Валюта болжамы: 7 қазан- 11 қазан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
387,700

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
05.10.2019
386-390
Астана-Инвест
05.10.2019
385-390
Forex Club
05.10.2019
387-388
DAMU Capital Management
05.10.2019
386-388
IFC Markets
05.10.2019
385-392
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,992

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
05.10.2019
5,9-6,1
Астана-Инвест
05.10.2019
5,9-6,1
Forex Club
05.10.2019
5,90-5,95
DAMU Capital Management
05.10.2019
6,0-6,1
IFC Markets
05.10.2019
5,92-6,05
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
426,700

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
05.10.2019
423-428
Астана-Инвест
05.10.2019
425-432
Forex Club
05.10.2019
425-426
DAMU Capital Management
05.10.2019
426-430
IFC Markets
05.10.2019
421-431
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
54,590

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
ГК «ФИНАМ»
05.10.2019
54,25-54,90
Астана-Инвест
05.10.2019
54-55
Forex Club
05.10.2019
54,35-54,4
DAMU Capital Management
05.10.2019
54,5-55,5
IFC Markets
05.10.2019
54-55

Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (7 қазан- 11 қазан). ​

7 қазан- 11 қазан

30 қыркүйек – 4 қазанға  арналған валюта болжамы

 

 

 

Қаржы аналитиктері теңге бағамына қатысты болжамдарында макроэкономикалық факторларға тоқталды. Осы аптада әлемдік экономика өсімінің баяулағанын сарапшылардың бәрі де атап өтті. Сондай-ақ АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресін және шикізат нарығындағы ахуалды да сөз етті. Ішкі триггерлер ретінде қазақстандықтардың ұлттық валютаға сенімсіздік танытуы мен ҚР Ұлттық банкінің ішкі нарықта белсенділік таныту мүмкіндігін қарастырды.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:

7 қазан- 11 қазанАмерикалық биржа алаңдары жоғарғы көрсеткіштермен жабылды. S&P 500 нарығының индексі 0,80 пайызға артып, 2910,63 пункт деңгейінде қалды. Ал Dow Jones индексі 0,47 пайызға, NASDAQ 1,12 пайызға көтерілді.10 жылдық қазына облигацияларының кірістілігі 5 базистік пунктке кеміп, -0,60 пайыз болды.

Екі күнге созылған құлдыраудан кейін, S&P индексі өзінің 3 пайызын жоғалтты. Кей америкалық сарапшылар Федералдық қор жүйесі қазан айында пайыздық мөлшерлемені қайтадан төмендетеді деп топшылап отыр.

Шетелдік биржалардағы құбылмалылық салдарынан шикізат нарығы зардап шегіп отыр: соңғы сауда нәтижесі бойынша, мұнай бағасы небәрі 0,09 пайызға өсіп, құны 57,74 доллар деңгейінде қалды.

Алдағы аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы айтарлықтай өзгермейді. Бір рубль 5,9-6,1 теңге, бір доллар 386-389 теңге, бір еуро 423-428 теңге, бір юань 54,25-54,90 теңге болады деп отырмыз.

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

7 қазан- 11 қазанОсы аптада қазақстандық валютаның долларға қатысты бағамы ең төменгі көрсеткішке ие болды, яғни 389 теңге құрады. Бірақ жұма күні көрсеткіш қайта көтеріле бастады. Бұған мұнай нарығының тұрақталуы әсер етті. Бұған дейін қара алтын құны АҚШ пен Еуропа экономикаларындағы  көрсеткіштер нашарлап кетті деген ақпардан кейін арзандаған еді. Енді нарық ойыншылар АҚШ пен Қытай арасындағы 10 қазанға белгіленген сауда келіссөздерін күтіп отыр.

Жалпы, қазақстандық валютаның арзандауына түрткі болатын факторлар жоқ деуге негіз бар. Айта кету керек, соңғы күндері теңге енсіз диапазонмен қозғалып келе жатыр. Яғни бұл Ұлттық банктің ішкі валюталық нарықтағы белсенділігін білдіреді.

Алдағы аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамын дөп басып айту мүмкін емес. Дегенмен біздің болжам  бойынша, келесі аптада АҚШ доллары 387-388 теңге, еуро 425-426 теңге, рубль 5,90-5,95 теңге, юань 54,35-54,4 теңге болады.

 

 

Серік Қозыбаев,  «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:

7 қазан- 11 қазанМұнай бағасының арзандауы тоқтап, керісінше, өсе бастады. Бұл фактор рубльдің долларға қатысты нығаюына оң ықпалын тигізіп жатыр. Жалпы, теңге үшін де шикізат және валюта нарығындағы жағдай жақсы әсер етуде. Бірақ ұлттық валютаға деген сенім жоқ. Сондықтан долларға деген сұраныс өте жоғары. 

АҚШ-тың Федералдық қор жүйесі тағы да пайыздық мөлшерлемені азайтуы мүмкін. Оның салдарынан рубль бағамы нығая түспек.

Келесі аптаға болжамым: доллар 385-390 теңге, еуро 425-432 теңге, рубль 5,9-6,1 теңге, юань 54-55 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

7 қазан- 11 қазанӨткен аптада дамушы елдердің валюталарына қайтадан қысым жасала бастады. Бұған АҚШ экономикасы көрсеткіштерінің төмендеп кеткені әсер етіп отыр. Оның негізгі себебі – Қытаймен арадағы сауда соғысы. Бұған дейін Қытай ЖІӨ-нің көрсеткіші азайғаны жарияланған болатын. Қос алпауыт экономикасындағы бұл жағдай әлем экономикасының бәсеңдеуіне түрткі болады. Осы аптаның ортасында қор нарығы да біраз баяулады. Бірақ Федаралдық қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені қайтадан төмендетуі ықтимал. Сонымен қатар Дональд Трамп келесі аптадан бастап Ақ үй Бейжіңмен сауда келіссөздерін жүргізе бастайтынын жариялады.

Еуроаймақтағы ахуал да көңіл көншітіп отырған жоқ: инфляция төмендеп барады. Бұл аймақта рецессия басталу қаупі бар. Ал Брексит келісімсіз түрде жүзеге асқан жағдайда, оның зардабын Еуропамен қатар әлемдік экономика да тартады. Оның үстіне Гонгконтағы жағдай да әлі тұрақтала қойған жоқ.

Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 386-388 теңге, бір еуро 426-430 теңге, бір рубль 6,0-6,1 теңге, бір юань 54,5-55,5 теңге болады.                 

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets аналитигі:

7 қазан- 11 қазанӨткен аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы қазақстандық валютаның долларға қатысты бағамы 392 теңге болған еді. Бұл ең төменгі көрсеткіш.

Бұған мұнай бағасының арзандауы, оған деген сұраныстың азаюы себеп болды. Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда соғысы аяқталмады. Тараптар 18 қазаннан бастап өзара баж салығын көтермек. Бұл өз кезегінде әлемдік экономиканы тежейтіні сөзсіз.

Ал ішкі негативті фактор – қыркүйек айындағы инфляцияның 0,3 пайызға өсуі. Жылдық көрсеткіші 5,3 пайызға жетті.

Келесі аптада АҚШ доллары 385-392 теңге, еуро 421-431 теңге, рубль 5,92-6,05 теңге, юань 54-55 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу