Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға (10-14 шілде аралығына) теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.
Валюта бағамын белгілейтін жалғыз фактор болып отырған мұнай бағасы өткен аптада біршама нығайғанмен де бір баррель үшін 50 доллар шамасынан аса алмады. Бұған ОПЕК елдеріндегі мұнай өндіру көлемі туралы мәліметтер де кедергі болды. Сонымен бірге бірқатар сарапшылардың бағалауынша, алдағы аптада да АҚШ энергетика министрлігінің статистикасы мұнай өндіру көлемінің және мұнай қорының артуын көрсетеді, ал бұл баға белгілеу мен валюта бағамына сөз жоқ әсер етеді. Сондай-ақ рубльдің долларға қатысты бағамының әлсіреуі теңге бағамына әсер етті, ал бұл жағдай сарапшылардың болжамы бойынша алдағы аптада да сақталуы мүмкін. Ойыншылардың пікірін abctv.kz әзірлеген сауалнамадан толығырақ оқи аласыздар.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің бастығы:
Өткен аптада мұнай бағасы көтерілгеніне қарамастан, рубль бағамы өз құнын жоғалтып алды. Оған жаһандық нарықтағы доллардың өсуі, дамып келе жатқан нарыққа деген инвесторлардың қызығушылығының азаюы, сондай-ақ маусымдық фактор – дивиденттік төлемдер мен ағымдағы операциялар шоты сальдосының әлсіреуі себеп болды. Инвесторлар АҚШ-тың еңбек нарығы бойынша есепті күтіп отыр. Бұл есеп жақсы болады деп болжануда, ал бұл басқа валюталарға қатысты доллардың өсуін көрсетеді. Мұнай бағасы қанша өссе де, 50 долларлық көрсеткіштен аса алмады. Рубль бағамы одан әрі әлсіреуі мүмкін. Оған Орталық банк саясаты, доллардың өсуі, ФРЖ мөлшерлемесінің артуы мен мұнай бағасының өспеуі әсер етіп отыр. Келесі аптада бір доллардың бағасы 59-61 рубль ауқымында саудаланды, USD/KZT жұбы 322-327теңге, RUB/KZT – 5,40-5,50 теңге шамасында болады деп ойлаймыз.
Сергей Полыгалов, TeleTradeCentralAsia талдау тобының басшысы:
Алдағы аптада доллар мұнайдың қайта арзандауы нәтижесінде нығаятын шығар. Мұнай бағасының өсуі нарықтың техникалық жағдайымен байланысты болды. АҚШ энергетика министрлігінің келесі аптада беретін көрсеткіші мұнай өндіру мен мұнай қорын тағы да арттырады. Өйткені АҚШ-та биыл өндірістік мұнайға деген сұраныс өте нашар. Мұнайға деген сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі салдарынан жалпы жағдай жақсы емес, ал бұл мұнай бағасын түсіруге әкеледі.
Егер біздің айтқанымыз дәл келетін болса, USD/KZT жұбы 325-330 теңге шамасында болады.
Ал ресейлік валютаға АҚШ пен Ресей арасындағы саяси шиеленісудің одан әрі артуы негізгі фактор болатын сияқты. 7-8 шілдеде өтетін G20 саммиті барысында аталған елдердің басшылары кездеседі. Бірақ та олардың кездесуі жақын арада ештеңені өзгертпейді. Өйткені ол жерде қаралатын негізгі мәселе Сирия мен Украинаға қатысты болады. Қосымша санкцияларды енгізу елден шетелдік капиталдың кетуіне әкеледі, ал ол қазіргі күннің өзінде 1,6 млрд доллар болып отыр.
Сондай-ақ айдың басындағы экспорттық пайда мен жаздағы дивиденттік төлемдердің валюталық конвертациясы сияқты маусымдық факторлар да ресей рублінің әлсіреуіне себеп болады.
Ресей рублінің әлсіреуі салдарынан RUB/KZT жұбы 5,38-5,45 теңге шамасында саудаланады деп болжанып отыр.
Михаил Цой, «Онлайн Қазақстан сараптамасы» компаниясының бас қаржылық сарапшысы:
Теңге/доллар валюта жұбы мерекенің алдында қымбаттап, 323-324 теңге деңгейінде саудаланып жатыр. Ресей қаржы министрлігінің валютаны сатып алудың төмендеуі туралы айтқаны рубльдің долларға қатысты бағамын әлсіретіп теңгенің төмендеуіне әкелді. Осылайша америкалық валюта 22 маусымнан бері бірінші рет 60,0125 рубльге дейін көтерілді. Осының артынша USD/KZT және USD/RUB валюта жұптарының ара қатынасы салдарынан теңге де әлсіреді. Ал RUB/KZT жұбына қатысты соңғы шек 5,4-5,5 теңге шамасында саудаланып жатыр.
Елдегі мереке күндері кезінде яғни 6 шілде мен 9 шілде аралығында валюта айырбастау пунктеріндегі баға еш өзгермейді. Ал мереке біткеннен кейін доллар 322-327 теңге шамасында сатылатын болады, рубль болса сол бұрынғы 5,4-5,5 шамасында қалады.
Наталья Мильчакова, «Альпари» талдау департаменті директорының орынбасары:
Ұлттық банк жылдық инфляцияға қатысты болжамды жариялады. Жарияланған мәліметтерге сүйенетін болсақ, 2017 жылы Қазақстандағы тұтынушылық бағаның инфляциясы 6-8% шамасынан аспайды. Ал 2018 жылы 5-7%-ға дейін төмендейді. Бірақ та жасалған болжамда нақты бір белгілеу бар, яғни егер 2017-2018 жылдары мұнайдың орташа бағасы бір баррель үшін 50 доллардан төмендемейтін болса ғана бұл мәлімет сақталады, ал қазір мұнай бағасы бұл көрсеткіштен көп төмен.
Теңгенің долларға қатысты бағамы 323-325 теңге шамасында сақталады, ал теңгенің еуроға қатысты бағамы 365-368 теңге шамасына дейін жетеді деп ойлаймыз. Теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,33-5,38 теңге деңгейінде болады.
Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:
Мұнай бағасының төмендеуі және экономиканың ауыл шаруашылығынан басқа саладағы жұмыспен қамту нәтижесі доллар құнының өсуіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан келесі аптада доллар 327-332 шамасында болады деп болжануда. Ал ресейлік рубль 5,3-5,8 теңге шамасын қамтиды.
Богдан Зварич, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Келесі апта жайын сөз етер болсақ, теңгеге әсер ететін негізгі фактор энергия тасымалдау нарығындағы жағдай болмақ. Өткен аптада АҚШ-тың көмірсутек қоры жайлы мәлімет жақсы болса да, мұнай бағасы төмендеп, біздің нарықтағы валюталар бағамына әсер етті. АҚШ-та мұнай мен мұнай өнімдерінің қоры қысқарып келеді, ал бұл алдағы уақытта мұнай бағасының көтеріліп, доллардың теңгеге қатысты бағамының түсуіне әкеледі. Сондай- ақ ойыншыларға келесі аптада жарияланатын АҚШ статистикасын есте ұстаған жөн. Онда бөлшектік сауда, өнеркәсіптік өндіріс, өндірушілердің баға индексі және тұтынушылық баға, іскерлік қор индексі жарияланады. Жарияланған мәліметтер инвесторлардың жоғары тәуекелді активтерге қатысты пікірлерін қайта қарауға себеп болады. Осы қалыптасқан жағдайда доллар 320 теңге болады деп ойлаймыз. Ал рубль 5,5 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.