Валюта болжамы: 10 маусым- 14 маусым

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
382,375

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.6.2019
382-385
ГК «ФИНАМ»
08.6.2019
381-385
Астана-Инвест
08.6.2019
380-385
Forex Club
08.6.2019
382-383,5
DAMU Capital Management
08.6.2019
380-382
IFC Markets
08.6.2019
378-385
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,843

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.6.2019
5,85-5,94
ГК «ФИНАМ»
08.6.2019
5,7-6,0
Астана-Инвест
08.6.2019
5,8-5,9
Forex Club
08.6.2019
5,5-6,0
DAMU Capital Management
08.6.2019
5,8-5,85
IFC Markets
08.6.2019
5,83-5,95
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
429,875

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.6.2019
425-433
ГК «ФИНАМ»
08.6.2019
428-433
Астана-Инвест
08.6.2019
428-435
Forex Club
08.6.2019
430,5-432
DAMU Capital Management
08.6.2019
425-427
IFC Markets
08.6.2019
426-436
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.6.2019
ГК «ФИНАМ»
08.6.2019
Астана-Инвест
08.6.2019
Forex Club
08.6.2019
DAMU Capital Management
08.6.2019
IFC Markets
08.6.2019

Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (10 маусым- 14 маусым). ​

        10 маусым- 14 маусым

 
 
 
 

Өткен апта қазақстандық теңге үшін бірнеше күн қатарынан төмендеумен есте қалды. Теңгенің төмендеуі тек жұма күні ғана реттелді. Іnbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар теңге бағамының төмен болуын энергия тасымалдаушылар нарығындағы бағаның төмендігімен түсіндіріп отыр. «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ, Forex Club және «DAMU Capital Management» ЖШС компаниялары сарапшылары осындай пікір білдіруде. Сондай-ақ сарапшылар мұнай котировкалары алдағы аптада да теңге бағамына әсер етеді дегенді айтады.

 Өткен аптадағы болжамымыздағыдай сарапшылар тағы да АҚШ пен Қытай арасындағы өзара сауда қарым-қатынасына мән берді («Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ, Forex Club және «DAMU Capital Management» ЖШС, «ФИНАМ» КТ). Сонымен қатар «ФИНАМ» КТ мен IFC Markets сарапшылары АҚШ-тың еңбек нарығы бойынша жағымсыз статистикалық мәліметтерінің әсер етуін сөз етті.

Алайда сарапшылардың осы аптадағы болжамында ішкі факторлар ерекше орын алды. Алдағы болатын кезектен тыс президенттік сайлауды «Альпари», «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ,   және «DAMU Capital Management» ЖШС, IFC Markets сарапшылар еске салып кетті. Сондай-ақ Ұлттық банктің интервенция жасауы мүмкін екендігі сөз болды.

Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz.әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

 

Анна Бодрова, «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталықтың аға сарапшысы:

10 маусым- 14 маусым

Егер Қазақстандағы президенттік сайлау тыныш өтетін болса, алдағы аптаның басында теңге шамалы құбылады, бірақ содан кейін қайта қалпына келеді. Әзірге президенттік сайлауда барлығы ойлағандай болады деген сенім бар. Көп нәрсе жаңадан сайланған мемлекет басшысының алғашқы сөйлеген сөзіне байланысты болады. Бірақ бұл жерде де еш қиындық туады деп ойламаймыз.

Маусым айының екінші аптасында америкалық доллар 382-385 теңге, еуро – 425-433 теңге, рубль – 5,85-5,94 теңге шамасында саудаланатын болады.

 

 

 

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

10 маусым- 14 маусым Мексика тауарларына тариф енгізу кейінге қалдырылуы мүмкін екендігінен америкалық биржа алаңдары бейсенбі күні өсуін жалғастырды.

S&P 500 индексі 0,61% өсіп, сауданы 2843,49 көрсеткішпен жапты, өндірістік Dow Jones индексі  0,71% қосып алды, жоғары технологиялық NASDAQ 0,53%-ға көтерілді.  10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі бір базистік көрсеткішке 2,13%-ға дейін төмендеді.

Ойыншылар Вашингтон мен Махико арасындағы көші-қон және кедендік баж мәселелерін қатысты келіссөздерге оң баға берді. Бұған қоса нарықтар АҚШ ФРЖ-ның ізін шала 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығына дейін мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыру ойы бар екенін айтып, алдағы уақытта еуропалық сондай-ақ әлемдік экономикадағы кез келген нашарлауды шұғыл ретке келтіруге уәде берген Еуропалық орталық банк президенті Марио Даргидің сөзіне иланды.

Жұма күні америкалық реттеушінің мөлшерлемені төмендету ойы бар екені жайлы соңғы жаңалық шыққанда, инвесторлар АҚШ-тағы жұмыс орынына қатысты шыққан мәліметтерге ерекше баға берді. Болжамға сәйкес, мамыр айында жалақы 175,000-ге өскен, ал жұмыссыздық 3,6% шамасында болып, ал орташа сағаттық жалақының өсуі 3,2% болып сақталған.

Өткен сауда қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай бағасы 2,64%-ға өсіп, сауданы 62,23доллар шамасында жапты.

Америкалық акциялар нарығындағы жарыс Brent және WTI фьючерстік келісімшарттарының қысқа позициясының жабылуына әкелді. Алайда егер теңіздің ар жағындағы биржалардың көңіл-күйі өзгеретін болса, онда бұл тағы қара алтын бағасының өзгеруіне әкеледі.

Біз алдағы аптада теігенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы бір рубль үшін 5,7-6,0 теңге, бір доллар 381-385 теңге, бір еуро 428-433 теңге болады деп отырмыз.

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:  

10 маусым- 14 маусым Алдағы президенттік сайлау теңге бағамының төмендеуінің басты себебі болмауы керектігін бұрынғыша тағы қайталаймын. Мұнай бағасы бірнеше күн бойы шамамен 15%-ға төмендеді, ал бұл рубльге аса әсер еткен жоқ. АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленістің одан сайын ушығуы қара алтын бағасын «құлатып» жіберді, бұл, әрине, біздің бюджет үшін жақсы емес. Айтпақшы теңге/доллар бағамының жоғары болуы біздің бюджет үшін тиімді, өйткені біздің бюджетке түсетін ақша осы мұнай компанияларынан келеді.

Сайлау теңге бағамына әсер етпейді. Мұнай бағасы төмендеп жатыр, рубль де түсіп кетуі мүмкін. Ұлттық банк валюта нарығында интервенция жасауы мүмкін, яғни бағам күрт өсіп кетпеу үшін долларларды сатады. Жұма күні сауда көлемі екі сессия қорытындысы бойынша 450 млн доллар болды, бұл Ұлттық банктің интервенциясы болуы мүмкін. Қорыта келгенде айтарымыз, девальвациядан қорықпаймыз.

Алдағы аптада бір АҚШ доллары 64-65,5 рубль , бір рубль 5,8-5,9 теңге, бір доллар 380-385 теңге, бір еуро 428-435 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 61-63 доллар болады деп отырмын.

 

Айдар Қалиаскар, Forex Club-тың қаржылық скауты:

10 маусым- 14 маусым Мұнай бағасының тұрақтануынан теңге бағамы өсуі мүмкін. Өткен аптада теңге бірнеше күн қатарынан арзандады, алайда жұма күні долларға қатысты бағамы 1 теңгеге көтерілді. Бұған әлемдік мұнай нарығында бағаның өсуі байқалғаны әсер етті. АҚШ президенті Дональд Трамптың мексикалық тауарларға баж салығын салуын жариялаудан мұнай котриовкасы қысым астында қалған болатын, Трамп мұны кейінге қалдыруы мүмкін екені белгілі болғанна кейін, мұнай бағасы өсе бастады.

Сондай-ақ теңге үшін тағы бір жағымды жаңалық – бұл Ұлттық банктің теңге бағамының төмендеуіне байланысты халықты дүрлікпе шақырған ауызша интервенциясы болды. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, 3 маусым күні реттеуші кезекті болжамдық раун жүргізіп, базалық мөлшерлемені бұрынғыша 9% деңгейінде қалдырды. Сонымен қатар ол теңге шамалы өзгеретін болса Ұлттық банк шара қабылдап, валюталық интервенция жүргізетінін айтты.

Оның айтуынша, теңге бағамының соңғы күндері әлсіреуі қазақстандық экономиканың көрсеткішімен байланысты емес, тек сыртық факторлардың ғана әсері.

Алдағы аптада теңгенің долларға шаққандағы бағамы 382-383,5 теңге, еуроға қатысты бағамы 430,5-432 теңге, ал рубль 5,5-6,0 теңге болады болжап отырмыз.

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

10 маусым- 14 маусым Өткен апта біздің валюта нарығымызда қызық болды. Доллар апта басынан белсенді өсіп, өткен аптадаға мұнай бағасы мен рубльге кеткен ақысының орнын толтырды. Аптаның алғашқы бөлігінде мұнай бағасының төмендеуі 60 долларға дейін жетіп, өзінің артынан теңгені алып кетті. Аптаның ортасында мұнай бағасы кері ауып түсіп, апта соңына қарай 62 доллар болды. Сондай-ақ бейсенбі және жұма күндері Ұлттық банктің жағдайды ретке келтіргенін байқадық, өйткен бейсенбі күні доллармен болған сауда көлемі 300 млн-нан асып кетті, ал жұма күні 450 млн-ға сәл жетпей қалды. Ақыр соңында теңге реттелді.

Жексенбі күні елде президент сайлауы өтеді, қандай да бір тосын жағдайлар болмаса, келесі аптаның басында теңгенің нығаятынын көреміз. Ішкі саяси жағдай төмендейді, сыртқы нарықтарда орталық банктердің мөлшерлемені жаһандық төмендету байқалады, ал бұл доллар бағамын әлісертіп, мұнай бағасын көтеріп,  теңге мен рубльге қолдау болуы мүмкін. Еуро аймақта монетарлық саясатты ынталандыруды жалғастыру өсуде, бұл еуроның төмендеуіне әсер етеді. АҚШ пен ҚХР арасындағы шиеленіс сақталуа, оған АҚШ пен Мексика арасында сауда шектеулері енгізілуі мүмкін екені қосылып отыр.

Алдағы аптада доллар 380-382 теңге, еуро 425-427 теңге және рубль 5,8-5,85 теңгеге дейін төмендейді деп отырмыз.

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

10 маусым- 14 маусым Өткен аптада қазақстандық теңгенің еуро мен ресейлік рубльге қатысты бағамы шамалы әлсіреді. Менің ойымша, бұл бірнеше қатысушының валюта сатып алып, президенттік сайлау алдында сақтанғылары келгенінен болды. Теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы еш өзгермеді. Өйткені доллардың өзі еңбек нарығындағы мәліметтердің әлсіз болуынан және өндірістегі іскери белсенділіктің төмендеуінен, әлемдік валюталарға қатысты бағамы төмендеуде.

Ұлттық банктің болжамдарының арқасында Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай жақсы болды. Ұлтттық банк егер инфляция биылғы мақсатты 4-6%-дан жоғарыласа, мөлшерлемені көтеруге дайын екенін айтқан болатын. Еске салар болсақ, мамыр айында тұтынушылық бағаның өсуі  жылдық көрсеткіште 5,3% болды. Бұған қоса, Ұлттық банк ағымдағы шот тапшылығын 3%-дан 1,3-1,7%-ға дейін төмендетті.

Алдағы аптада құбылмалық диапазоны бір рубль үшін 5,83-5,95 теңге, доллар үшін 378-385 теңге, еуро 426-436 теңге болады деп отырмыз.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу