Валюта болжамы: 10 cәуір - 14 сәуір

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel өз оқырмандарына (10-14 сәуірге арналған) кезекті апталық валюта болжамын ұсынады.

Сирия үкіметінің әскери күші базасына жасалған америкалық шабуыл өткен аптадағы мұнай нарығына оң әсерін тигізді. Алайда Америка мен Ресей қатынасындағы шиеленістің күшеюі қор нарығына және рубль құнына жағымсыз әсер етті. Бұл теңге бағамының қозғалысына кедергі келтіреді. Өйткені сыртқы сауда балансында мұнай басымдылығы болғанмен де, Ресей біздің  ел үшін ірі сауда серіктесі. Сарапшылардың сөзінше, теңгенің нығаюы күткенімізден асып тұр. Ойыншылардың толық пікірі abctv.kz-тің кезекті сауалнамасында сарапшылардың пікірімен баяндалады. 

Иван Капустянский, Forex Optimum сарапшысы:

10 cәуір - 14 сәуір

USD/KZT валюта жұбы бойынша техникалық сипаттама айтарлықтай тұрақты және нақты болып қала бермек. Ақпан айының соңынан бастап 310-320 деңгейіндегі бағамды байқап отырмыз. Валюта жұбы осы деңгейді ұстап тұрады деп ойлаймыз. Жоқ дегенде мұнай нарығындағы тұрақтылық сақталып тұрғанға дейін осылай болады.

Өткен аптада теңгенің нығаюына қара алтын бағасының өсуі әсер етті.  Осы үрдіс келесі аптада да сақталады деп ойлаймыз. Brent маркалы мұнай қаңтардағы ауқымға қайта келмек. Біздің ойымызша, алдағы екі аптада өсу 4-6% шамасында болмақ. Мұнай нарығындағы бағаның орнықты өсуіне негізінен МЭЕҰ-ға кіретін елдердің өндіруді шектеу келісімін ұзартуы, сондай-ақ жазғы уақытта сұраныстың артуы сеп болады.

USD/KZT валюта жұбы бойынша техникалық сипаттама өзгерген жоқ.  Алдағы аптада мұнай бағасын қолдаумен доллар бағасы 310 теңге болатынын сынақтан өткіземіз. Сонымен қатар болашақта бұл көрсеткіш төмендеп 301 деңгейіне жетуі де мүмкін. RUB/KZT валюталық жұбы алдағы аптада өсіп,  5,63 деңгейіне жетуі ықтимал. Валюталық жұп бойынша орташа мерзімді мақсат 5,67. 

Сергей Полыгалов, TeleTradeCentralAsia сараптамалық тобының басшысы:

10 cәуір - 14 сәуір

Қазақстанның ұлттық валютасы соңғы аптада бір доллар үшін 311-312 теңге болып бекіді. Елдегі экспорттың негізі бұрынғыша энергия тасымалдаушылар екенін ескерсек, Қазақстанның ұлттық валютасының нығаюы мұнай бағасының өсуіне байланысты болып отыр.          

Ал мұнай бағасының қозғалысын сөз етсек, онда АҚШ мұнай өндіру динамикасы, сондай-ақ МЭЕҰ аясында өндіруді шектеу туралы келісімге қол қою мұнай бағасын белгілеуші фактор болады. Келісім энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға негізделіп, дәл қазіргі уақытта қара алтын бағасын белгілеуді қолдаудың  негізгі факторы болып табылады. Бұл келісім 2017 жылдың екінші жартыжылдығына да ұзартылып, мұнай бағасын бір баррель үшін 50-60 доллар шамасында ұстап тұруға негіз болады.

Мұнай бағасын осы ауқымда ұстап тұру, теңгенің долларға қатысты орташа бағамы 305-320 теңге деңгейінде болады деп болжауға мүмкіндік береді. Мұнай бағасы жоғарыда көрсетілген шектен шығып кеткенде ғана теңге бағамы түбегейлі өзгеруі мүмкін.

Алдағы аптада АҚШ еңбек нарығына қатысты оң мәліметтердің шығуына байланысты теңге бір доллар үшін 320 болуы мүмкін, бірақ содан кейін қайтадан 315-310 теңге деңгейіне түседі.

Ресей рублінің бағамы 5,5-5,6 теңге ауқымында болады. Бағалардың бұл шегі әлемдік нарықта мұнайдың қымбаттауына және Ресей экономикасына инвестициялық қызығушылықтың болуынан рубльдің нығаюына әкелді.

Теңге бағамын күрт өзгертіп жіберетіндей, жаһандық жаңалық болмайды. Тек шикі мұнай қоры мен оны АҚШ-та өндіру көлемі ғана басты назарда болады. 

 Әли Сағындықов, «Евразийский Капитал» АҚ сарапшысы :
10 cәуір - 14 сәуір

АҚШ-тың Сирия әуебазасына шабуыл жасауынан туындаған халықаралық жағдайдың шиеленісуі салдарынан рубльдің долларға қатысты бағамы әлсіреуі мүмкін, болжанып отырған ауқым бір доллар үшін 56,5-58,0 рубль болмақ. Ал теңгенің долларға қатысты бағамы мұнай бағасы көтеріледі деп болжанса да, біртіндеп әлсірей бастайды. Ауқым бір доллар үшін 313-315 теңге болмақ. Ал рубльге қатысты бағам біздің болжам бойынша 5,45-5,60 теңге болады. 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест»инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің бастығы:
10 cәуір - 14 сәуір

Өткен аптада USD/KZT жұбы біршама тар бағалық ауқымда саудаланды.  Рубльдің қарқынды өсуі мен мұнай бағасының оң динамикасының артынан іле-шала  теңге апта бойына нығаюға бет алған болса, жұма күні алған бетінен адасып, аптаны бір доллар үшін 313 теңге деңгейінде жапты. Алдағы аптада да теңге рубль мен мұнай динамикасына орай әрекет  ететін болады. Сириядағы әскери шабуыл мұнай бағасының өсуіне әкеліп, рубльге қысым жасады. Сондай-ақ Ресей Федерациясының энергетика министрінің рубль қазір артығымен бағаланып отыр, жақын арада әлсірейді деп айтқаны да көңіл көншітпеді. Геосаяси жағдай ушығып тұр, бұл инвесторлардың дамыған нарықтан кетуіне себеп болады. Әзірге капиталдың кетуін байқап отырғанымыз жоқ, капиталдың кетуі көлемді бола ма, оны болжау да қиын. Мұның барлығы жағдайдың алдағы уақытта қалай өрбитініне байланысты болады. Алдағы аптада геосаяи жағдай салдарынан рубль әлсірейді деп ойлаймыз, сонымен қатар теңге де әлсіреуі мүмкін.  USD/KZT жұбы бойынша ауқым –313-316 теңге, RUB/KZT жұбы бойынша 5,50-5,60 теңге. 

Евгений Чекай, «АНАЛИТИКА Онлайн Казахстан» компаниясының бас қаржылық сарапшысы:
10 cәуір - 14 сәуір

Алдағы аптада доллар өсе алмайтын сияқты. Тіпті сауда бойынша оң мәліметтің яғни өндірістік тапсырыс көлемі және ұзақ қолданылатын тауарларға тапсырыс көлемінің болуы доллар бағамын айтарлықтай күшейту үшін жеткіліксіз. Бұған қоса жұмыспен қамту туралы есеп жағымсыз болып шықты. Дәл қазіргі уақытта нарықтағы жалпы жағдай USD үшін жағымсыз/кемімелі нарықтың болатынын меңзеп отыр. Сонымен бірге АҚШ-та он жылдаған облигациялардың  табысы күрт түсіп кетті.

Өткен аптада Brent маркалы мұнайдың бағасы 5%-дан астам болды. Алайда доллар бағасының өсуі ұзаққа бармайтын шығар, келесі аптада бағаның төмендегенін көреміз. АҚШ-та бұрғылау және өндіру белсенділігінің өсуі мұнай нарығы үшін негізгі қауіп төндіруші болып қала береді. Орташа мерзімді келешекте мұнайға жасалатын жаңа ұсыныстар баға одан әрі қысым жасайтын болады.  2016 жылдың ортасынан бастап АҚШ-та мұнай өндіру 9%-дан асып, тәулігіне 9,2 баррельге дейін жеткен, осының салдарынан шикізатты экспорттау рекордтық дәрежеге, яғни тәулігіне 1,1 млн баррельге жеткен. Бірақ бір айта кетерлік жайт АҚШ-та енгізілген ұңғымалар санының өсуі бұрғыланған ұңғымалар санының өсуінен қалып барады. Ал бұл келеште АҚШ-та мұнайға деген ұсыныстың артуына әкелуі мүмкін.

Доллар 313-315 теңге, рубль - 5,5-5,7 теңге мөлшерінде саудаланатын сияқты. 

Максим Романчук, «Альпари» сарапшысы:
10 cәуір - 14 сәуір

Теңге бағамы динамикасына, ең бірінші, мұнай фьючерстеріне қатысты баға белгілеу әсер ететін болады.  Қара алтын бағасының бір баррелі үшін 54,70-57,70 доллар шегіне қайта келуге жақын екенін көріп отырмыз. Бұл жағдай еліміздің ұлттық валютасының долларға қатысты бағамын нығайтуға әкелетіні сөзсіз. Алдағы аптада доллар/теңге жұбы бір доллар үшін 310 теңге болуы әбден мүмкін. Егер  осындай жағдай орын алатын болса, онда жақын арадағы мақсат бір доллар үшін 306,60 теңге деңгейінде болады.

Осылайша алдағы аптадағы сауда ауқымы бір америкалық валюта үшін 306,60-310,00 теңге деңгейінде болуы мүмкін. Ал рубль/теңге жұбын айтар болсақ, онда ресейлік валюта теңгеге қарағанда нығайып, рубль/теңге жұбының біртіндеп өсуі жалғасын табады.  Болжанып отырған сауда ауқымы бір рубль үшін 5,50-5,65 теңге шамасында болмақ. 

Богдан Зварич, «ФИНАМ» компаниясы тобының сарапшысы:

10 cәуір - 14 сәуір

Егер алдағы аптаны сөз етер болсақ, онда бұл энергия тасымалдау нарығындағы жағдай теңгеге әсер ететін болады. Ал Сирияға төңірегіне қатысты болып жатқан шиеленіс мұнай бағасының көтерілуіне себеп солады. Сондай-ақ АҚШ қорының динамикасы энергия тасымалдаушылар нарығы үшін оң фактор болуы мүмкін. Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша олардың бағасы түсіп, «қара алтынды» сатып алуға себеп болады деп ойлаймыз. Нәтижесінде энергия тасымалдаушылар нарығының өсуі теңгені ұстап тұрады. Алайда еліміздің ең басты сауда серіктесі болып табылатын елдің валютасы - рубльдің  әлсіреуі ойыншыларға теріс ықпал етуі мүмкін. Өйткені бұл жағдай қазақ өндірушілерінің ресейлік өндірушілерге қатысты бәсекелестігін төмендетуге әкеледі. Осының салдарынан бұл фактор теңгенің нығаюын ұстап тұрады.

Бұл жағдайда доллар 310 теңгеге түседі деп ойлаймыз. Сонымен бірге рубль/теңге жұбы 5,4 теңге мөлшерінде болуы мүмкін. 

Анна Бодрова, «Альпари» бас сарапшысы:

10 cәуір - 14 сәуірСәуір айының алғашқы аптасында теңге АҚШ долларымен қатар нығайды, бірақ бұл беталыс тоқтауы да мүмкін. Бұл іркіліс па әлде трендтің толықтай қарқын алуы ма әзірге белгісіз. Бірақ та нарық райының ауысу алғышарттары бар. Доллар/теңге жұбы 7 сәуір күні  0,2% төмендеді. Америкалық валютаның орташа сараланған бағамы дүйсенбі, 10 сәуір күні 313,67 теңге болды.

Сәуір айының алғашқы аптасында мұнай бағасы айлық ең жоғары көрсеткішке жақын болды. Brent маркалы мұнайдың баррелі 55,61 доллардан саудалануда. Әлемдегі геосаяси қарым-қатынастың  ушығуы энергия тасымалдаушылардың сатылуына себеп болуда, бірақ бұл уақытша тренд сияқты.

Алдағы орташа мерзімді келешекте рубльдің әлсіреуі, өзімен бірге қазақстандық теңгені де түсірері анық. Жоғары тәуекелді активтер дәл қазіргі уақытта болжанып отырған табысты көрсете алмайды. Өйткені нарық өте жоғары шоғырланған қауіпсіздікті ұната бермейді.

Алдағы аптадағы валюта болжамы дүлдамал болып тұр. АҚШ доллары 313-316 теңге шамасында саудаланады. Рубль/теңге жұбы 5,20-5,60 теңгеден сатылады.

Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:

10 cәуір - 14 сәуірӨткен апта соңындағы АҚШ-та жұмыссыздық бойынша мәлімет болжанғаннан жақсы болып шықты, ал бұл АҚШ долларының валюталық бағамында көрініс табуы мүмкін.  Сондықтан валюта бағамының қозғалысын 314-320 теңге шегінде болады деп болжаймын.

Ресейлік рубльге қатысты айтар болсақ, мұнай бағасында белгілі өсу болғанмен де, Baker Hughes  есебіне сәйкес бұрғылау санының артуы,  сондай-ақ  Таяу Шығыстағы жағдайдағы тұрлаусыздық  өсуді ұстап тұр. Валюта бағамының қозғалысы 5,3-5,6 теңге шегінде болады деп болжануда.

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

10 cәуір - 14 сәуірВалюта нарығында үлкен ауытқулар болады деп ойламаймын. Инвесторлардың басым көпшілігі екі қарама-қарсы факторлардың күшін бағалауға тырысуда. Бір жағынан алып қарайтын болсақ, әлемдік мұнай бағасының өсуі теңгенің нығаюына себеп болуы тиіс. Алайда Сириядағы жағдайдың шиеленісуі аясындағы жағымсыз саяси фактор да әсер етпей қоймайды.

Менің ойымша, теңге бағамы тар ауқымда ауытқуын жалғастырып, бір доллар үшін 310-315 теңге шамасында болады. Ал ресейлік рубльге қатысты ауытқу ауқымы 5,45-5,55 теңге болуы мүмкін.

 

10 cәуір - 14 сәуір

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу