Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады ( 6 тамыз – 10 тамыз)
6 тамыз – 10 тамызға арналған валюта болжамы
Сарапшылар бағам қалыптастыруда сыртқы факторлар тағы негізгі рөл атқарады деп отыр. Осы аптада abctv.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар АҚШ долларының күшеюіне мән берді. Доллардың екі апта қатарынан нығайып келе жатқанын TeleTrade КТ, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» және IFC Markets сарапшылары өз болжамдарында атап көрсетті. Сондай-ақ «Альпари», TeleTrade КТ және «Астана-Инвест» сарапшылары да АҚШ-тағы ақша-несие саясатының бірте-бірте күшеюі мүмкін екенін айтты.
АҚШ-қа қатысты басқа да факторлар ішінен Қытаймен арадағы сауда соғысының ушығуы («Альпари», TeleTrade КТ), Иран(«ФИНАМ») және Ресеймен (TeleTrade КТ, «Астана-Инвест») арадағы қатынас атап көрсетілді. Бұл тағы санцияның болуына әкеліп, ал оның рубльге, сондай-ақ теңгеге әсер ететіні белгілі.
Сонымен қатар сарапшылар дамушы елдердің валютасына әсер ететін мұнай бағасын да назардан тыс қалдырмады.
TeleTrade және IFC Markets компанияларының сарапшылары ішкі фактор - Ұлттық банктің қысқамерзімді ноталарға шетелдік инвестиция салудың көлемі қысқарғаны туралы хабарламасына тоқталды.
Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптамалық департаменті директорының орынбасары:
25 шілде мен 1 тамыз аралығында көптеген дамушы елдердің валютасы баяу қарқында болды. Бұған АҚШ-тың пайыздық мөлшерлемені көтереміз деуі себеп болды, алайда 1 тамыз күні өткен отырыста ФРЖ пайыздық мөлшерлемені сол қалпында қалдырды. Brent маркалы мұнай бағасы аталған уақыт ішінде 2,6%-ға арзандады, ал АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы тағы қарқын алып келеді. Бұл дамушы елдердің валютасының төмендеуіне қосымша фактор болады.
Қазақстанда Ұлттық банк бірден екі банкте қаржылық проблемалар бар екенін анықтады және олардың жеке тұлғалардан депозитке қаржы қабылдауын уақытша шектеді. Валюта нарығындағылар Қазақстанның банк жүйесіндегі дағдарыс тағы қайталанып, теңге төмендеуі мүмкін деп қауіптенеді.
Теңгенің долларға қатысты бағамы бойынша жаңа болжам жасап, бір доллар 347-350 теңге болады деп отырмыз. Ал ресейлік рубльге қатысты бағам бір рубль үшін 5,47-5,5 теңге болмақ.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Өткен сауда сессиясының қорытындысы бойынша америкалық биржа индикаторлары компаниялар есебінің өсуі негізінде жабылды. Apple компаниясының нарықтық құны 1 трлн долларға жетті. JPMorgan Chase мәліметі бойынша, S&P 500 индексіне кіретін компаниялардың 60%-дан астамы екінші тоқсанға есеп беріп тастаған, олардың 86%-ы нарықтың табыс бойынша күткенінен асып кеткен, бұл 2009 жылдан бері болып тұрған жақсы көрсеткіш. Есеп берген компаниялардың 75%-ының табысы болжанғаннан асып түскен.
S&P500 нарығының индексі өсіп, 2827,22 шамасында жабылды. Өндірістік Dow Jones индексі 0,03%-ға түсті, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 1,24%-ға өскен. 10 жылдық қазынашылық облигациялар табыстылығы екі базистік көрсеткішке, 2,98%-ға дейін түскен.
Өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 1,16%-ға өсіп, сауданы 73,38 доллар шамасында жапты. API мен АҚШ энергия министрлігінің берген мәліметінен кейін, АҚШ пен Иран арасындағы текетірес, яғни геосаяси фактор тағы басты мәселе болды. Ислам Республикасы егер ирандық мұнайды экспорттауға шектеу қойылатын болса, мұнай өнімін тасымалдаудың ең басты көзі - Орзум бұғазын жабамыз деп қорқытуда. Олар айтқандарын нақтылау үшін ауқымды әскери-теңіз оқу жаттығуын жүргізбекші.
Тап қазіргі уақытта жергілікті қолдаумен Brent маркалы мұнай бағасы 71,45 доллар болып отыр.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,4-5,8 теңге, долларға қатысты бағамы 347-351 теңге және еуроға қатысты бағамы 401-406 теңге болады деп болжап отырмыз.
Сергей Лысаков, TeleTrade КТ сараптамалық орталық басшысы:
АҚШ ФРЖ-сы өткен аптадағы мәлімдемесінде америкалық экономиканың келешегін жақсы бағалап, биылғы жылы мөлшерлемені одан әрі екі рет көтеру ойлары бар екенін растады. Мөлшерлемені таяу арада өсіру 2018 жылдың қыркүйегіне жоспарланып отыр. Америкалық реттеушінің ақша-несие саясатын америкалық қазынашылық облигациялардың жоғары табыстылығымен бірге бірте-бірте күшейтуі, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы өріс алып тұрған тұста АҚШ долларын инвесторлар үшін жайлы етіп отыр. АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі бірінші тамызда 200 млрд доллар тұратын қытайлық тауарға 25% салық енгізілуі мүмкін деп, сауда соғысында мөлшерлемені тағы да көтерді. Қытайда қарап қалған жоқ, олар 60 млрд доллардан асатын америкалық экспортқа 5%-дан 25%-ға дейін салық енгізуге дайын екендерін айтты.
Мұның барлығы инвесторлардың әлемдік экономиканың өсу қарқынының қысқару бойынша алаңдаушылығын туғызып отыр.
Осыған байланысты инвесторлар дамушы елдердің активтеріне салым салудан тартынып, бұрын салған қаражаттарын бірте-бірте алып кетуде. Қазақстан Ұлттық банкі соңғы төрт айда қысқамерзімді ноталарға қаражат салу көлемі шамамен 900 млн долларға қысқарғаны туралы мәлім етті. Алынған ақшаны валюта нарығына әкету осы уақыт ішінде теңгенің 5,7%-ға төмендеуіне әкелді. Осылайша, шетелдік инвесторлардың меншігінде шамамен 450 млн доллар қысқамерзімді ноталар қалды.
Ұлттық банк өз мәлімдемесінде ұлттық валютаның еркін бағам жасап отырғанын және өзінің бағамқалыптастырудын нарықтық механизміне араласпайтынын нақтылады.
Қазақстан экономикасының оң динамикасына қарамастан, ұлттық валюта көптеген дамушы елдердің валютасы сияқты сыртқы фактормен нақтыланады.
Brent маркалы мұнай бір баррель үшін 71,85 долларға дейін төмендегеннен кейін, аптаның соңына қарай бір бөшкесі 73,1-73,70 долларға дейін көтерлді. Алдағы аптада мұнай бағасы бір баррель үшін 74,2-74,5 долларға дейін өсу керек.
Алдағы аптада теңге апта аптаның басында нығайып, сауда диапазоны бір доллар үшін 346,5-350 теңгеге көшуі мүмкін.
АҚШ тарапынан жаңа санкциялар дайындалып жатқаны туралы хабарламадан кейін, төмендеген ресейлік рубль де шамалы нығайды, бірақ та орташамерзімді келешекте қысым астында болады. Келер аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,45-5,51 теңге болып шамалы нығаюы мүмкін.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Бүгінгі болжамға «Барлығына күшті доллар кінәлі!» деген тақырып қоюға болады. Неге күшті? Себебі АҚШ ФРЖ-сы негізгі мөлшерлемені өсіреді. Яғни доллар қымбаттайды. Доллардың көптеген әлемдік валюталарға қатысты бағамы нығайып келеді, оның ішінде рубль де бар. Оған қоса санкцияда қысым болып отыр. Егер АҚШ Конгресі Ресейдің Федералдық Қарыз облигацияларына инвестиция салуға тыйым салатын болса, онда рубль де, Ресей экономикасы да қысымның астында қалады. Конгрестің қандай шешім қабылдайтынын болжау қиын. Бірақ мен тап қазір долларды сатуға кеңес бермес едім.
Келесі аптада доллар 345-355 теңге, рубль 5,4-5,6 теңге, Brent маркалы мұнай бағасы 70-77 доллар, бір биткоин 5500 -8500 АҚШ доллары болады.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Өткен аптада қазақстандық валютаның долларға қатысты бағамы әлсіреуді жалғастырды. Менің ойымша, бұған сыртқы нарықтардың динамикасы, оның ішінде мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі себеп болды. Вrent маркалы мұнай бағасы 3%-ға дейін түсіп кетті. Бұл ретте АҚШ долларының индексі екі апта қатарына өсті.
Апта ортасында теңгенің рубльге қатысты бағамының әлсіреуіне себептер болғанымен де, айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Ұлттық банктің шетелдік инвесторлар банктің борышкерлік қағаздарының ерекші түрі – қысқамерзімді ноталарға инвестиция салуын айтарлықтай қысқартты деген хабары теңге үшін жағымсыз болды. Биылғы жылдың наурызында шетелдік инвесторлар қысқамерзімді ноталарға 1,43 млрд доллар салған болатын, ал 30 шілдеде инвестицияның көлемін 450 млн долларға дейін азайтқан. Осының салдарынан Қазақстанның ағымдағы шот сальдосы кері көрсеткіш көрсетті. Рубльмен салыстыратын болсақ, екі елдің инфляциясының теңесуі теңге үшін жағымды фактор болды. 2018 жылдың жеті айында Қазақстандағы тұтынушылар бағасы небәрі 2,7% болды, ал бұл тап осы кездегі ресейлік деңгей 2,5%-бен сәйкес келді. Ал 2017 жылы Қазақстанда инфляция жоғары болып 7,1%-ға жеткен болатын (Ресейде – 2,5%).
Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,46-5,57 теңге, бір доллар үшін 345-352 теңге болады деп болжап отырмыз.