Валюта болжамы: 1 мамыр – 5 мамыр

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel  оқырмандарға алдағы аптаға (1-5 мамыр аралығына) теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады 

«Қатпарлы мұнай «қара алтын» бағасының өсуіне кедергі болып отыр, сарапшылардың пікірінше, оның құны одан әрі төмендей береді. Мұндай үрдіске АҚШ пен Ливияда мұнай өндірісінің артуы себеп болды,бұл «қара алтын» нарығын тепе-теңдікте сақтау үшін қолданылып жатқан шараларды жоққа шығарып отыр. Алдағы аптада АҚШ ФРЖ-ның базалық мөлшерлеме туралы шешімі шығады, бұл да мұнай бағасына әсер етпей қоймайды. Ал Ресейдің Орталық банкі жұма күні негізгі мөлшерлемені 50 базистік тармаққа төмендетіп, жылына 9,25%-ға жеткізді. Рубль бұл кезде сәл әлсірегенмен, аз уақытта америкалық долларға қатысты нығайып, инвесторлардың сенімін ақтады. Алайда РФ президенті Владимир Путиннің ресейлік ұлттық валютаны әлсіретудің нарықтық құралдарын іздестіру қажеттілігі туралы ауызша мәлімдемелері оның әлсіреуіне әкеле ме, жоқ па, түсініксіз. ойыншылардың пікірін төмендегі abctv.kz дайындаған сарапшылардың сауалнамасынан толығырақ біле аласыздар».

Наталья Мильчакова,  «Альпари» сараптама департаменті директорының орынбасары:

1 мамыр – 5 мамырМұнай бағасының ақырын өсіп келе жатқанына қарамастан, Қазақстанда теңгенің долларға қатысты бағамы біршама төмендеді. Қазақстан үшін жақсы жаңалық болған өткен жылдың күзінде пайдалануға берілген Қашаған кен орнының алғашқы табыс әкеле бастауы теңге бағамының төмендеуіне себеп болуы мүмкін (кен орнының қоры 38 млрд баррель мұнайды құрайды). Осылайша келешегі бар жаңа кен орнының  пайда әкеле бастауы Қазақстан үшін бұдан әрі МЭЕҰ мен тәуелсіз өндірушілердің мұнай өндіруді қысқарту туралы келісіміне қатысу тиімсіз екенін көрсетті. Ал бұл мұнай бағасының өсуін кешеуілдетіп, теңгені әлсіретуі мүмкін. Теңгенің долларға қатысты бағамы бойынша болжамымызды бір долларға 311-313 теңге деңгейінде сақталады. 

Анна Бодрова, «Альпари» компаниясының бас сарапшысы:

1 мамыр – 5 мамырҚазақстан теңгесі апта соңында ресейлік рубльге қатысты төмендеді. Рубльдің орташа есептелген бағамы жұма күні 5,52 теңгені құрады. Бірінші мамыр Қазақстанда демалыс күні, биржа жұмыс істемейді. Сауда-саттыққа инвесторлар сейсенбі күні кіріседі. Жұмыс аптасы қысқа болатынын ескерсек, сейсенбі мен сәрсенбі күндері белсенділік артып, апта соңына қарай бәсеңдейді деп күтілуде. Рубль/теңге жұбының ықтимал қозғалыс диапазоны 5,50-5,62 құрайды. 

 

 

Сергей  Полыгалов, TeleTrade Central Asia сараптамалық тобының басшысы:

1 мамыр – 5 мамырҚазақстан теңгесі апта бойы АҚШ доллары мен ресейлік рубльге қатысты орнын нық ұстап тұрды. Бұған дейін болжалғандай, мұнайдың арзандауына байланысты ұлттық валюта бір америкалық долларға 313-315 теңге және бір ресейлік рубльге 5,45,6 теңге шегінде сақталып тұрды.

Алдағы аптада теңгенің бағамы ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлеме туралы шешімі, әлемдік нарықтағы мұнай бағасы және РФ ОБ-ның пайыздық мөлшерлеме туралы шешіміне байланысты қалыптасады.

2017 жылдың 2-3 мамырында Ашық нарық жөніндегі федералды комитеттің (АНФК) кезекті отырысы өтпек. Отырыста несие-ақша саясатына қатысты мәселелер талқыланады. ФРЖ өкілдері экономика мен еңбек нарығындағы тұрақсыз жағдайға және жеткіліксіз инфляциялық өсімге байланысты несие-ақша саясатын күшейтпеу туралы шешім қабылдайды деп күтілуде.

Есек сала кетсек, сәуір айының басында жарияланған АҚШ еңбек нарығы жөніндегі мәлімет жағымсыз болды. NFP индикаторы көрсеткендей, наурыз айында бар болғаны 98 мың жұмыс орны ашылды. Бұл соңғы 10 айдағы ең төменді көрсеткіш. Дональд Трамптың экономиканы ынталандырып, жаңа жұмыс орындарын ашу туралы айтқан мәлімдемелерін ескерсек, мұндай жағдайдың орын алуы түсініксіз.

Инфляцияның да жағдайы мәз емес. Жыл басында 2,1%-дан 2,7%-ға өскеннен соң сәуір айында индикатор 0,3%-ға төмендегенін көрсетті, бұл жайт ФРЖ монетарық саясатты тым қаталдандырып жібермеді ме деген сұрақ тудырады.

Жұма, 28 сәуірде АҚШ-тың 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы ЖІӨ туралы мәлімет жарияланады. Сарапшылардың болжамы мәз емес. Экономика өсімінің жылдамдығы 2016 жылдың төртінші тоқсанындағы көрсеткіштен 1,1%-ға төмендеп, 1%-ды құрайды деп күтілуде.

Американың реттеушісі пайыздық мөлшерлемені өзгерту туралы шешім қабылдауда иек артып отырған үш негізгі фактордың жағдайы көмескі.  Осыған орай мамыр айының отырысында реттеушінің әрекеті де ұстамды болады деуге негіз бар. Осының барлығы түптеп келгенде АҚШ долларына қысым көрсетуі мүмкін.

Мұнай долларға қолдау көрсетуі мүмкін. Өткен аптаның ішінде «қара алтын» бағасы 1 долларға төмендеп, бөшкесіне 52 долларды құрады. Бейсенбі, 27 сәуір күні өткен сауда-саттықта, баға тіпті барреліне 51 долларға дейін төмендеді.

Мұнай ұсынысының шектен тыс көп болуы, АҚШ-тағы мұнай өндірісінің үдеуі (бүгінде тәулігіне 9,2 млн баррель өндіріліп жатыр), МЭЕҰ+ әлемдік нарықтағы мұнай бағасын ұстап тұрады дегенге нарық қатысушыларының сенімсіздігі, сондай-ақ Ливияның Шарара кен орнында мұнай өндірісінің артуына байланысты келесі аптада мұнай 50-53 доллар шегінде (кей кездері  48 долларға дейін төмендеуі) саудалануы әбден мүмкін.

Қазіргі жағдайда мұнайдың жайы мәз емес. Бағам мен мұнай нарығына әсер еткен ФРЖ әрекетінің арқасында доллар бағамы тұрақталуы мүмкін. USD/KZT жұбы бойынша біздің болжамымыз бір АҚШ долларына 311-316 теңгені құрайды.

Ал Ресей валютасы келер аптада арзандай бастауы мүмкін (процес басталып кетті). Рубльдің әлсіреуінің себептері мынадай:

- салық кезеңі аяқталды. ҚҚС, акциздер мен табыс салығын төлеу үшін экспорттаушы компаниялар рубльді сатып алып жатты, бұл оны жоғары деңгейде ұстап тұрды;

- РФ билігі ұлттық валютаны әлсіреткісі келетіні туралы президент Владимир Путиннің тұспалды сөзі. Нақтырақ айтсақ, Путин «үкімет рубльдің тұрақтылығын сақтау үшін оған әсер ететін «нарықтық шараларды» іздестіріп жатқанын айтты.

- жұма, 28 сәуірде РФ ОБ монетарлық саясат жөніндегі кезекті отырысы өтті. Ресейдің реттеушісі пайыздық мөлшерлемені классикалық 25 базистік тармаққа емес, 50 тармаққа төмендетіп, жылына 9,25% көрсеткішіне жеткізді.

Осы факторлардың бәрі ресейлік валюта бағамын бір АҚШ долларына 59-60 рубль деңгейіне жеткізуі мүмкін. Осындай оқиға орын алса RUB/KZT жұбында бағам 5,3-5,45 теңге шамасында қалыптасуы мүмкін.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің бастығы:

1 мамыр – 5 мамырОсы аптада мұнай бағасының жағымсыз динамикасы мен АҚШ доллары индексінің өсуінен рубль әлсіреді. Осыған байланысты Ресей Федерациясының президенті рубль бағамына әсер ететін жаңа құралдарды табу қажет екенін атап кетті. Мөлшерлеменің төмендеуі бұған дейін де нарықта болған жағдай, бұл рубльдің кэрри трейдер үшін тартымдылығын жоғалтуға әкеп соқпайды, қазіргі уақытта мұнай нарығы динамикасы үлкен рөл атқарып отыр.  Алдағы аптада мұнай нарығының жағымсыз динамикасы мен мамыр айындағы мерекелер есебінен рубль тағы да әлсірейді деп болжануда. Осы аптадағы KZT/ RUB  жұбының ауқымы  5,50-5,55 теңге, USD/KZT жұбы бойынша 313-316 теңге.

Әли Сағындықов, «Евразийский Капитал» АҚ сарапшысы:

1 мамыр – 5 мамырТаяу Шығыстағы  шиеленіс күрт асқынып кетпесе, Brent маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін 51 долларға дейін түсуі мүмкін. Өйткені АҚШ-та мұнай өндіру көлемі мен қор деңгейінің арту үрдісі сақталып отыр. Нарыққа қатысушылардың МЭЕҰ-нің өндіруді шектеу туралы келісімшартты ұзартуы жағдайды уақытша ұстап тұруға сеп болғанмен, бағаның құлдырауын ұстап қала алмайды.   

Мұнайдың  арзандауы, сондай-ақ РФ ОБ мөлшерлемесінің төмендеуі рубльді әлсіретеді. Мұнымен қатар Ресейде салық кезеңі аяқталуда, бұл да рульдің төмендеуіне әсер етеді. Осыған орай рубльдің долларға арақатысы 57-59 шегінде болады деп ойлаймыз. Рубльмен қоса, теңге де әлсірейді, доллар/теңге жұбы бойынша 313-316 теңге шегін болжаймыз. Рубль/теңге жұбы бойынша болданып отырған ауқым 5,40-5,60 теңге.

Евгений Чекай,  «АНАЛИТИКА Онлайн Казахстан» компаниясының бас қаржылық сарапшысы:
1 мамыр – 5 мамырМұнай бағасының және рубльдің түсуінен кейін теңгенің де әлсіреуі болады деп ойламыз. Мен бұрынғыша теңге әлсірейді де таяу арада бір доллар бағасы 31-317 теңге болады деп ойлаймын.

Ресейдің Орталық банкі «үш қоянды бір оқпен атып», яғни рубльді төмендетіп, carry trade-ні көтеріп, лобби қысымынан құтылуы керек. Сонымен бірге мұнай бағасы жергілікті шектерді жаңартуда. МЭЕҰ келісімін ұзартудағы сәтсіздік бағаның түсуіне әкелуі мүмкін, одан кейінгі келісімді ұзарту баға белгілеуді орташа мерзімді шекке шығару-шығармасы неғайбыл. Келесі апта бойына бір рубль бағасы 5,3-5,4 теңге болады.

Ерлан Қойшыбаев,   Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:

1 мамыр – 5 мамырОсы аптада америкалық доллар бағасына әсер ететіндей жағдай болған жоқ. Бірақ қазақстандық теңгенің әлсіреуіне әкелетін үрдістер байқалды, бұл мұнай бағасының біршама түсуіне байланысты болуы мүмкін. Сондықтан бір доллар бағасы 312-318 теңге мөлшерінде болады.

Ресейлік рубльдің шектен тыс нығаюы туралы пікірдің пайда болуы айырбастау бағамына әсер етуі мүмкін. Осы аптадағы болжам бір рубль үшін 5,3-5,6 теңге.

 

Дмитрий Лукашов,  IFC Markets сарапшысы:

1 мамыр – 5 мамырРФ ОБ негізгі мөлшерлемені 9,75%-дан бірден 9,25%-ға түсіріп, 0,5% жасады. Ресей үкіметінің экономикалық блогының  қазіргі мүшелерінің барлығы және бұрынғы қаржы министрі  Алексей Кудрин осы шешімді дұрыс деп тапты. Ресейдегі мөлшерлеменің төмендеуі теңге бағамының төмендеуіне әсер етеді деп ойлаймын. Оның құбылмалық ауқымы осы аптада 311-317 теңге болуы мүмкін. Америка президентінің экономикалық реформаларды толық  жариялауынан америкалық доллар әлемдік нарықта нығая бастады.

 

Богдан Зварич,  «ФИНАМ» компаниясы тобының сарапшысы:

1 мамыр – 5 мамырБіздің ойымызша, энергия тасымалдау нарығындағы динамика алдағы аптада теңге қозғалысы үшін негізгі фактор болады. Алайда апта бойына әртүрлі жоғары тәуекелді активтермен айналысатын инвесторлардың көңіл-күйіне әсер ететін  АҚШ жаңалықтарын да атап кеткен жөн. Бізді алдағы уақытта маңызды макроэкономикалық статистика күтіп тұр. Ең басты оқиға 3 мамыр күні жарияланатын ФҚЖ-ның мөлшерлеме бойынша шешімі. Осы отырысты реттеуші мөлшерлемені одан әрі көтеруі екіталай. Бірақ та ол ақша-несие саясаты бойынша одан әрі не істеу керектігіне бағдар беруі мүмкін.

Қазіргі қалыптасқан жағдайда доллардың теңге қатысты топтасуы болады да, нәтижесінде америкалық валюта  аптаны 313 теңге мөлшерінде аяқтайды деп ойлаймыз. Ал рубль өз позициясын сақтап 5,52 теңге болады. 

1 мамыр – 5 мамыр

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу