Валюта болжамы: 1 сәуір – 5 сәуірге арналған валюта болжамы

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
377,794

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
30.3.2019
378,85-379,50
ГК «ФИНАМ»
30.3.2019
377-382
Астана-Инвест
30.3.2019
370-377
IFC Markets
30.3.2019
375-383
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,834

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
30.3.2019
5,70-5,97
ГК «ФИНАМ»
30.3.2019
5,7-6
Астана-Инвест
30.3.2019
5,75-5,9
IFC Markets
30.3.2019
5,76-5,89
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
425,694

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
30.3.2019
426,80-427,75
ГК «ФИНАМ»
30.3.2019
427-431
Астана-Инвест
30.3.2019
415-425
IFC Markets
30.3.2019
422-431
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
30.3.2019
ГК «ФИНАМ»
30.3.2019
Астана-Инвест
30.3.2019
IFC Markets
30.3.2019

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (1 сәуір – 5 сәуір). ​

1 сәуір – 5 сәуірге арналған валюта болжамы

 

25 наурыз – 29 наурызға арналған валюта болжамы

 

 

Наурыз айының соңғы аптасы теңге бағамын қалыптастыру үшін бірнеше маңызды фактормен есте қалды. Іnbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар өз болжамдарында АҚШ долларының негізгі әлемдік валюталарға қатысты бағамы нығайғанын атап кетті. Бұл триггерді «Альпари», «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ, IFC Markets компанияларының сарапшылары атап өтті. Америка валютасы индексінің өсу себептерінің бірі деп сарапшылар нарықта АҚШ қазынашылық облигацияларының тұрақталуын атап отыр («Альпари», «ФИНАМ»).

Валюта нарығына әсер ететін тағы бір үйреншікті фактор энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай. Сарапшылар Штаттардағы мұнай қоры туралы мәліметтер мен басқа да факторлар әсерінен Brent маркалы мұнай баррелі құнының төмендеуіне назар аударды.

Алдағы аптада теңге бағамын қалыптастыруға негіз болатын басқа да триггерлер ішінен сарапшылар Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда келіссөздеріндегі ілгерілеуді («ФИНАМ»), Қытай қор нарығының өсуін, Қазақстандағы биліктің ауысуын («Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ), Ұлттық банк басшысының мәлімдемесін (IFC Markets) атап кетті.

Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

 

Анна Бодрова, «Альпари» компаниясынң аға сарапшысы:

1 сәуір – 5 сәуірге арналған валюта болжамыТеңгеге қарсы екі фактор бар: ол – доллардың әлемдік валюта нарығында айтарлықтай нығаюы және мұнай котировкаларының төмендеуі. Долларға қатысты жағдай түсінікті, америка доллары АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік облигациялары кірістілігінің өсуі есебінен күшіне мініп отыр. Ал мұнай бағасы Штаттардағы мұнай қоры жайлы жаңа мәліметтер шыққаннан кейін төмендеді.

Бейсенбі күні таңғы саудада доллар 379 теңгеден асып түсіп, шамамен 379,24 теңге болып қымбатқа саудаланды. Ел ішіндегі жаңалықтар айырбас пунктеріндегі америка валютасы бағамының өсіп жатқанын көрсетеді, доллардың құны 380 теңге тіпті кейде одан да жоғары. Бұл уақытша құбылмалық деу керек.

Алда сәуір, бұл ай жаңалықтарға толы болуы мүмкін, оның ішінде мұнай секторына қатысты жаңалықтар болмақ. Алдағы айдағы болжам: доллар/теңге – 375-380,00, еуро/тенге – 422-430, рубль/теңге – 5,70-5,97. Ал қысқамерзімді шама біршама тұрақты: доллар — 378,85-379,50 теңге, еуро – 426,80-427,75 теңге.

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:  

1 сәуір – 5 сәуірге арналған валюта болжамыАмерика биржа алаңдары Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда келіссөздерінің кезекті раундын күтумен бейсенбі күні өсім көрсетті.

S&P 500 индексінің фьючерсі 0,36%-ға өсіп, сауданы 2815,44 көрсеткішімен жапты. Өндірістік Dow Jones индексі 0,36% қосып, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 0,34%-ға өсті. 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі бір базистік көрсеткішке 2,38 %-ге дейін өсті. Дамушы нарықтардың MSCI индексі 0,2%-ға көтерілді.

АҚШ қазынашылық облигациялар нарығындағы тұрақтану мен Қытайдың сауда мәселелері бойынша едәуір келісімге келуі жаһандық нарықтарға тағы жағымды көңіл күй сыйлады. Reuters дереккөзінің хабаралауынша, Бейжің бірқатар мәселе бойынша теңдесі жоқ ұсыныс жасады.

Жұма күні министрлер кабинеті деңгейіндегі Америка делегациясы Аспан асты елінің астанасында қытай әріптестерімен сауда келіссөзін қайта жандындырды.

Өткен сауда қорытындысы бойынша Brent мұнай котировкасы 0,21%-ға өсіп, сауданы 68,03 доллар шамасында жапты.

Жақында шыққан АҚШ энергетика министрлігінің жағымсыз мәліметтері мен Трамптың кезекті твиттінен кейін ойыншылар «қысқа» позицияларды жауып, америкалық биржа индикаторларының қайта қалыпқа келуші котировкаларына мән бере бастады.

Brent фьючерстік келісімшарты екінші апта қатарынан кең ауқымда 66,50-68,20 доллар шамасында саудалануда және әзірге 68,50 доллар шамасына жете алмай отыр.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,7-6 теңге, долларға қатысты бағамы 377-382 теңге және еуроға қатысты бағамы 427-431 теңге болады деп болжап отырмыз.

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:  

1 сәуір – 5 сәуірге арналған валюта болжамыМұнай бағасы шамалы болса да өсті, ал рубльдің долларға шаққандағы бағамы нығайды. Қытайдың қор нарығы өсіп жатыр. Тіпті доллардың әлемдік валюта нарығында нығайғаны да рубльге әсер ете алмады. Ал теңгеге не болды? Менің ойымша, мұның бір ғана себебі бар. Халықтың жартысы билікте болған өзгерістен қорқып, долларды белсенді сатып алып жатқанға ұқсайды. Сондықтан теңге/доллар бағамы сөзсіз жоғары болып отыр. Менің айтар кеңесім, теңге/рубль бағамы теңгенің бір рубль үшін 5,4-5,6 деңгейіне жеткенге дейін долларды сатып жіберу керек.

Алдағы аптада бір АҚШ доллары 64-65,5 рубль, бір рубль 5,75-5,9 теңге, бір доллар 370-377 теңге, бір еуро 415-425 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 67-69 доллар, бір биткойн 4000-4500 доллар болады деп болжап отырмын

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

1 сәуір – 5 сәуірге арналған валюта болжамыӨткен аптада теңгенің Ресей рубліне қатысты бағамы нығайды. Бұған Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаевтың банк базалық мөлшерлеме деңгейін 3-3,5% шамасында ұстауға тырысады дегені себеп болған болу керек. Алайда егер инфляция шамадан тыс өсетін болса, онда Ұлттық банк мөлшерлемені қосымша арттыруы мүмкін.

Еске салар болсақ, қазір мөлшерлеме деңгейі 9,25%-ға тең, ал Қазақстандағы инфляция жылдық көрсеткіште 4,8%. Осылайша, нақты көрсеткіште оң мөлшерлеме тіпті Ұлттық банктің қалап отырған деңгейінен де асып кетіп, қазір 4,45%-ды (9,25-4,8) құрап отыр. Ұлттық банк басшысының мәлімдемесінен кейін, мұндай позитив алдағы уақытта да сақталатын болады.

Ресейде оң мөлшерлеме нақты көрсеткіште біршама төмен (2,55%), өйткені Ресей ОБ-сының мөлшерлемесі инфляция жылдық 5,2% болғанда 7,75%-ға тең болып отыр. Менің ойымша, мұндай айырмашылық теңгенің рубльге қатысты бағамын нығайтуға тиіс. Бұған қоса Ресейге қарсы батыстың жаңа санкциялар енгізу қаупі бар, ал бұл рубль үшін жағамсыз фактор екені анық.

Қазақстан теңгесінің АҚШ долларына қатысты бағамы шамалы әлсіреу көрсетті, ал еуроға шаққандағы бағамы нығайды. Менің ойымша, бұған доллардың әлемдік валюта нарығында нығаюы, сонымен қатар еуроның әлсіреуі негізгі фактор болып отыр.

Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,7-5,89 теңге, бір доллар үшін 375-383 теңге, бір еуро 424-431 теңге болады деп болжап отырмыз.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу