Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (11маусым- 15 маусым).
11маусым- 15 маусымға арналған валюта болжамы
Алдағы аптада айырбас бағымына бірқатар сыртқы фактор әсер ететін болады. Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар, әсіресе, Түркиядағы ақша-несие саясатының кезекті күшеюіне («Альпари», «ФИНАМ» және «Телетрейд Групп») баса назар аударды, сондай-ақ Бразилияның орталық банкі әрекетіне және реалдың айтарлықтай төмендеуіне(«ФИНАМ», «Телетрейд Групп») тоқталды. Сонымен қатар «Телетрейд Групп» сарапшылары Италияның мемлекеттік қарыз нарығындағы сауданың өсуіне де мән берді, ал «Альпари» компаниясының сарапшылары болса Аргентинадағы қаржы дағдарысына тоқталды.
Сондай-ақ қазір қысым астында қалған доллар да назардан тыс қалмады. Сарапшылар бұған себеп болып отырған факторлар ішінде АҚШ мемлекеттік облигациялары табыстылығының күрт төмендеуін («ФИНАМ», Wall Street Invest Partners) ерекше атап көрсетті. Сапаршылардың ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемесі көтеріледі деген болжамы америкалық валютаға қолдау болады (Wall Street Invest Partners және Gerchik&Co) деп есептейді. Сонымен бірге нарықтар еуропалық реттеушінің жиналысын («ФИНАМ», Wall Street Invest Partners) күтіп отыр.
Өсуі бәсеңдеген мұнай бағасына тоқталар болса, онда сарапшылар 22-23 маусым аралығында өтетін ОПЕК саммиті мен мұнай өндіруге арналған квотаны арттыруға қатысты мәселеге («ФИНАМ», Wall Street Invest Partners, «Телетрейд Групп») ерекше тоқталды.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Наталья Мильчакова, «Альпари» департамені директорының орынбасары:
Дональд Трамптың бірқатар елдің тауарына баж салығын енгізу және АҚШ-тың Солтүстік Америка елдерінің NAFTA еркін саудасы келісіміне қатысуын тоқтату туралы шешіміне байланысты геосаяси шиеленістің күшеюі күн тәртібінен түспей тұр. Аргентинаның ХВҚ көмегі арқылы шыққысы келіп отырған дағдарыс та дамушы елдердің валюталық нарығына жағымсыз әсер етуде. Латын Америкасының бірқатар елінің валютасы, сондай-ақ Түркияның валютасы қысым көруде. Brent маркалы мұнайдың бағасы бір аптада тағы 2,9%-ға төмендеді, бұл төмендеу кейбір мұнай валюталарында жағымсыз көрініс тапты.
Қазақстанда Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені 0,25 пайыздық көрсеткішке, яғни 9%-ға дейін төмендететінін жария етті. Бұл 2018 жылы орын алып отырған төртінші төмендеу. Мөлшерлемені төмендетуге жылдық инфляцияның 6,2%-ға дейін бәсеңдеуі мен мұнай бағасының жоғары болуы себеп болды. Алайда теңге бағамы үшін жаңалық жағымсыз болды.
Теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір доллар үшін 331-334 теңге, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы бір рубль үшін 5,34-5,43 теңгеге дейін өзгереді деп отырмыз.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Америкалық биржа алаңдары бейсенбі күні сауда сесиясын әртүрлі бағытта жапты.
Dow Jones өндірістік индекс 0,38%-ға өсті, жоғары технологиялық NASDAQ 0,71%-ға төмендеді, ал S&P500 индексі болса 0,07%-ға төмендеп, сауданы 2770,37 көрсеткішпен жапты.
10 жылдық қазынашылық облигациялар табыстылығы бес базистік көрсеткішке 2,92%-ға дейін төмендеді. Оған еуропалық реттеуші активтерді сатып алу бағдарламасын тоқтату мерзімін қарастыратын ФРЖ мен ЕОБ отырысы қарсаңында қарыз нарығы мен Emerging markets валютасына жасалып жатқан қысымның жалғасуы негіз болып отыр.
Bloomberg-тің хабарлауынша, Түркия екі ай ішінде ақша-несие саясатын үшінші рет күшейтуі сарапшыларды таңқалдырды. Ал Бразилияның орталық банкі ұлттық валютасын алыпсатарлық әрекеттерден сақтандыру үшін қосымша валюталық айырбас-шарттарды осы апта ішінде екінші рет сатты.
Жұма күні Канадада G7 саммиті басталды, ол жерде АҚШ-тың серіктестермен сауда қарым-қатынасы басты тақырып болмақ. Германия мен Франция қазірдің өзінде Дональд Трампқа АҚШ тарапынан жеңілдіктер болмаса, «Үлкен жетілік» кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қоймайтындарын ескертті.
Ирактың мұнай министрі Джаббара Әли Хусейн әл-Луэйбидің 22-23 маусым аралығында өтетін ОПЕК саммитінде мұнай өндіруге арналған квотаны арттыру мәселесі қарастырылмайды дегенінен кейін, өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 2,10%-ға өсіп, сауданы 77,42 доллар шамасында жапты. Алдағы аптада ойыншылар Владимир Путин мен Саудия ханзадасы Мұхаммед бин Салманның кездесуін басты назарда ұстайтын болады. Кездесуде «қара алтынды» экспорттаушы ең ықпалды екі ел өкілдерінің келіссөзі мұнай бағасына әсер ететін болады.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,2-5,5 теңге, долларға қатысты бағамы 332-335 теңге және еуроға қатысты бағамы 392-395 теңге болады деп болжап отырмыз.
Ілия Басшығұл, Wall Street Invest Partners жетекші сарапшысы:
Алдағы аптада теңгенің долларға қатысты бағамының төмендеуі жалғасуы мүмкін.
Мұнай бағасының бір баррелі 74,8-79 доллар шамасында. Алайда Америка штаттарындағы мұнайды өндіру деңгейінің артуы мен Қытай тарапынан «қара алтынға» деген сұраныстың төмендеуі салдарынан мұнай бағасының өсуі бәсеңдеді.
АҚШ-тың энергетика министрлігі шикі мұнай қорының коммерциялық өсуі туралы апталық есепте 2072 мың баррельден 436,584 млн баррельге дейін қор бар екенін мәлім етті. Бірақ та Вэнесуэла мен Ирандағы мұнай өндіруге қатысты проблема мұнай бағасының одан әрі төмендеп кетпеуіне негіз болып отыр. ОПЕК елдері мен Ресей мұнай өндіруді тәулігіне 1 млн баррельге дейін арттыру мүмкіндігін қарастыруда. Нарықтағы жағдайдың қандай болатыны 22 маусым күні Венада өтетін жиналыстан кейін белгілі болады.
Италиядағы саяси қорқыныштың және 14 маусым күнгі отырыста ЕОБ активтерді сатып алуға қатысты бағдарламаны тоқтату туралы ниет бар деген сыбыстың бәсеңдеуінен, еуроның долларға қарсы өсуі қосымша қарқын алуы мүмкін. Бірақ та бұл өсу тұрақты болмауы да мүмкін.
АҚШ-тың мемлекеттік облигациялары табыстылығының күрт төмендеуінен, америкалық доллар қысым көруде. Доллардың барлық негізгі валюталарға қатысты бағамы төмендеп жатыр. Жұма күнгі реттелуге қарамастан, америкалық долларға деген қысым жалғасуда. Американың экономикалық дамуының болжамдық көрсеткіштеріне мән берген жөн. Алайда инвесторлар таяуда өтетін отырыста мөлшерлеме 0,25 пайыздық көрсеткішке өсетініне сенімді.
Жаһандық сауда соғысының салдарынан теңгенің долларға шаққандағы бағамы тұралап қалды. Теңгенің долларға қатысты бағамы 330-340 теңге, рубльге қатысты бағамы 5,35-5,45 теңге болады деп болжап отырмыз.
Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:
Дамушы елдер нарығындағы жағымсыз үрдіс одан әрі қарқын алады. Қазір басты назарда Түркия мен Бразилия. Түріктердің Орталық банкі мөлшерлемені түбегейлі арттырғаннан кейін жергілікті лираға деген қысым азайды, ал Бразилиядағы реал болса үлкен қиындықтарды бастан өткеріп жатыр. Реал бір апта ішінде шамамен 7 пайызға төмендеген. Сондай-ақ Италияның мемлекеттік қарыз нарығындағы сауда да жағдайды ушықтырып тұр. PIGS елдері облигацияларының барлық спектрі бойынша қауіп артуда.
Мұнай бағасы әзірге төмендеп тұрған жоқ, бірақ ОПЕК пен Ресей екінші жартыжылдықта мұнай өндіруді арттыру туралы шешім қабылдайтын болса, онда мұнай бағасы сөзсіз төмендейді. Мұндай жағдайда теңге бағамы жағымсыз болары анық. USD/KZT жұбының бағамы 343 теңге шамасын бағындыруға тырысады, егер бұл деңгейге қол жеткізілетін болса, онда келесі мақсат бұдан да жоғары болады. Теңгенің еуроаға қатысты бағамы 407 теңгеге дейін түсіп кетуі мүмкін. Ресейлік рубльге қатысты бағамы 5,2-5,4 теңге болады.
Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:
Нарықтың пайыздық мөлшерлемені арттыруға қатысты FOMC шешімін күтуі америкалық доллардың нығаюы үшін басты драйвер болуы мүмкін.
Мұнай бағасының өсу тренді қазақтандық теңге үшін аса қолдау болмайды. KASE-де сауда көлемін арттыру айырбас бағамының жоғары бағада бекуін көрсетеді. Бір доллар 332-337 теңге болып, өсу болады деген болжам бар.
Ресейлік рубльге қатысты айырбас бағамы бұрынғыша бір рубль үшін 5,2-5,4 теңге болып қала береді.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:
Өткен аптада Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жылдық 9,25%-дан 9%-ға дейін төмендетті. Бұл 2018 жылдың басынан бері төртінші рет болып тұр. Теңгенің рубльге қатысты бағамы баяу әлсіреді. Оның тұрақтылығына ұлттық экономиканы дамытудың жақсы әлеуеті көмек болды деп ойлаймын. Қазақстан Ұлттық банкі өзінің ЖІӨ бойынша өсу болжамын осы жылы 2,9%-дан 3,5%-ға дейін арттырды. Бүкіләлемдік банктің осы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 3,7%-ға өседі деген болжамы бәрінен де зор болды. Мұнайдың арзан болуынан, теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы төмендеді. Алдағы аптада құбылмалық ауқымы бір рубль үшін 5,25-5,45 теңге, бір доллар үшін 328-338 теңге болуы мүмкін деген болжам жасап отырмыз.