Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар |
Atameken Business Channel оқырмандарына алдағы аптадағы (13-17 наурыз) теңгенің АҚШ доллары мен рубль бағамына қатысты кезекті валюта бағамын ұсынады.
АҚШ-тың федералды резервтік жүйесінің сәрсенбі, 15 наурызға белгіленген отырысы осы аптаның басты оқиғасы болмақ. Оның басшысы Джанет Йеллен өзінің соңғы сөзінде наурызда мөлшерлеменің көтерілетінін мәлімдеп, ақша-несие саясатын күшейту бойынша қатал шара қолданылуы мүмкін екенін ескертті. Бұл заңды түрде шикізат тауарлары мен оларға байланған валюталарға әскерін тигізбей қоймайды. Теңге бұған қалай төтеп береді, бұл туралы кезекті нарық ойыншыларының пікірін оқыңыз.
Анна Бодрова, Альпари компаниясының аға сарапшысы:
Бұл аптада Америка доллары АҚШ федералды резервтік жүйесінің наурызға жоспарланған отырысынан қолдау табады және бұл барлық сауда валюталарына, оның ішінде теңгеге де әсерін тигізеді. Пайыздық мөлшерлеменің артатынына нарық жүз пайыз сенімді. Бұл болжамдар валюта бағасын белгілеуде ескерілді, алайда эмоциялық әсерді ешкім жоққа шығармайды. Доллар 317-321 теңгеге саудаланады, ал ресейлік рубль 5,32-541 теңге шегінен аспайды.
Апта соңына қарай нарық тұрақталады, бұл инвесторларға қозғалысты керісінше 40-60%-ға қайтарып ұтып алуға мүмкіндік береді. Қазақстан валютасы мықты, сондықтан ол оны күрт құлдыраудан сақтайды.
Максим Романчук, Альпари компаниясының сарапшысы:
Нарық АҚШ ФРҚ пайыздық мөлшерлемені ұлғайтуын күтіп отыр. Отырыс осы аптада өтеді, ал шешім сәрсенбі, 15 наурызда жариялануы тиіс. Бүгінгі күні фьючерстік келісімшарттар мөлшерлеменің көтерілу ықтималдығын 90%-дан артыққа бағалап отыр. Егер аталған шешім қабылданса, бұл долларға деген сұраныстың өсуіне әкеп соқтырады және сәйкесінше доллардың теңгеге қатысты бағамы өседі.
Біздің есебіміз бойынша, егер мөлшерлеме көтерілсе, онда доллар/теңге жұбының қозғалыс диапазоны бір америкалық долларға 314-320 теңге шамасында болуы мүмкін. Ал рубль/теңге жұбына келер болсақ, оған соңғы бірнеше күні ішінде күрт төмендеп жатқан мұнай бағасының белгіленуі әсер етеді. Бағаның мұндай өзгерісі рубль бағамына күшті әсер етті.
Жақын арада Brent мұнайының бағасын бір барреліне 50 доллар деп белгілеу сыналуы мүмкін. Бұл жайт өз кезегінде Ресей валютасының теңгеге қатысты әлсіреуіне және аталған валюта жұбында құбылуға жол береді. Осы аптада қозғалыс диапазоны бір рубльге 5,10-5,45 теңгені құрауы мүмкін.
Богдан Зварич, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Біздің ойымызша, осы аптада энерготасымалдағыштар нарығы қайта қалпына келуі мүмкін. Өткен аптада айтарлықтай шығынға ұшырағаннан кейін, сатып алулар қайта орнына келуі мүмкін, бұл Brent маркалы мұнай бағасының барреліне 52,5 долллардан жоғары белгіленуіне әкеп соқтырады.
Жағдай жақсы жаққа ауысса, баға барреліне 54 долларға жетіп нарық қалпына келуі мүмкін екенін де естен шығармаймыз. Бұл теңгенің долларға қатысты нығайып, америкалық валютаның 314 теңгеге дейін төмендеуіне әкеледі. Ал теңгенің рубльге қатысты динамикасына келер болсақ, менің ойымша, рубльдің құны бір рубльге 5,45 теңгеге дейін өсуі мүмкін.
Дмитрий Лукашов,IFC Markets сарапшысы:
Теңге Америка долларына қатысты әлсіреуін жалғастырып келеді, алайда айтарлықтай қарқынды жылдамдықпен емес. Апта ішінде мұнай бағасының 7%-ға төмендеуіне инвесторлар мән бермеді десек болады. Дегенмен бұл жайт теңгенің бір АҚШ долларына 324 теңгеге дейін өсуіне жол ашатын маңызды фактор болуы мүмкін. Оның болжанатын ауытқу диапазоны өзгеріссіз қалады – долларға 313-324 теңге. Айта кетсек, рубль долларға қатысты бар болғаны 1%-ға ғана төмендеді және әлемдегі мұнай бағасының төмендеуі оған айтарлықтай әсер еткен жоқ. Теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 5,3 көрсеткішіне дейін төмендеуі мүмкін, себебі қаржы министрлігі мен Орталық банк өз валютасының бағамын әлсіретуге күш салып жатыр.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық Үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің бастығы:
Теңге мен Ресей рубліне әсер ететін негізгі фактор мұнай екені жасырын емес. Екі апта бұрын аяқталған экспорттаушылардың салық төлемдері теңгеге де, рубльге де уақытша қолдау көрсетті. Оның үстіне 15 наурызда болатын ФРЖ отырысын да естен шығармаған жөн, онда негізгі мөлшерлемеге қатысты шешім қабылданады.
Бүгінгі күні Bloomberg сауда платформасының сарапшылары мөлшерлеменің ұлғайтылуын 100%-ға болжап отыр, бұл «қара алтынға» қысым көрсетеді. Екінші жағынан, жұма күні мұнай бағасы үшінші күн қатарынан төмендеді және бұл американдық реттеушінің шешімі бағаға белгіленді деуге негіз береді. ФРЖ басшысының мәлімдемесі бойынша, биыл мөлшерлеме бірнеше рет көтерілуі мүмкін. Келер аптаға қатысты біздің болжамымыз: 320-330 теңге/доллар, 5,33-5,46 теңге/рубль.
Әли Сағындықов,«Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:
Осы аптада теңгенің бағамы бойынша менің болжамым – егер реттеуші күрт секірістерді жайландыруға араласпаса, теңге долларға қатысты 326-331 көрсеткішіне дейін төмендеуін жалғастырады. Бұл жағдайда бағам біртіндеп 322-326 көрсетікішіне жетеді. Ресей рублі бойынша күтілетін диапазон 5,55-5,60 теңгені құрайды.
Қанат Бабенов, «CAIFC Investment Group» АҚ активтерді басқару бөлімінің басшысы:
АҚШ сауда қорларының 528,4 млн барелльге дейінгі жаңа рекордқа жетуі аясындағы мұнай бағасының күрт төмендеуі теңге мен Ресей рублінің нығаюына кедергі болды. Бірақ теңге рубльге қарағанда әзірге тұрақты болып, нәтижесінде теңге/рубль жұбы бір рубль үшін 5,36 теңгеге дейін төмендеді.
Бағамның келешектегі тағдыры мұнай нарығына байланысты. Америкалық тақтатас мұнайдың өзіндік құны соншалықты жоғары емес, бұл тақтатас мұнай өндірушілерге өндіру көлемін мұнай бағасының бір бареллі үшін 50 доллардан жоғары көтеруге мүмкіндік беріп отыр. Нарық мұнай бағасының шегін бір баррель үшін 60 доллар көлемінде болатыны бағдарлаған сияқты, енді оның төменгі шегі, яғни бір баррель үшін 50 доллардан төменге дейінгі бағасын сынап көрмек.
Осы аптаның соңына дейінгі біздің теңге/долларға қатысты болжамымыз бір доллар үшін 315-320 теңге, ал теңге/рубль жұбы бойынша 5,32-5,37.
Валерий Полховский, FOREX CLUB компаниялар тобының сарапшысы:
Ресейдегі валюта нарығында рубльдің айтарлықтай әлсіреуі әзірге күтілмейді. Бағам бір долларға 60 рубль белгісіне жетуі әбден мүмкін және Қазақстандағы теңге/рубль жұбы бір ресейлік валютаға 5,5 теңге деңгейінде қозғалады. Теңгенің долларға қатысты бағамы күрт төмендеуі екіталай. Тек бірлігіне 320-325 теңге көрсеткішіне жетуі ықтимал.
МЭЕҰ елдері мұнай өндіруді қысқартуға мүдделі екенін ескерсек, мамыр айында Венада өтетін кездесуде олар бір келісімге келуі мүмкін. Бұл Brent мұнайы бағасының 60 долларға дейін жетуіне себепші болады. Сәйкесінше, бір долларға 312 теңге көрсеткішіне қайта келуі әбден мүмкін.
Дархан Лұқпанов, «Цесна Капитал» АҚ сарапшысы:
Мұнай бағасының төмендеуі МЭЕҰ-ның мұнай өндіруді шектеу туралы келісімінің мерзімін ұзарту бойынша мәселеден жақсылық күтудің қажетсіз болуымен байланысты. Өткен жылдың қараша айында Венада өткен МЭЕҰ-ның отырысына дейін теңге бағамының өзгеруі мұнай бағасындағы өзгерістерді 90%-ға қайталады. Биылғы жылдың мамыр айында Венада өтетін МЭЕҰ-ның отырысы да теңге бағамына маңызды әсер етеді.
Біздің ойымызша, өткен аптада мұнай бағасының түзетілуі толығымен теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамында көрініс берді және жаңа аптада теңгенің әлсіреуі әбден мүмкін. Апта соңында теңге 319-324 деңгейінде болады деп ойлаймыз.
Біздің болжамымызға сәйкес рубль де долларға қатысты жағымсыз динамикасын жалғастырады және теңгеден де қарқынды жылдамдықпен құлдырауы мүмкін. Теңгенің рубльге қатысты бағамы бойынша біздің болжамымыз 5,35-5,45.