Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.9.2019 |
385-387 |
ГК «ФИНАМ»
20.9.2019 |
385-389 |
Евразийский Капитал
20.9.2019 |
385,5-388,0 |
Forex Club
20.9.2019 |
385-386 |
Астана-Инвест
20.9.2019 |
380-387 |
DAMU Capital Management
20.9.2019 |
384-385 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.9.2019 |
5,97-6,06 |
ГК «ФИНАМ»
20.9.2019 |
5,9-6,1 |
Евразийский Капитал
20.9.2019 |
5,95-6,10 |
Forex Club
20.9.2019 |
6-6,05 |
Астана-Инвест
20.9.2019 |
6,0-6,1 |
DAMU Capital Management
20.9.2019 |
5,95-6,05 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.9.2019 |
425-429 |
ГК «ФИНАМ»
20.9.2019 |
427-432 |
Евразийский Капитал
20.9.2019 |
425,0-429,0 |
Forex Club
20.9.2019 |
426-427 |
Астана-Инвест
20.9.2019 |
425-435 |
DAMU Capital Management
20.9.2019 |
428-431 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
20.9.2019 |
54-55 |
ГК «ФИНАМ»
20.9.2019 |
54,25-54,90 |
Евразийский Капитал
20.9.2019 |
54,2-54,9 |
Forex Club
20.9.2019 |
54,3-54,5 |
Астана-Инвест
20.9.2019 |
54-56 |
DAMU Capital Management
20.9.2019 |
54-55 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (23-27 қыркүйек)
Сарапшылардың бәрі де осы аптада мұнай бағасының құбылмалылығын атап өтті. Сонымен қатар бұған әсер еткен Сауд Арабиясының мұнай нысандарына жасалған шабуылды сөз етті. Сондай-ақ, АҚШ-тың Федералдық қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемені түсіруі мен қазан айына белгіленген Вашингтон мен Бейжіңнің сауда келіссөздерін назарға алды.
Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталығының бас сарапшысы:
Қазақстандық валютаға әсер етіп отырған негізгі фактор – мұнай нарығындағы жағдай. Қазір Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны көтеріліп келеді, сондықтан теңге бағамы тұрақты болады. Әлемдік капитал нарығындағы жағдай тұрақсыздық танытқанымен, бұл теңге үшін оң әсерін береді.
Алдағы аптада АҚШ доллары 385-387 теңге, еуро 425-429 теңге, рубль 5,97-6,06 теңге, юань 54-55 теңге болады.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:
Америкалық биржа алаңдары түрлі көрсеткішпен жабылды. S&P 500 нарығының индексі 0,01 пайызға көтеріліп, 3006,79 пункт деңгейінде қалды. Ал Dow Jones индексі 0,19 пайызға азайып, NASDAQ 0,07 пайызға өсті.10 жылдық қазына облигацияларының кірістілігі 1 базистік пунктке кеміп, 1,79 пайызды құрады.
Сәрсенбіде АҚШ-тың қаржы реттеушісі негізгі пайыздық мөлшерлемені 25 базистік пунктке төмендетті. Жұма күні биржаларда фьючерстердің экспирациясы болады, бұл өз кезегінде S&P 500 индексінің өсуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Мұнай бағасы 1,87 пайызға көтеріліп, 64,81 доллар болды. Бұған Сауд Арабиясының жанармай импортына жүгінуі мүмкін деген ақпарат түрткі болды. Dow Jones дерегі бойынша, Saudi Aramco Ирактың мемлекеттік компанияларынан 20 млн баррель мұнайды өзінің мұнай өңдейтін нысандарына жеткізуін сұраған.
Алдағы аптада теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы айтарлықтай өзгермейді. Бір рубль 5,9-6,1 теңге, бір доллар 385-389 теңге, бір еуро 427-432 теңге, бір юань 54,25-54,90 теңге болады деп отырмыз.
Әли Сағындықов, «Евразийский Капитал» АҚ сарапшысы:
Хуситтердің Сауд Арабиясының мұнай нысандарына шабуыл жасауынан мұнай құнының шарықтап кетуі теңге бағамына айтарлықтай әсер етпеді. Жақын күндері Brent сұрыпты мұнай бағасы 63-66 доллар шеңберінде болады, өйткені Таяу Шығыстағы ахуал ушыққан күйі қалады.
АҚШ-тың Федералдық қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемені төмендетуі теңгеге сәл де болса оң әсерін береді. Сондай-ақ қазан айында АҚШ пен Қытайдың сауда келіссөздерін өткізуі нарықты тұрақтандыруға зор ықпалын тигізбек.
Келесі аптада теңге бағамы тұрақты болмақ. Біздің болжам: USD/KZT – 385,5-388,0, RUB/KZT – 5,95-6,10, CNY/KZT – 54,2-54,9, EUR/KZT – 425,0-429,0.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Қазақстандық валютаның долларға қатысты нығаюына соңғы күндері мұнай нарығындағы жағдай әсер етті. Сауд Арабиясы шикізат қорын қалпына келтіреміз деп уәде еткенімен, мұнай бағасы шарықтап кетті.
Әлемдік нарықтың назары қазір Құрама Штаттардың Федералдық қор жүйесінде. Қаржы реттеушісі қыркүйек айына белгіленген отырысында пайыздық мөлшерлемені түсірген болатын. Енді нарық қатысушылары келесі қадамның қандай болатынын күтуде.
Еуро мен доллар бағамдарына Ұлыбританияның Брекситтен келісімге келіп шығатыны туралы ақпарат оң ықпалын тигізуде. Сонымен қатар инвесторлар АҚШ пен Қытайдың қазан айындағы кездесуін күтіп отыр. Осы орайда юань нығайып, негізгі валюталарға қатысты позициясы күшейіп келеді.
Алдағы аптада АҚШ доллары 385-386 теңге, еуро 426-427 теңге, рубль 6-6,05 теңге, юань 54,3-54,5 теңге болады.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:
Сауд Арабиясыныың мұнай өндіруші нысандарына жасалған шабуылдан кейін қара алтын бағасы күрт көтеріліп кетті. Саудиялықтар мұнай қорын қалпына келтіреміз деп мәлімдеді. Ресейлік рубль осы оқиғадан кейін нығая түсті. Бірақ бұл көпке созылмауы мүмкін. Теңге де нығаюы керек болатын, бірақ өзгеріссіз қалды. Өйткені теңгеге деген сенім жоқ, девальвация болады деген күдік әлі де бар.
Келесі аптада доллар 380-387 теңге, еуро 425-435 теңге, рубль 6-6,1 теңге, юань 54-56 теңге болады деп ойлаймын.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
Осы аптаның негізгі оқиғалары: Saudi Aramco-ға жасалған шабуыл мен америкалық реттеушінің пайыздық мөлшерлемені қысқартуы. Шабуыл салдарынан әлемдік мұнай нарығы шикізаттың 5 пайызын жоғалтты.Сауд Арабиясы мұнай өндірісін қалыпқа келтіріп жатқанмен, осы аптада шикізат бағасы біраз құбылды.
Федералдық қор жүйесінің шешімінен кейін, шикізаттық тауарлар мен дамушы елдердің валюталары нығая бастады.
Қытайда индустриалды сектордың қарқыны бәсеңдей түсті. Бұл шикізат нарығы мен юаньға қысым жасауда. Осы орайда Қытайдың Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені 4,25-тен 4 пайызға төмендетті. Қытай экономикасы тоқырауда деген белгілер бар, өз кезегінде бұл әлем экономикасы өсімін баяулататыны сөзсіз. Әлемдік дағдарыс орнау үшін АҚШ рецессияға ұшырауы керек, бірақ Құрама Штаттардың қазіргі әл-ауқаты осал емес.
Өткен аптада қазақстандық валюта долларға қатысты 2 теңгесінен айырылды. Біздің ойымызша, келесі аптада бір доллар 384-385 теңге, бір еуро 428-431 теңге, бір рубль 5,95-6,05 теңге, бір юань 54-55 теңге болады.