Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға (11 қыркүйек-15 қыркүйек аралығына) теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.
Аbctv.kz сауалнамасына жауап берген сарапшылар өткен аптадағы сияқты алдағы аптада да бағамның қалыптасуына табиғат апаты әсер етеді деп отыр. «Астана-Инвест инвестициялық үй» АҚ және TeleTrade Central Asia сарапшылары Флорида қаласына жақындап қалған «Ирма» құйыны мен Мексика шығанағындағы «Катя» дауылы, сонымен қатар «Харви» дауылының салдары туралы еске салып өтті. Сарапшылар табиғат апаты мұнай бағасына оң әсер ететінін айтады.
Сондай-ақ «ФИНАМ», Gerchik&Co және «Евразиялық Капитал» АҚ компаниясының сарапшылары энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайды да ескеру керектігін еске салып өтті.
Сарапшылардың пікірінше, ресей рублінің әсері ең басты триггер болады. «Астана-Инвест инвестициялық үй» АҚ және TeleTrade Central Asia сарапшылары тамыз айында Ресейде инфляция бойынша болған жағымды статистиканы назарға ала отырып, осының салдарынан РФ Орталық банк мөлшерлемені 50 базистік көрсеткішке дейін төмендетуі мүмкін екенін айтты. Сонымен қатар сарапшылар РФ болатын бірыңғай дауыс беру күні мен АҚШ-тың Ресейге қатысты қазіргі санкциясына жаңа толықтырулар енгізуді қарастыруы мүмкін екенін де атап кетті.
Сарапшылардың пікірі abctv.kz әзірлеген кезекті сауалнамаға сәйкес, төмендегідей болып отыр.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниясы тобының сарапшысы:
ЕОБ Марио Драги реттеушінің отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында евроаймақ экономикасына бұрынғыша ынталандыру қажет деген болатын. Реттеуші отырысының нәтижесі бойынша болжанған пайыздық мөлшерлеме ең төменгі 0% деңгейінде қалып, 2017 жылдың желтоқсанына дейін 60 млрд еуроны құрайтын активтерді сатып алу көлемі сақталып қалды. Сондай-ақ реттеуші 2017 жылы ЖІӨ-нің өсуін бағалауды 1,9%-дан 2,2%-ға дейін жақсартты.
Бірақ та алыпсатарлар Марио Драгиден еуроның өсуіне байланысты алаңдаушылықты естиміз деп үміттенген болатын, алайда бұған қатысты ештеңе айтылмады. Осыдан кейін бірыңғай еуропалық валюта 1,21 белгісіне жетті.
Сондай-ақ доллардың әлсіреуі салдарынан апта ішінде мұнай бағасы өсіп, 55 доллар шамасына жетті.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,54-5,65 теңге, долларға қатысты бағамы 346-353, еуроға қатысты бағамы 416-424 теңге болады деп болжап отырмыз.
Сергей Полыгалов, TeleTrade Central Asia сараптау тобының жетекшісі:
Алдағы аптадағы жағдайға қарап отырып, қазақстандық теңге бағамы осы аптада рубль бағамына және Ұлттық банктің қалай әрекет ететіне байланысты болады.
Өткен аптада теңге доллар мен рубльге қатысты өз ұстанымын айтарлықтай әлсіретіп алды. Бұған Ресейдегі рубль бағамының күрт өсіп кетуі себеп болып, ол рубльдің теңгеге қатысты бағамына да өз әсерін тигізбей қоймады.
Рубльдің осыншалықты нығаюына де еш себеп болмаған сияқты. Иә, мұнай бағасы «Харви» дауылы мен күтіліп отырған «Ирма» дауылының салдарынан 54 доллардан жоғары болды. Бірақ та осындай жағдай орын алған күннің өзінде Ресейдегі доллардың бағамы шамамен 59 рубль болуы керек еді. Шілде айында Ресейде 0,5% шамасында дефляция болған еді, бірақ та мұның барлығы ресейлік рубльдің осыншалықты қымбаттауына себеп бола алмайды. Ал дефляциянң болуы дегеніміз - бұл РФ ОБ-ның 15 қыркүйек күні пайыздық мөлшерлемені қатты төмендетіп жіберуіне себеп болуы керек.
Теңге тарапынан рубль бағамына «орын беруге» бірқатар себеп болды. Қазақстан мен Ресей арасындағы импорт пен экспортқа қатысты соңғы мәлімет біздің елдің пайдасына шешілмей отыр. Ресейден келетін импорт 38,5%-ға өскен, біздің тауарлардың экспорты 2,4 есе төмендеген. Сауда балансы жағымсыз болып шықты. Біздің тауарларымыздың бәсекеге қабілеттілігі жағдайын өзгерту үшін Ұлттық банк ұлттық валютаны арзандатуға шешім қабылдады.
Алайда осы факторлардың өзі теңге жағдайын күрт өзгертіп жіберуі мүмкін емес еді.
Рубльдің күрт өсіп кетуіне 10 қыркүйек күні болатын сайлау әсер етті деген болжам бар. Экономиканың жоғары көрсеткіші мен рубльдің нығаюы – басқарушы «Единая Россия» партиясына көп дауыс жинауға көмектеседі.
Теңгенің рубльге қатысты бағамы әлсіреп кеткеннен кейін, рубльдің долларға қатысты бағамын рубльдің теңгеге қатысты кросс-бағамы арқылы сақтап қалу үшін оның долларға қатысты бағымын да әлсірету керек болды.
Келесі аптада рубльдің долларға шаққандағы бағамы өзінің нақты деңгейіне қайтып келуі мүмкін. Оған мұнай бағасы, пайыздық мөлшерлеме және сыртқы саяси тұрақсыздық әсер етуі мүмкін. Бұл ресейлік валютаның бір доллар үшін 58-60 рубль шамасына дейін көтеру керек.
Мұнай АҚШ қорының өсуі есебінен 51-53 доллар шамасында саудалануы мүмкін.
РФ ОБ инфляцияның мақсатты деңгейден 0,7%-ға дейін күрт төмендеуінен мөлшерлемені стандартты 25 көрсеткіштің орнына 50 базистік көрсеткішке дейін төмендетуге барады. Ал АҚШ ресейге қарсы санкцияларға тағы да толықтырулар жасауды қарастыруы мүмкін.
Осыдан барып, RUB/KZT жұбы бойынша бағам бір рубль үшін 5,7-5,8 теңге шамасында, ал USD/KZT жұбы бір доллар үшін 335-340 теңге шамасында саудалануы мүмкін.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Өткен аптада мұнай бағасының өсуі, рубльдік облигациялардың раллиі, тамыз айындағы дефляцияның және доллар индексінің төмендеуінен, рубльдің айтарлықтай нығайғанын байқадық. Үлкен табыс әкелетін активтерге деген сұраныс жоғары болады, бұған федералдық қарыздың ресейлік облигацияларына деген капиталдың ағыны дәлел. Рубльге дауылдардың салдарынан қымбаттаған мұнай қолдау көрсетті. Табиғат апатынан кейін өңірлердегі мұнайды өңдеу мен жеткізу қиындайды.
«Харви» дауылынан кейін АҚШ-та мұнай өндіру айтарлықтай төмендеп, мұнай қоры өсіп кеткен болатын.
Келесі аптада АҚШ-тың табиғат апаты басты назарда болады. Бұл мұнай бағасын көтергенмен, қорғау активтерінің кетуі мен РФ ОБ-ның 15 қыркүйек күні отырыс жасауына әкелуі мүмкін. ОБ пайыздық мөлшерлемені 50 базистік көрсеткішке дейін төмендетуі мүмкін. Базалық пайыздық мөлшерлемені төмендету рубльдің одан әрі нығаю әлеуетіне шектеу болады.
Өткен аптада теңгенің рубльге қатысты бағымын әлсіретіп алды. Реттеушінің пікірінше, ұлттық валюта бағамына девальвациялық болжам әсер етті. Ұлттық банк тамыз айында шетелдік валютаға деген сұраныстың артуынан валюталық интервенция жасады. Келесі аптада USD/RUB жұбы 56-58 теңге шамасында саудаланып, USD/KZT бағамы 331-336 теңге болады, ал RUB/KZT – 5,7-5,90 теңге тұрады.
Ерлан Қойшыбаев, Gerchik&Co компаниясының веб-серіктесі:
АҚШ доллары бағымының әлемдік қаржы нарығында төмендеуі, сондай-ақ мұнай бағасының артуы Ұлттық банктің араласуынсыз-ақ теңгенің өз ұстанымын ұстап тұруына көмектеседі. Осы аптадағы айналым бағамы бір доллар үшін 332-338 теңге шамасында болуы мүмкін. Теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,4-5,9 теңге болуы мүмкін.
Әли Сағындықов, «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:
Өткен аптада теңгенің бағамы мұнай бағасының өскеніне қарамастан, төмендеді. Бұған не себеп болғанын ашып айта алмаймын. Мүмкін Ұлттық банктің әсері болған шығар. Алайда жұма күні өзгеріс болды. Теңгенің долларға шаққандағы бағамы келесі аптада 328-333 теңге шамасында болады деп есептейміз. Ал теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,7-5,8 теңге ауқымында болады.