Валюта болжамы: 3 тамыз – 7 тамыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
420,250

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
01.8.2020
405-425
Forex Club
01.8.2020
418-420
ГК «ФИНАМ»
01.8.2020
418-427,50
Gold Mining Capital
01.8.2020
420-435
Gold Mining Capital
01.8.2020
412-422
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,785

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
01.8.2020
5,50-6,15
Forex Club
01.8.2020
5,8-6
ГК «ФИНАМ»
01.8.2020
5,65-5,95
Gold Mining Capital
01.8.2020
5,5-5,9
Gold Mining Capital
01.8.2020
5,65-5,75
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
488,550

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
01.8.2020
460-515
Forex Club
01.8.2020
456-458
ГК «ФИНАМ»
01.8.2020
492-509,50
Gold Mining Capital
01.8.2020
500-515
Gold Mining Capital
01.8.2020
480-500
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
59,870

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
01.8.2020
58-61
Forex Club
01.8.2020
59,7-60
ГК «ФИНАМ»
01.8.2020
59-60
Gold Mining Capital
01.8.2020
59-61
Gold Mining Capital
01.8.2020
58-63

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (3 тамыз – 7 тамыз).

3 тамыз – 7 тамыз

 

27 шілде – 31 шілдеге арналған валюта болжамы

 

 

Сарапшылар осы жолы да сыртқы факторлар валюта бағамына әсер ететін негізгі фактор деген пікірде. Олардың барлығы да АҚШ-тың ЖІӨ-нің екінші тоқсанда күрт төмендеуіне тоқталды.Індет сонымен қатар мұнай нарығына да әсерін тигізеді. Одан бөлек Құрама Штаттардағы президенттік сайлаудың кейінге шегерілуі мүмкін деген болжамды, Ақ пандемияға байланысты қабылдайтын ынталандыру шаралары, америкалық облигациялардың кірістілігінің құлдырауы, Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленістің өршуін де сөз етті. Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» бас аналитигі:

3 тамыз – 7 тамызШілденің соңында теңге бағамы айтарлықтай әлсіреді. Бұл тенденция әлі де жалғасуы мүмкін. Қазір нарықтағылар коронавирус пандемиясын басты назарда ұстап , дағдарыстың салдарын да жобалап отыр. Сондай-ақ АҚШ-тағы сайлаудың кейінгі шегерулуі мүмкін деген болжам нарықты алаңдатуда, өйткені саяси тұрақсыздық биржа көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді. Десе де шикізат нарығындағы ахуал қазір тұрақты. Brent сұрыпты мұнай баррелі 41-45 доллар шамасында саудалануда. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 405-425 теңге, бір еуро 460-515 теңге, бір юань 58-61 теңге, бір рубль 5,50-6,15 теңге болады.

 

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

3 тамыз – 7 тамызТеңге осы аптада төмен көрсеткіштерге ие болды. Бейсенбі күні теңгенің долларға қатысты бағамы 418 теңгеге дейін түсіп кетті. АҚШ-тың ЖІӨ төмендеп жатыр. Мұнай бағасы, керісінше, жұмы күні сәл көтерілді. Құрама Штаттардың ЖІӨ екінші тоқсанда 32,9%-ға қысқарды. Бұл ел тарихында болмаған көрсеткіш. Теңге мен әлемдік қаржы нарығына коронавирус дертіне шалдыққандардың көбеюі әсер етуде. Алдағы аптада сыртқы және ішкі факторлардың құбылмалылығына байланысты теңге де тұрақсыздық танытуы мүмкін. Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 418-420 теңге, бір еуро 456-458 теңге, бір рубль 5,8-6 теңге, бір юань 59,7-60 теңге болады.

 

 

 

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының аналитигі:

3 тамыз – 7 тамызӨткен сауда қорытындысы бойынша америкалық биржа алаңдары әр түрлі көрсеткіштерге ие болды. S&P 500 индексі 0,38%-ға азайып, 3246,22 пункт болды. Dow Jones индексі 0,85%-ға кеміп, NASDAQ индексі 0,43%-ға көтерілді. АҚШ-тың он жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі төрт базистік пунктке төмендеп, 0,54%-ға дейін құлдырады. Германияның он жылдық облигацияларының кірістілігі төрт базистік пунктке азайды. АҚШ-тың ЖІӨ рекордтық деңгейге дейін құлдырауы мен президенттік сайлаудың шегеріліп қалуы мүмкін деген болжамға қарамастан, бұл елдегі ірі технологиялық компаниялардың акциялары сәл де болса қымбаттады. Brent сұрыпты мұнай бағасы 0,85%-ға түсіп, 43,31 доллар болды. Бұған АҚШ-тың ЖіӨ-нің қысқаруы себеп. Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 418-427,50 теңге, бір еуро 492-509,50 теңге, бір рубль 5,65-5,95 теңге, бір юань 59,60 теңге шамасында өзгереді.

 

 

 

Ерлан Қойшыбаев, Gold Mining Capital аналитигі:

3 тамыз – 7 тамызАлтын фьючерстерінің құны 2000 доллардан асты. Бұл инвесторлардың қазіргі тұрақсыз жағдайға бейімделе бастағанын білдіреді. Пандемияға қатысты жағдайдың дамыған елдерде тұрақсыз болуы, америкалық облигациялар кірістілігінің төмендеуі, АҚШ пен Қытай арасындағы тартыстың басылмауы нарықты титықтатып жіберді. Шикізат нарығындағы жағдай да нашарлауы мүмкін. Бұған Сауд Арабиясының жеткізілім бағасын түсіруі мен АҚШ-тағы экономикалық көрсеткіштер сияқты факторлар себеп болуы ықтимал. Еуроаймақтың ЖІӨ де екінші тоқсанда айтарлықтай төмендеп отыр. Менің болжамым: келесі аптада бір доллар 420-435 теңге, бір еуро 500-515 теңге, бір юань 5,5-5,9 теңге, бір рубль 59-61 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу