Валюта болжамы: 10 тамыз – 14 тамыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
418,700

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.8.2020
415-421
ГК «ФИНАМ»
08.8.2020
418,50-424,50
Forex Club
08.8.2020
417-420
Gold Mining Capital
08.8.2020
418-428
DAMU Capital Management
08.8.2020
410-415
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,752

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.8.2020
5,67-5,85
ГК «ФИНАМ»
08.8.2020
5,65-5,95
Forex Club
08.8.2020
5,6-5,9
Gold Mining Capital
08.8.2020
5,6-5,9
DAMU Capital Management
08.8.2020
5,65-5,75
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
494,800

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.8.2020
490-505
ГК «ФИНАМ»
08.8.2020
495-500
Forex Club
08.8.2020
495-498
Gold Mining Capital
08.8.2020
490-520
DAMU Capital Management
08.8.2020
470-485
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
59,950

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
08.8.2020
59,50-62,00
ГК «ФИНАМ»
08.8.2020
59-61
Forex Club
08.8.2020
59-61
Gold Mining Capital
08.8.2020
59-61
DAMU Capital Management
08.8.2020
58-60

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (10 тамыз – 14 тамыз). 

10 тамыз – 14 тамыз

 

3 тамыз – 7 тамызға арналған валюта болжамы

 

 

Сарапшылар валюта бағамына сыртқы факторлар әсер етеді деген пікірде. Олар АҚШ-тың ЖІӨ-нің екінші тоқсанда күрт төмендеуін сөз етті.

Сонымен қатар Құрама Штаттардағы президенттік сайлаудың кейінге шегерілуі мүмкін деген болжамды,  пандемияға байланысты қабылданатын ынталандыру шаралары, америкалық облигациялардың кірістілігінің құлдырауы, Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленістің өршуіне тоқтала кетті.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:


Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:
10 тамыз – 14 тамыз Теңге бағамына алдағы аптада нарықтағы қазіргі катализаторлар әсер етеді. Яғни мұнай бағасының тұрақты түрде өзгеруі, коронавирус індетінің таралуы мен басқа да факторлар бар. Brent сұрыпты мұнай бағасы қазір 43-45 доллар шамасында, алдағы уақытта осы тенденция жалғасады. Сұраныс көрсеткіші құбылуы мүмкін. Инвесторлар негізгі қатерлерді басты назарда ұстап отыр, дамушы елдердің экономикалары қалпына келуі ұзаққа созылады. Коронавирус індеті дендеп бара жатыр деп айта алмаймыз, бірақ ахуал әлі көңіл көншітіп отырған жоқ. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 415-421 теңге, бір еуро 490-505 теңге, бір юань 59,50-62 теңге, бір рубль 5,67-5,85 теңге болады.

 

 

 

 

 

Сергей Дроздов, "ФИНАМ" компаниялар тобының аналитигі:
10 тамыз – 14 тамыз Өткен сауда қорытындысы бойынша америкалық биржа алаңдары жоғары көрсеткіштерге ие болды. S&P 500 индексі 0,64%-ға өсіп, 3349,16 пункт болды. Dow Jones индексі 0,68%-ға , NASDAQ индексі 1%-ға артты. АҚШ-тың он жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі бір базистік пунктке төмендеп, 0,54%-ға дейін кеміді.

Германияның он жылдық облигацияларының кірістілігі үш базистік пунктке азайды. АҚШ үкіметі экономиканы ынталандырудың жаңа пакетін қабылдауы мүмкін. Бірақ ол үшін демократтар мен республикашылдар ортақ мәмілеге келуі тиіс. Келесі аптада инвесторлар Құрама Штаттардағы жұмыссыздық көрсеткішін бақылайды.

Кей сарапшылар жаңа жұмыс орындары жұмыссыздар саны азаяды деп отыр. Өткен аптадағы дерек бойынша, шілде айының соңында еңбек нарығының қайта қалпына келуі іркіліп қалған еді. Бейсенбіде мұнай бағасы төмендеді. Бұған Еуропа биржаларындағы төмен көрсеткіштер мен Сауд Арабиясы еуропалық сатып алушылар үшін мұнай бағасын түсіреді деген жаңалық әсер етті. Bloomberg агенттігінің мәліметіне сүйенсек, бұл ел   шикізат құнын шамамен 2,5-2,8 долларға төмендетпек. Біздің ойымызша, алдағы аптада бір 418,50-424,50 теңге, бір еуро 495-500 теңге, бір рубль 5,65-5,95 теңге, бір юань 59-61 теңге шамасында өзгереді.

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
10 тамыз – 14 тамыз Өткен аптада теңге айтарлықтай құбылды. Жұма күні қазақстандық валютаның долларға қатысты бағамы әлсіреп, басқаларыныкіне қатысты бағамы нығайды. Ұлттық валютаға әсер етіп отырған коронавирус пандемиясы. Қазақстанда күніне мыңға жуық науқас тіркелуде. Мұнай бағасының көтерілуі теңгеге бірақ қолдау көрсетті. Бірақ аптаның соңында шикізат құны арзандады. Мұнай нарығындағы ахуалға АҚШ пен Қытай арасында шиеленіс әсер етті. Дональд Трамп Қытайдың TikTok және WeChat желілеріне қатысты жарлыққа қойды. Келесі аптада теңге тағы да құбылуы мүмкін. Бір доллар 417-420 теңге, бір еуро 495-498 теңге, бір рубль 5,6-5,9 теңге, бір юань 59-61 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

Ерлан Қойшыбаев, Gold Mining Capital сарапшысы:
10 тамыз – 14 тамыз ОПЕК+ мұнай нарығындағы жағдайды тұрақтандырды. Бірақ бағалардың күрт өсуінен бәсекелестердің ұсынымы артады деген қауіп бар. Brent сұрыпты мұнай баррелі 44,55 доллар, Light баррелінің құны 41,40 долларға жетті. Алтын унциясының бағасы 2035 долларға дейін қымбаттады. Бұл фактор инвесторлардың активтерді қатерден сақтауға тырысып жатқанын білдіреді. АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс өршуде. Құрама Штаттар TikTok және WeChat әлеуметтік желілерін шектеуді қолға алды, артынан қытайлық компаниялардың акциялары арзандап кетті. Тағы бір жайт, АҚШ-та еңбек нарығының сәл де болса қалып келуі доллардың түзетулік нығаюына түрткі болды. Теңгенің нығаюына салықтық төлем кезеңі көмектесе алады. Бірақ қаншалықты екенін уақыт көрсетеді. Менің болжамым: бір доллар 418-428 теңге, бір еуро 490-520 теңге, бір рубль 5,6-5,9 теңге, бір юань 59,61 теңге болады. 

 

 


Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
10 тамыз – 14 тамыз Мұнай нарығында тұрақтылық орнады. Сұраныс пен ұсыным көрсеткіштері бір деңгейде өсуде. АҚШ-тағы мұнай қоры азаюда, Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны 43-46 доллар шамасында. АҚШ пен Қытай тартысы жалғасуда. Трамп әкімшілік қытайлық әлеуметтік желілерді шектеу туралы құжатқа қол қойды. АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейі төмендеп жатыр, экономика да біртіндеп қалыпқа келуде. Бұл факторлар Трамптың сайлауда жеңіске жетуіне үлесін қосуы мүмкін. Бейруттағы жарылыстан кейін мұнай нарығында тұрақсыздық орнады. Бұл лаңкестік немесе зымыран шабуылы деген болжамдар айтылды. Бірақ жарылыстың себебі анықталғаннан кейін нарықтағы күдік сейілді. Рубльдің долларға қатысты бағамы теңгемен салыстырғанда айтарлықтай әлсіреді. Яғни бұл дегеніңіз теңгенің тұрақтылығы мен құбылмалылығының аздығын білдіреді. Келесі аптада бір доллар 410-415 теңге, бір еуро 470-485 теңге, бір рубль 5,65-5,75 теңге, бір юань 58-60 теңге болады деп ойлаймын.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу