ұсыныстарға байланысты дәрігерлерге ретинопатияның агрессивті нысандарын жаңа әдістермен тиімді емдеуге мүмкіндік беретін бекітілген Хаттама әлі де жоқ. Жағдайды түзету үшін қор ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірқатар кездесулер өткізіп, ретинопатияның агрессивті түрлерін көз торы лазерлік коагуляциясының тиімді баламасы ретінде емдеудің жаңа әдісін іске қосудың маңыздылығына назар аударды. 2021 жылғы қарашадан бастап 2022 жылғы наурызға дейін Хаттама жаңартылды және Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы деңгейінде келісілді. Қазір ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Медициналық қызмет көрсету сапасы жөніндегі біріккен комиссияның қарауында. Жыл соңына дейін құжат келісудің барлық кезеңдерінен өтеді және жүздеген қазақстандық бала біздің елден шықпай-ақ көзін сақтап қалуға мүмкіндік алады деген үміт бар.