Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Астана-Инвест
11.10.2019 |
385-390 |
Евразийский Капитал
11.10.2019 |
386-389 |
Forex Club
11.10.2019 |
389,5-390,5 |
DAMU Capital Management
11.10.2019 |
386-388 |
IFC Markets
11.10.2019 |
386-392 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Астана-Инвест
11.10.2019 |
6,0-6,1 |
Евразийский Капитал
11.10.2019 |
5,95-6,10 |
Forex Club
11.10.2019 |
6-6,02 |
DAMU Capital Management
11.10.2019 |
5,9-6,1 |
IFC Markets
11.10.2019 |
5,93-6,13 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Астана-Инвест
11.10.2019 |
427-433 |
Евразийский Капитал
11.10.2019 |
427,0-430,0 |
Forex Club
11.10.2019 |
428-429 |
DAMU Capital Management
11.10.2019 |
426-430 |
IFC Markets
11.10.2019 |
425-433 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Астана-Инвест
11.10.2019 |
54,5-55,5 |
Евразийский Капитал
11.10.2019 |
54,3-55,0 |
Forex Club
11.10.2019 |
54,7-55 |
DAMU Capital Management
11.10.2019 |
54-55 |
IFC Markets
11.10.2019 |
54,3-55,3 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (14-18 қазан)
7 қазан – 11 қазанға арналған валюта болжамы
Осы аптада қаржы аналитиктері теңге бағамына қатысты болжамдарында макроэкономикалық факторларға тағы да тоқталды. Олар мұнай бағасы мен шикізат нарығындағы ахуалды да атап өтті. Әсіресе ирандық танкерге жасалған шабуыл мен жуырда өткізілетін ОПЕК+ кездесуін, сонымен қатар АҚШ пен Қытайдың өзара баж салығына қатысты келіссөздерін сөз етті. Сарапшылар Түркияның Сириядағы әскери операциясына қатысты ойларымен бөлісті. Теңге бағамына әсер ететін факторлардың бірі, яғни АҚШ экономикасы рецессияға ұшырап қалуы мүмкін деген пікірлер айтылды.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Осы аптада қазақстандық валютаның долларға қатысты бағамы 0,6 теңгеге нығайып, 389,52 теңге болды. Бұған әлемдік мұнай нарығындағы бағаның көтерілуі әсер еткен. ОПЕК бас хатшысы Мұхаммед Баркиндоның желтоқсан айында ОПЕК+ келісіміне мүше елдердің шикізат бағасына қатысты кездесу өткізетіні туралы мәлімдемесі мұнай құнының өсуіне ықпал етіп отыр. Баркиндо шикізат нарығындағы тұрақтылықты сақтауға ұйым елдерінің барлығы да мүдделі екенін айтты.
Ал жұма күні теңгенің юаньға қатысты бағамы 0,05 теңгеге арзандап, 54,86 теңге болды. Бұған теңге бағамының әлемдік валюта нарығындағы өсуі ықпал еткен. Қазақстандық валюта нарығындағы жағдайға еліміздің Ұлттық банкі де ықпал етуде. Қаржы реттеушісі теңге бағамының көтерілуін тежеп отыр, өйткені ұлттық валютаның әлсіздігі экспорттаушыларға өте тиімді болып есептеледі.
Алдағы аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы өсуі мүмкін. Дегенмен біздің болжам бойынша, келесі аптада АҚШ доллары 389,5-390,5 теңге, еуро 428-429 теңге, рубль 6-6,2 теңге, юань 54,7-55 теңге болады.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:
Қазір нарықтың назары АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздерінде. Бұл кездесулердің Қытайға қаншалықты тиімді болатыны мұнай бағасына тікелей әсер етеді. Сәйкесінше рубль мен теңгенің де қалай өзгеретіні белгілі болады. Әзірге нарықтағы жағдай жаман емес: қор нарығы өсіп жатыр, мұнай бағасы да көтеріліп, рубль де нығайып келеді. Америкалық ақпарат құралдарынан жағымды жаңалықтар келіп түсуде.
Дегенмен АҚШ экономикасының рецессияға ұшырауы мүмкін деген күдік кесірінен теңге әлсіреуі мүмкін. Құлдыраудың арты әлемдік экономика өсімінің төмендеуіне, артынан шикізатқа деген сұраныстың төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Ал осылардың салдарынан теңге мен рубль әлсірейтіні сөзсіз.
Келесі аптаға болжамым: доллар 385-390 теңге, еуро 427-433 теңге, рубль 6,0-6,1 теңге, юань 54,5-55,5 теңге болады деп ойлаймын.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры
Өткен аптада қаржы нарығы құбылмалы болды. Әлемдік экономикада құлдырау басталуы мүмкін деген болжамдар кеңінен талқыланды.
Бірақ қазір жалғасып жатқан Бейжің мен Вашингтон арасындағы сауда келіссөздері мұндай күдіктерді сәл де болса сейілткендей болды. Сондай-ақ АҚШ Федералдық қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені көтереді деген белгілер де бар. Америкалық қаржы реттеушісі қазан және желтоқсан айларында отырыс өткізеді.
Апта соңында Қызыл теңізде ирандық танкерге шабуыл жасалды, АҚШ өз жасақтарын Сириядан шығарып, орнына Түркия әскері келді. Осы оқиғалардың барлығы ОПЕК отырысында талқыланады. Шабуыл салдарынан мұнай бағасы көтеріліп, теңге мен рубльдің нығаюына себеп болды.
Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 386-388 теңге, бір еуро 426-430 теңге, бір рубль 5,9-6,1 теңге, бір юань 54-55 теңге болады.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets аналитигі
Өткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Тіпті мұнай бағасының көтерілуі де көмектесе қоймады. ҚР Ұлттық банкінің дерегі бойынша, қыркүйек айында халықаралық қор 2019 жылдың басынан бері 6,8%-ға қысқарып, 28,36 млрд доллар болды. ҚР Ұлттық Қор динамикасын ескерсек, қысқару 2 пайызды құрады. Жыл басынан бергі ұлттық валютаның долларға қатысты бағамының әлсіреуі қазір 1,4% көрсетіп отыр.
Келесі аптада АҚШ доллары 386-392 теңге, еуро 425-433 теңге, рубль 5,93-6,13 теңге, юань 54,3-55,3 теңге болады.
Әли Сағындықов, «Евразийский Капитал» АҚ аналитигі:
Теңге келесі аптада құбылмалы болуы мүмкін. Мұнай бағасы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздерінің нәтижесіне тікелей тәуелді. Сонымен қатар шикізат құнына Түркияның Сириядағы күрд жасақтарына қарсы бастаған әскери операциясының барысы, ирандық танкерге жасалған шабуыл төңірегіндегі жағдай әсер етпек.
Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 386-389 теңге, бір еуро 427,0-430,0 теңге, бір рубль 5,95-6,10 теңге, бір юань 54,3-55,0 теңге болады.