Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға (12-16 маусым аралығына) теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.
5-12 маусымға арналған валюта болжамы
Өткен аптада abctv.kz-тің сауалнамасына жауап берген сарапшылар болжам жасағандай, мұнай бағасы жағымсыз динамикада жылжыды, бұл өз кезегінде Қазақстан валютасына әсер етпей қоймады.Сарапшылардың пікірінше аталған үрдіс әлі біразға созылуы мүмкін. Мұнай бағасының құлдырауынан бөлек валюта бағамына АҚШ жариялайтын маңызды статистикалық мәліметтер де ықпал етеді, оның үстіне ФРЖ отырысының қарсаңында бұл мәлімет ерекше маңызға ие. Сарапшылардың басым бөлігі мөлшерлеме ең кемі 25 базистік көрсеткішке жоғарылайды деген пікірді ұстанып отыр, бұл долларға қолдау көрсетері сөзсіз. Сондай-ақ алдағы жұмада РФ ОБ отырысы да өтеді, ал оның қорытындысы бойынша негізгі мөлшерлеме 0,25%-ға төмендетілуі мүмкін, осының салдарынан рубль әлсірейді. Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, теңгеге қолдау көрсететін факторлар да жоқ емес, мысалға, Қазақстан мен Қытай достығының бекуі және аспан асты елінен Қазақстан экономикасына қосымша инвестиция тарту мүмкіндігін айтуға болады. Ойыншылардың толық пікірін төмендегі abctv.kz әзірлеген сауалнамадан біле аласыздар.
Наталья Мильчакова, «Альпари» талдау департаменті директорының орынбасары:
ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға келуі және оның екі елдің көпжылдық іскерлік, саяси, білім және мәдениет саласындағы табысты қарым-қатынасы жайлы Қазақстанның жетекші басылымдарының бірінде жарияланған бағдарламалық мақаласы, сондай-ақ Қытайдың ірі мемлекеттік банкі CITIC Bank-тің және Shuangwei инвестициялық қорының қазақстандық Altyn Bank акцияларының 60%-ын сатып алмақ деген хабар теңге бағамына қолдау көрсетті. Нарық Қазақстан экономикасына салынатын Қытай инвестициялары арта береді және экономикалық өсімді ынталандырады деп үміттенеді. Осындай жағымды жайттардың әсерінен теңгеге құлдырап бара жатқан мұнай бағасы ықпал етпеді.
Теңгенің долларға қатысты бағамы бойынша болжамымызды өзгертпейміз, сол бұрынғы бір долларға 312-314 теңге мөлшерінде қалдырамыз, ал теңгенің рубльге қатысты бағамы бойынша болжамымыз бір рубльге 5,4-5,5 теңге болады.
Сергей Полыгалов, TeleTrade Central Asia талдау тобының басшысы:
ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемеге қатысты шешіміне орай алдағы аптада АҚШ доллары нарық қатысушыларының тарапынан қолдауға ие болуы мүмкін. Отырыс 13-14 маусым аралығында өтеді. Сарапшылардың 85%-ы федералды резерв пайыздық мөлшерлемені тағы да 25 базистік көрсеткішке жоғарылатады деп топшылап отыр. АҚШ-тағы жалпы экономикалық ахуал бұл пікірдің ықтималдығын растап отыр. Соңғы аптада доллар едәуір арзандады, бұл инвесторларға оны арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ құлдырап бара жатқан мұнай бағасы да долларға қолдау көрсетіп тұр. МЭЕҰ-ның келісімдеріне деген сенім ақталмады, АҚШ энергетика министрлігі шикі мұнай және бензин қоры 3 млн баррельге артқаны туралы есеп берді, Картель келісіміне қатыспайтын елдер өндірісті үдетіп келеді. Бір аптада мұнай құны 5,4%-ға төмендеп, бір барреліне 50 доллардан төмен деңгейге түсті. Баға 46,80 долларға дейін арзандауы ықтимал, бұл америкалық валютаның пайдасына шешіледі. Осының негізінде USD/KZT бағамы 313-318 теңге диапазонында саудаланады деп болжам жасауымызға болады.
Алдағы аптада арзандап бара жатқан мұнайдың әсерінен ресейлік валюта өзінің қазіргі орнын сақтай алмауы мүмкін. Бірақ инвесторлар биыл алған дивидендтерін бұрынғыдай Ресей экономикасына салмай, шетел валютасына айырбастауы мүмкін.
Сондай-ақ егер РФ ОБ 16 маусымда өтетін отырыста пайыздық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылдаса, рубль әлсірейді. Қазіргі мөлшерлеме 9,25%-ды құрайды. Мөлшерлеме 0,25-0,5%-ға төмендетіледі деп күтілуде.
Екінші жағынан, ҚР ҰБ 6 маусымда өткен соңғы отырысында пайыздық мөлшерлемені 10,5%-ға дейін төмендетті.
RUB/KZT жұбында күрт ауытқу болмайды. Пайыздық мөлшерлемелер арасындағы айырмашылық паритетке жақындады, бұл қос валютаның бір-біріне қатысты ауытқу диапазонын тарылтып отыр.
RUB/KZT жұбы бойынша болжамымыз бір ресейлік рубльге 5,48-5,53 теңгені құрайды.
Евгений Чекай, «Аналитика Онлайн Қазақстан» компаниясының бас қаржылық сарапшысы:
Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені төмендете отырып, инфляцияны қалыпты деңгейде ұстап тұруға тырысып жатыр, бұл мәселеде үлкен қиындық жоқ. Қазір теңгенің девальвациясы туралы көп айтылып жүр. Бірақ бұл жолы жаңа девальвацияны немен ақтап шығады? Егер девальвация жасалса, мұнай бағасының төмендеуі мен рубльдің әлсіреуін себеп деп қарауы мүмкін. Белгілі бір іскер орталар теңгенің әлсіреуіне қызығып отыр, оның үстіне бағам айырмашылығынан пайда табуға болады. Міне осылар негізсіз девальвация жасауға ықпал етіп отыр, бұл экономикаға күрделі қиындық әкеледі. Қазір банк секторы қайта құру кезеңінде екенін жақсы білеміз, мемлекет те осы үшін көп қаражат жұмсап отыр. Сондай-ақ EXPO көрмесі де бізге қаншалықты қымбатқа түскенін жақсы білеміз. Сондықтан теңгенің әлсіреуіне ықпал ететін факторлар бар. Бірақ ұлттық банк теңгені бір долларға 315-320 теңге аралығында ұстап тұрады деп ойлаймын. Рубль 5,5-5,7 аралығында қалады.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Мұнай бағасының төмендеуі қазақтандық валютаның арзандауына себеп болды. Сонымен қатар олардың қозғалысы үйлесімсіз, себебі экономикалық өсуі теңгеге қосымша тұрақтылық береді. 2017 жылдың 25 мамырынан бастап Brent маркалы мұнай бағасы 11%-ға арзандады. Ал теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы шамамен 2%-ға төмендеді. Қазақстанның ЖІӨ көрсеткіші алғашқы тоқсанда 3%-ға өскен. Экономикалық тұрақтылық ұлттық банкке базалық мөлшерлемені 11%-дан 10,5%-ға түсіруге мүмкіндік берді.
Келесі аптаға ұсынып отырған болжамымызға тоқталар болсақ, теңгенің долларға қатысты бағамы 313-318 теңге, ресейлік рубльге қатысты бағамы 5,48-5,6 теңге. 2017 жылдың 16 маусымында РФ ОБ-ның кезекті отырысы болады. Онда негізгі мөлшерлеме қазіргі 9,25% деңгейінен 0,25% немесе 0,5%-ға түсуі мүмкін. Бұл ресейлік рубльдің әлсіреуіне тағы бір себеп болмақ.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің бастығы:
Өткен аптаның басынан бастап Brent маркалы мұнай бағасы 3,25%-ға түсіп кетті. АҚШ-тың шикізат өндіру көлемін арттыруы, сондай-ақ Ливия мен Нигерияның да өндіруді қалыпқа келтіруі туралы хабарламасы нарыққа кері әсерін тигізді. Сонымен бірге инвесторлар Катармен арадағы жағдай МЭЕҰ келісіміне кері әсерін тигізеді деп алаңдайды.
Бірақ кейін нарық қауымдастығы Катардың келісімнен шығуы сұраныстың жаһандық балансына аса әсер етпейді деді, өйткені Катар МЭЕҰ-да мұнай өндіру бойынша соңғы орында тұр. Бір жағынан алып қарайтын болсақ, Катардағы геосаяси дағдарыс өңірден мұнай жеткізуге қолайлы жағдай жасайды. Еске сала кетсек, Катар 2016 жылы тәулігіне 0,6 млн баррель мұнай шығарған болатын.
Сәрсенбі күні бағаның түсуіне мұнай қорының өсуін көрсеткен АҚШ энергетика министрлігінің мәліметі себеп болды. Мұнай бағасының осыншалықты түскеніне қарамастан, ресей валютасы аптаның басынан бастап 0,52%-ға ғана әлсіреген.
13-14 маусым күні өтетін ФҚЖ отырысы мен 16 маусым күнгі Ресей банкі отырысы алдағы аптаның маңызды оқиғасы болмақ. Алдағы аптаға ұсынып отырған болжамымыз USD/KZT жұбы бойынша – 312,5-315,5 теңге, RUB/KZT жұбы бойынша -5,52-5,55 теңге.
Әли Сағындықов , «Евразийский Капитал» АҚ сарапшысы:
Мұнай бағасының күрт төмендеуі рубль мен теңге бағамының әлсіреуіне себеп болады. Келесі аптада мұнай бағасы өседі деуге себеп жоқ. Ал алдағы уақытта Ливия мен Нигерия өндіруді арттыратын болса, онда мұнай бағасы қазіргіден де түсетін болады. Осыған байланысты доллар қымбаттайды. АҚШ долларына қатысты біздің болжамымыз 315-317 теңге, ал ресей рублі 5,5-5,58 теңге болады.
Богдан Зварич, «ФИНАМ» компаниясы тобының сарапшысы:
Егер теңгенің алдағы аптадағы динамикасы туралы айтар болсақ, онда бірнеше маңызды факторларға мән берген жөн. Оның бірі – негізгі мөлшерлеме бойынша шешім қабылданатын АҚШ ФҚЖ-ның отырысы. Осы арада мөлшерлемені 0,25%-ға көтеру активтер бағасына қосылып қойғанын айтып кету керек. Сонымен қатар инвесторлардың барлық назары шешім қабылдауға негіз болатын пікірлер мен Джанет Йеллен баспасөз мәслихатында болады. Ойыншылар америкалық реттеушінің несие-ақша саясаты тұрғысынан одан ары қарай қалай әрекет ететінін және оның қазіргі экономикалық жағдайға берген бағасын түсінуге тырысып бағады. Бұл жақында болатын ФҚЖ отырысында мөлдшерлемені арттыруға айтарлықтай әсер етуі мүмкін, яғни ойыншылардың жоғары тәуекелді активтерге деген көзқарасына да әсер етеді деген сөз.
Сондай-ақ ойыншылар алдағы апта бойына бөлшектік сауда, өнеркәсіптік өндіріс, тұрғын үй нарығы жайлы мәліметтер шығатын АҚШ статистикасын жіті бақылайтын болады.
Бұған қоса, соңғы уақытта АҚШ көмірсутектерін қоры мен өндіру динамикасының негізгі факторы болып отырған энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайды естен шығармаған абзал. Өйткені Штаттағы қордың күрт өсуі мұнай бағасын түсіріп жіберді. Алайда соңғы уақытта орын алып отырған Штаттағы қорды азайту үрдісі сақталады да , «қара алтын» бағасы көтеріледі. Тіпті келесі аптада Brent маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін 49 доллардан жоғары болуы мүмкін.
Мұндай жағдайда америкалық доллар 312 теңге болады деп ойлаймыз. Ал рубль жайын айтар болсақ, ол 5,55 теңге шамасындағы мөлшерін сақтап қалады.