Валюта болжамы:

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (2 шілде- 6 шілде).

2 шілде- 6 шілдеге  арналған валюта болжамы    

Аbctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар алдағы аптада теңге бағамын қалыптастыруда бұрынғыша  сыртқы факторлар негізгі рөл атқарады деп отыр. Сарапшылар («Альпари», «ФИНАМ») АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысына тағы да тоқталды. Сонымен қатар сарапшылардың («Альпари», «ФИНАМ», ГК TeleTrade) айтуынша, теңгеге нығайып келе жатқан доллар да қысым көрсететін болады.

 Сарапшылардың энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайды да назардан тыс қалдырмайтыны түсінікті. Әсіресе, сарапшылар ирандық экспорт төңірегінде болып жатқан алыпсатарлық пен Ливиядан мұнай жеткізу іркілісін («ФИНАМ») ерекше атап кетті.

Басқа да тирггерлер ішінен біздің сарапшылар әлемдік инвесторлардың тәуекелеге және дамушы елдердің активіне(«Альпари»), АҚШ-тағы салық реформасының нәтижесіне («ФИНАМ»), сондай-ақ еңбек нарығы бойынша америкалық статистикаға ( TeleTrade) қатынасына тоқталды.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар. 

 

Анна Бодрова, «Альпари»  компаниясының аға сарапшысы:

Жаңа аптада қазақстандық валютаның жағдайы мұнай бағасына, әлемдік инвесторлардың тәуекелге және дамушы елдер активіне, АҚШ долларының динамикасына тәуелді болады. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы бұрынғыша басты тақырып болып қала бермек, сондай-ақ капитал нарығына жаңалықтардың әсері шикізат секторы үшін маңызды болады.

АҚШ доллары жаңа аптада 338-342 теңге шамасында саудаланатын болады, еуро 396-401 теңге болып қалады. Рубль 5,44-5,48 теңге шамасында теңеседі.

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:   

Экономика бойынша әлсіз мәліметтер болғанына қарамастан, америкалық биржа алаңдары бейсенбі күні сауда сесиясын жоғары көрсеткішпен аяқтады.

S&P500 индексі 0,62% қосып, сауданы 2716,31 көрсеткіш белгісінде жапты, Dow Jones өндірістік индексі 0,41%-ға өсті, жоғары технологиялық NASDAQ 0,79%-ға артты. 10 жылдық қазынашылық облигациялар табыстылығы екі базистік көрсеткішке 2,84%-ға дейін өсті.

АҚШ-тың ЖІӨ-сі қаңтар-наурыз айында жылдық көрсеткіште 2,0%-ға өсті, ал экономистер жылдық көрсеткіш 3% болады деп отыр. Сондай-ақ олар сауда соғысының салдары тек америкалық қана емес, сондай-ақ әлемдік экономика бойынша оң болжамды жоюы мүмкін деген болжам жасауда.

Бейсенбі күні Сент-Луиседегі  инвестициялық конференцияда сөз сөйлеген ФРЖ банктің президенті  Джеймс Буллард салық реформасының нәтижесі алдағы екі жыл ішінде жойылатынын айтты. Осыған орай ол америкалық реттеушінің пайыздық мөлшерлемені тез көтеру шешіміне қатысты күмәнін білдірді.

Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 0,54%-ға өсіп, сауданы 77,75 доллар белгісінде жапты. Бұған иран экспорты төңірегінде болып жатқан алыпсатарлық пен Ливиядан қара алтынды жеткізу іркілісінің жалғасуы себеп болды.

Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,2-5,5 теңге, долларға қатысты бағамы 337-341 теңге және еуроға қатысты бағамы 392-395 теңге болады деп болжап отырмыз.

 

Анастасия Игнатенко,   TeleTrade аға сарапшысы:

Маусым айы қазақстандық валюта үшін жайсыз болды, осы уақыт ішінде АҚШ доллары 3,8%-ға өсті. Оның үстіне, маусым айында  америкалық валютаның теңгемен арақатынасы бағамының үшінші ай қатарынан өсуі байқалды.

USD/KZT жұбының мұндай көрінісі қазір нарықта орын алып отырған негізгі беталыстар мен FOREX нарығындағы DXY доллар индексінің динамикасымен келісіледі. Теңгеге тіпті  осы аптада мұнай нарығындағы бағаның өсуі де қолдау бола алмады. Ал бұл долларға қатысты өсіп келе жатқан тренд әсіресе, егер оның индексі 95-95,20 көрсеткіштен жоғары болып нығаятын болса, одан әрі қарқын алады деген сөз.

Алдағы аптада ойыншыларға АҚШ-тың ФРЖ-сының ашық нарығы бойынша комитет отырысының алдағы хаттамасы мен бейсенбі күні шығатын Америка еңбек нарығы мәліметтерінің  жариялауына назар аудару керек болады. Еске салар болсақ, қазір Америкадағы жұмыссыздық ең жоғары рекордтық минимум көрсетіп отыр, сонымен қатар жұмыспен қамтылғандар санының өсуі америкалық валютаға жаңа серпін беруі мүмкін.

Қазір USD/KZT жұбы 345-345,50 теңге шамасына жетуі мүмкін. Соңғы рет доллар осындай көрсеткішті былтырғы жылдың қазанында көрсеткен болатын. Неге мұндай болжам жасап отырмын? Өйткені, өкінішке орай, 2016 жылдың шілдесінен бері түсіп келе жатқан трендтің бар екенін көріп отырмын, ал бұл  доллар-теңге жұбының сауданың жоғары бағалық ауқымына көшуін көрсетеді.

RUB/KZT жұбының дианмикасына келер болсақ, онда ресейлік валюта бағамды өзгертіп, қазір қалыпқа келіп жатыр. Алайда, менің ойымша, өсу 5,50 теңге шамасында ғана болады. Осы шамаға қол жеткізілетін болса, онда рубль 5-5,10 теңге болуы мүмкін.

Осылайша, рубль бағамының құбылуы алдағы уақытта 5-5,50 теңге шамасымен шектеледі.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу