Валюта болжамы: 30 қыркүйек – 4 қазан

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
387,214

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
28.9.2019
386-389
Астана-Инвест
28.9.2019
385-390
ГК «ФИНАМ»
28.9.2019
385-389
Евразийский Капитал
28.9.2019
386,0-389,0
Forex Club
28.9.2019
387-388
IFC Markets
28.9.2019
384-390
DAMU Capital Management
28.9.2019
385-388
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
6,047

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
28.9.2019
6,00-6,05
Астана-Инвест
28.9.2019
5,95-6,05
ГК «ФИНАМ»
28.9.2019
5,9-6,1
Евразийский Капитал
28.9.2019
5,95-6,10
Forex Club
28.9.2019
6,2-6,4
IFC Markets
28.9.2019
5,96-6,1
DAMU Capital Management
28.9.2019
5,9-6,0
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
424,643

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
28.9.2019
423-427
Астана-Инвест
28.9.2019
423-428
ГК «ФИНАМ»
28.9.2019
423-428
Евразийский Капитал
28.9.2019
423,0-427,0
Forex Club
28.9.2019
423-424
IFC Markets
28.9.2019
420-431
DAMU Capital Management
28.9.2019
420-425
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
52,023

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
28.9.2019
54-55
Астана-Инвест
28.9.2019
54-55
ГК «ФИНАМ»
28.9.2019
54,25-54,90
Евразийский Капитал
28.9.2019
54,1-54,8
Forex Club
28.9.2019
54-3-54,4
IFC Markets
28.9.2019
53,8-55,2
DAMU Capital Management
28.9.2019
54-55

Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (30 қыркүйек - 4 қазан)

30 қыркүйек – 4 қазан

 

23 қыркүйек - 27 қыркүйек

 

 

Қаржы аналитиктері теңге бағамына қатысты болжамдарында геосаяси және экономикалық факторларға тоқталды. Осы аптада мұнай бағасының құбылмалылығын сарапшылардың бәрі де атап өтті, әсіресе Сауд Арабиясының жоғалған мұнай қорын қалпына келтіру жұмыстарын сөз етті. Дональд Трампқа импичмент жариялануы мүмкін деген ақпарды және 10 қазанға белгіленген АҚШ пен Қытай тараптарының келіссөздерін назарға алды.

Сонымен қатар БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ақ үй басшысы Дональд Трамптың кездесуін теңгеге әсер ететін ішкі фактор ретінде қарастырды.

Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:

Анна Бодрова, «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталығының бас сарапшысы:

30 қыркүйек – 4 қазанӘлемдік капитал нарығы қазір қиын жағдайды бастап кешіріп отыр. Бұған АҚШ-тағы саяси мәселелер себеп, нақтырақ айтқанда америкалық президент Дональд Трампқа импичмент жариялануы мүмкін. Сондай-ақ шикізат нарығындағы жағдай да көңіл көншітіп отырған жоқ. Соңғы мәлімет бойынша, Brent  сұрыпты мұнайдың бір баррелінің бағасы 61 долларға таяп қалды. Мұның салдарынан дамушы елдер валюталарының нығаюы екіталай.

Алдағы аптада АҚШ доллары 386-389 теңге, еуро 423-427 теңге, рубль 6-6,05 теңге, юань 54-55 теңге болады. 

 

 

 

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:

30 қыркүйек – 4 қазанАмерикалық биржа алаңдары төменгі көрсеткіштермен жабылды. S&P 500 нарығының индексі 0,24 пайызға кеміп, 2977,62 пункт деңгейінде қалды. Ал Dow Jones индексі 0,3 пайызға, NASDAQ 0,58 пайызға азайды.10 жылдық қазына облигацияларының кірістілігі 1 базистік пунктке кеміп, 0,58 пайызды болды. 

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қарым-қатынасы мен Дональд Трампқа импичмент жариялау туралы жаңалыққа қатысты инвесторлардың пікірі екіге бөлінді. Соңғы мәлімет бойынша, Қытайдың Сыртқы істер министрі Бейжіңнің америкалық тауарларды көбірек сатып алуға дайын екенін айтты. Қытай мен Құрама Штаттардың кезекті сауда келіссөздеріне дейін қаржы нарығында құбылмалылық сақталады.

Сауда қорытындысы бойынша, мұнай бағасы 0,1 пайызға төмендеп, 62,56 доллар болды. Енді алдағы уақытта мұнай нарығына ирандық фактор әсер етуі мүмкін, яғни ол Brent фьючерсінің бағытына зор ықпалын тигізеді. 

Алдағы аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы айтарлықтай өзгермейді. Бір рубль 5,9-6,1 теңге, бір доллар 385-389 теңге, бір еуро 423-428 теңге, бір юань 54,25-54,90 теңге болады деп отырмыз. 

 

Әли Сағындықов, «Евразийский Капитал» АҚ сарапшысы:

30 қыркүйек – 4 қазанКелесі аптада валюта бағамдарының күрт өзгермейді. Нарық Вашингтон мен Қытай арасындағы сауда келіссөздерін күтіп отыр. Тараптар ымыраға келсе, шикізат бағалары, негізгі биржа индекстері мен дамушы елдер валюталарында айтарлықтай өзгеріс болады. 

Келесі аптада теңге бағамы тұрақты болмақ. Біздің болжам: USD/KZT – 386-389, RUB/KZT – 5,95-6,10, CNY/KZT – 54,1-54,8, EUR/KZT – 423-427 теңге.

 

 

 

 

Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:

30 қыркүйек – 4 қазанҚазақстандық қор нәтижесі бойынша, теңгенің долларға қатысты бағамы 0,2 теңгеге қысқарып, 387,7 теңге болды. Ал еуроға қатысты бағамы 1,62 теңгеге өсіп, 423,6 теңге, ал рубльге қатысты – 0,03 теңгеге өсіп, 6,03 теңге,ал юаньға қатысты – 0,06 теңгеге өсіп, 54,38 теңге болды. 

Қазақстандық валютаның құбылмалы динамикасына әлемдік мұнай бағасының өзгеруі әсер етіп отыр. Егер де әлемдік экономикадағы қазіргі жағдай сақталса, Халықаралық энергетика агенттігі 2020 жылға қарай мұнай сұранысының өсіміне қатысты болжамды төмендетуі мүмкін.

Алдағы аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамын дөп басып айту мүмкін емес. Дегенмен біздің болжа  бойынша, келесі аптады АҚШ доллары 387-388 теңге, еуро 423-424 теңге, рубль 6,2-6,4 теңге, юань 54,3-54,4 теңге болады.

 

 

Серік Қозыбаев,  «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:

30 қыркүйек – 4 қазанСауд Арабиясының мұнай өндіруші нысандарына жасалған шабуылдарға қарамастан рубль бағамы өзгеріссөз қалды. Бірақ Ресейде салықтық кезең аяқталды, сондықтан рубль жақын күндері әлсіреуі мүмкін. Салдарынан теңгенің нығаюы да екіталай. Алдағы уақытта қазақстандық валюта бағамы айтарлықтай өзгермейді. 

Келесі аптаға болжамым: доллар 385-390 теңге, еуро 423-428 теңге, рубль 5,95-6,05 теңге, юань 54-55 теңге болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

30 қыркүйек – 4 қазанОсы аптаның негізгі оқиғасы – БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші сессиясы. Инвесторлар әлемдік көшбасшылардың Сауда Арабиясы, АҚШ және Иранның қаржы нарығындағы мәселелерді көтеріп, бір тоқтамға келетінін күтті. Сондай-ақ олар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресіне, Таяу Шығыстағы ушығып кеткен жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр. Саудиялықтардың жоғалған мұнай көлемін қалпына келтіруі салдарынан мұнай бағасы арзандап, доллар бағамы нығая түсті. 

АҚШ-та демократтар ресми түрде Трамқа импичмент жариялау процесін бастап кетті. Бірақ, біздің ойымызша,  қазір АҚШ экономикасының өсімі жақсы көрсеткішке ие болып отыр, сондықтан олардың президентке қарсы әрекеті нәтижесіз болады деп ойлаймыз. 

Ал Қытай билігі Гонконгтағы ереуілдерді баса алмай әлек. Бас көтеру кесірінен арнайы әкімшілік аймақтың экономикалық көрсеткіштері күрт төмендеп кеткен. 

Еуроаймақ экономикасы да тоқырауға ұшырап отыр. Кей аналитиктер Еуропаның бірінші болып рецессияға ұшырайтынын топшылауда. 

Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 385-388 теңге, бір еуро 420-425 теңге, бір рубль 5,9-6,0 теңге, бір юань 54-55 теңге болады.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу