Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
29.6.2019 |
378-383 |
ГК «ФИНАМ»
29.6.2019 |
378-383 |
Астана-Инвест
29.6.2019 |
378-383 |
DAMU Capital Management
29.6.2019 |
378-382 |
Forex Club
29.6.2019 |
379-380 |
IFC Markets
29.6.2019 |
376-385 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
29.6.2019 |
6,01-6,07 |
ГК «ФИНАМ»
29.6.2019 |
5,8-6 |
Астана-Инвест
29.6.2019 |
5,8-6,0 |
DAMU Capital Management
29.6.2019 |
5,95-6,10 |
Forex Club
29.6.2019 |
5,9-6 |
IFC Markets
29.6.2019 |
6,1-6 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
29.6.2019 |
430-434 |
ГК «ФИНАМ»
29.6.2019 |
427-432 |
Астана-Инвест
29.6.2019 |
430-435 |
DAMU Capital Management
29.6.2019 |
430-435 |
Forex Club
29.6.2019 |
430-431 |
IFC Markets
29.6.2019 |
426-436 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
29.6.2019 |
|
ГК «ФИНАМ»
29.6.2019 |
|
Астана-Инвест
29.6.2019 |
|
DAMU Capital Management
29.6.2019 |
|
Forex Club
29.6.2019 |
|
IFC Markets
29.6.2019 |
Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (1 шілде – 5 шілде).
24 маусым – 28 маусымға арналған валюта болжамы
Жарты жылдықты қорытындылауда екі басты оқиға назарда болып отыр. Біріншіден, inbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылардың басты назары Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан G-20 саммитіде, оның ішінде АҚШ пен Қытай басшыларының саммит барысында өтуге тиіс келіссөздерінде болып отыр («Альпари», «ФИНАМ» КТ, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ, «DAMU Capital Management» ЖШС, Forex Club).
Екіншіден, сарапшылар алдағы болатын ОПЕК саммитін, оның қорытындысының мұнай котировкасына әсер ететінін атап кетті («ФИНАМ» КТ, «DAMU Capital Management» ЖШС, Forex Club). Біздің сауалнамаға қатысқан сарапшының барлығы жалпы энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайға тоқталды.
Сарапшылар алдағы аптада теңге бағамын қалыптастыруға әсер ететін басқа да факторлар ішінен теңгенің ресейлік рубльге шаққандағы бағамының айтарлықтай әлсірегенін («DAMU Capital Management» ЖШС, Forex Club, IFC Markets), елдегі кредиттік рақымшылықты (Forex Club, IFC Markets), әлемдік инвесторлардың тәуекелге деген қатынасын және басқа да триггерлерді атап өтті.
Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz.әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Анна Бодрова, «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталықтың аға сарапшысы:
Алдағы аптада теңге бағамының қандай болатынына әлемдік инвесторлардың тәуекелге деген қатынасы әсер ететін болады. Ал бұл дүйсенбі күні, инвесторлар G-20 саммитінен жаңалықты толық алған кезде ғана белгілі болады. Әзірге ақпарат көп емес.
Сондай-ақ мұнай бағасына да мән берген жөн, бірақ та әзірге бұл жерде де бәрі бірқалыпты, Brent-тің баррелі 65 доллардан саудаланып жатыр.
Алдағы аптада АҚШ доллары 378-383 теңге, еуровалюта – 430-434 теңге, рубль – 6,01-6,07 теңге шамасында саудаланатын болады.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Осы демалыста инвесторлар «үлкен жиырмалық» саммитінің барысын жіті назарда ұстайтын болады. Өйткені саммит барысында АҚШ пен Қытай басшылары әлемдік екі ірі экономика арасындағы сауда қақтығыстарының түйінін тағы да шешуге тырысатын болады. Егер Вашингтон мен Бейжің бір келісімге келетін болса, онда ол жаһандық қаржы нарықтарындағы жағымды жағдайды ұстап тұруға сеп болады.
Шикізат нарығына қолдау мұнай картелінен болуы мүмкін. 1-2 шілдеде ОПЕК-тің кезекті саммиті өтеді. Саммит барысында мұнай өндіруге қатысты келісім биылғы жылдың соңына дейін ұзартылуы мүмкін, ал бұл Brent фьючерстік келісімшарт бағасын 69-71 долларға дейін өсіруі ғажап емес.
Біз келесі аптада теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы, яғни рубль үшін 5,8-6 теңге, доллар үшін 378-383 теңге, еуро 427-432 теңге және юань үшін 54,8-55,65 теңге шамасында болады деп отырмыз.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Дүйсенбі G-20 саммитінен жаңалықтар шығады. Саммиттегі басты оқиға – АҚШ пен Қытай басшыларының кездесуі. Егер сауда мәселелері бойынша жағымды жаңалықтар шығатын болса, онда мұнай бағасы өсіп, бұл рубльге жақсы әсер ететін болады. Сондай-ақ теңге бағамына да жақсы әсер ету керек. Алайда соңғы уақытта біздің теңге өзінше бөлек әлемде өмір сүруде, оған мұнай бағасының өсуі мен рубльдің нығаюы ықпал етіп жатқан жоқ.
Барлығы бағам жоғары деп есептейді, алайда халықтың америкалық валютаға деген сұранысы теңгенің нығаюына мүмкіндік бермей отыр. Алдағы аптада да теңге қазіргі шамада саудаланатын болады.
Алдағы аптада бір АҚШ доллары 62-64 рубль , бір рубль 5,8-6,0 теңге, бір доллар 378-383 теңге, бір еуро 430-435 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 66-68 доллар болады деп отырмын.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Валюта нарығы өзінің қалыпты жағдайына қайтып оралуда, теңгенің нығаюы тоқтатылды. Ұлттық банк өз резервін еш интервенция жасамай-ақ толықтырып жатқанға ұқсайды. Осы арқылы реттеуші әзірге теңгенің долларға шаққандағы бағамының нығаюына жол бермейтінін сездіргендей. Сонымен қатар ресейлік рубль де мұнайдың ізін шала қымбаттап барады, Ұлттық банк теңге бағамын ұстап тұрғандықтан теңгенің рубльге қатысты бағамы әлсіреуде. Ұлттық банк теңгенің рубльге тәуелді емес екенін көрсеткісі келетін сияқты. Реттеуші теңгенің рубльге қатысты бағамы нығайғаннан гөрі әлсірегені дұрыс деп есептейді, өйткені Ұлттық банк нарықтар Ресейге қарсы санкциялар күшеюін басты назарда ұстанғанда теңгені рубльге байлап қойған болатын.
Жалпы сайлауға дейін болған 378-382 теңге шамасындағы дәліз тағы байқалуда. Соған қарағанда, Ұлттық банк пен үкімет үшін қазіргі бағам қолайлы сияқты. Бұл жерде мұнай бағасын да естен шығармаған дұрыс, егер ол төмендейтін болса, онда онсыз да әлсіреп болған теңге аса өзгере қоймайды деуге болалы. Ал егер мұнай қымбаттайтын болса, онда Ұлттық банк теңгені нығайтуға күш салуы мүмкін. Мұнайдың бір баррелі 70 доллар болатын болса, теңгенің долларға шаққандағы бағамы 370-375 теңгеге нығайып, ал 75 доллар болса, 360-370 теңге болуы мүмкін. Мұнай нарығындағы басты мәселе – ОПЕК келісімін созу болып қала бермек.
Сондай-ақ алдағы аптада G-20 саммитінің қорытындысы да нарыққа әсер ететін болады. АҚШ пен Қытай арасындағы келіссөздер жаңалық болатынға ұқсамайды, алайда келіссөздерді қайта жандандыру мен алдағы уақытта кездесу туралы уағдаластықтың өзін нарық жақсы қабылдайтын болады. Ол Азия қор нарықтарында және юань бағамында көрініс табады, сонымен қатар шикізат нарығына демеу болады.
Доллар әлемдік нарықтарда тұрақты болып қалды, оған АҚШ ІЖӨ-сінің бірінші тоқсанда өсуі туралы мәлімет әсер етті. Алдағы аптада шығатын АҚШ-тағы жұмыссыздық туралы мәліметтер ІЖӨ динамикасын нақтылау керек. Мұның барлығы әлемдік экономикадағы ірі құлдырау жайлы айту ерте екенін көрсетеді. Сауда соғысы АҚШ-қа қарағанда ҚХР-да қатты байқалуда, сондықтан келісім алдағы айда жасалуға тиіс.
Еуроның алдағы уақытта әлсіреуіне инфляция себеп болуы мүмкін, қазірдің өзінде ол 1,1%-ға дейін кетті.
Қытайда сейсенбі күні Caixin Services индексі бойынша мәліметтер шығады, ол сауда соғысының қызмет көрсету саласына қалай әсер етіп жатқанын көрсетеді, өйткені өндірістік сектор бұған дейін әлсіреу көрсеткен болатын.
Негізгі валюталар бойынша яғни доллар 378-382 теңге, еуро – 430-435 теңге, рубль 5,95-6,10 теңге, юань 55-56 теңге болады деп отырмыз.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Жұма күні теңгенің рубльге қатысты бағамы 6,06 көрсеткішінен төмендеп, өзінің тарихи шегін жаңартты. Сонымен қатар доллар мен еуроға қатысты бағамы да айтарлықтай шығын көрсетті.
Қазақстандық валюта бағамының мұндай көрсеткіш көрсетуіне мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі негіз болды. Қара алтын нарығы АҚШ пен Қытай басшыларының кездесуіне қатысты тұрақсыздық қысымының астында, сондай-ақ ОПЕК елдері өкілдері мен ОПЕК отырысын күтуден болған белгісіздік астында қалды.
Бұған қоса Қазақстан билігі елдің аз қамтылған адамдарының шағын несиелерін төлеуге 276 млн доллар бөледі деген жаңалық нарық үшін тосын жағдай болды.
Егер 29 маусым күнгі G-20 саммитінде америкалық және қытайлық тарап сауда қақытығыстарына қатысты бір шешімге келер болса, мұнай бағасы тағы жоғары өрлейді. Бұл теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамына қолдау болмақ.
Егер жағдай осылайша өрбитін болса, онда алдағы аптада бір доллар 379-380 теңге, бір еуро 430-431теңге, бір рубль 5,9-6 теңге, юань 55,1-55,2 теңге болады деп күту керек.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің басқа валюталарға қатысты бағамы әлсіреу көрсеткенін байқадық. Бір айта кетерлігі, рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы 1998 жылдан бергі шегін жаңартты. Қазақстандық теңгенің жағымсыз динамикасына мұнайдың әлемдік бағасының өсуі мен АҚШ доллары индексінің төмен деңгейі әсер етті. Теңгенің әлсіреуіне ішкі факторлар әсер етті десе болады. Біріншіден, бұл Қазақстанның жалпы халықаралық қорының қалыпқа келу қарқынының төмендігі. Мамыр айында олар тек 5,5%-ға, 28 млрд доллар ғана болған. Осылайша, жалпы қор жыл басындағы көрсеткішінен 9,3%-ға төмен болды. Бұл ретте ЕКВ резерві жыл басынан бері төрт есе төмендеген.
Осындай жағдайда теңге бағамы үшін халықтың кредиттерін кешіру қосымша жағымсыз фактор болуы мүмкін. Дегенмен валюта бағамының әлсіреуі уақытша ғана болуы мүмкін деп ойлаймын.
Алдағы аптада құбылмалық диапазоны бір рубль үшін 6,1-6 теңге, доллар үшін 376-385 теңге, еуро 426-436 теңге болады деп отырмыз.