Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
13.9.2019 |
385-388 |
ГК «ФИНАМ»
13.9.2019 |
384-389 |
Евразийский Капитал
13.9.2019 |
385-387 |
Астана-Инвест
13.9.2019 |
380-385 |
Forex Club
13.9.2019 |
386-387 |
DAMU Capital Management
13.9.2019 |
385-386 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
13.9.2019 |
5,91-5,95 |
ГК «ФИНАМ»
13.9.2019 |
5,85-6 |
Евразийский Капитал
13.9.2019 |
5,85-6,05 |
Астана-Инвест
13.9.2019 |
5,9-6,1 |
Forex Club
13.9.2019 |
5,7-5,9 |
DAMU Capital Management
13.9.2019 |
6,0-6,1 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
13.9.2019 |
426-428 |
ГК «ФИНАМ»
13.9.2019 |
426-431 |
Евразийский Капитал
13.9.2019 |
427,0-429,5 |
Астана-Инвест
13.9.2019 |
425-435 |
Forex Club
13.9.2019 |
426-427 |
DAMU Capital Management
13.9.2019 |
424-428 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
13.9.2019 |
54-55 |
ГК «ФИНАМ»
13.9.2019 |
54,25-54,90 |
Евразийский Капитал
13.9.2019 |
54,2-54,9 |
Астана-Инвест
13.9.2019 |
54,5-55,5 |
Forex Club
13.9.2019 |
54,6-54,7 |
DAMU Capital Management
13.9.2019 |
55-56 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (16-20 қыркүйек)
9-13 қыркүйекке арналған валюта болжамы
Осы аптада сыртқы макроэкономикалық факторлардың теңге бағамына әсер етуде шешуші рөл атқарғанына inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында сарапшылар кезекті рет тоқталды. Олар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысына баса назар аударып отыр. Сондай-ақ Еуропалық орталық банкінің монетарлық саясатты жеңілдетуі, келесі аптада өтетін Федералдық қор жүйесінің кезекті отырысы, осы аптада дамушы елдер валютасының нығаюы мен шикізат нарығындағы ахуалды сөз етті.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Анна Бодрова, «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталығының бас сарапшысы:
Әлемдік капитал нарығындағы жағдай осы аптада тұрақталды. Бұған Вашингтонның қытайлық тауарларға салық салуды екі аптаға шегеруі әсер етіп отыр. Сонымен қатар Еуропалық орталық банк қаржы-несиелік шарттарды жеңілдетуге шешім қабылдады.
Бұл факторлар өз кезегінде теңге бағамына ықпал етуде. Қазіргі әлемдік экономикадағы құбылыстарға қарамастан, дамушы елдердің валютасы жақсы көрсеткіштер көрсететін болады. Тіпті мұнай бағасының төмендеуі де теңгеге айтарлықтай әсер ете қоймайды.
АҚШ доллары 385-388 теңге, еуро 426-428 теңге, рубль 5,91-5,95 теңге, юань 54-55 теңге болады.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:
АҚШ пен Бейжің арасындағы сауда текетіресінің сәл де болса басылуы және Еуропалық орталық банкінің монетарлық саясатқа қатысты шешіміне байланысты америкалық биржа өсімді көрсетіп отыр.
S&P нарығының индексі 0,29 пайызға көтеріліп, 3009,57 пункт деңгейінде жабылды. Ал Dow Jones индексі 0,17 пайызға, NASDAQ 0,30 пайызға өсті. 10 жылдық қазына облигацияларының кірістілігі 4 базистік пунктке артып, 1,78 пайызды құрады. Германияның 10 жылдық облигацияларының кірістілігі -0,52 пайызға жоғарылады. Инвесторлар сондай-ақ Ақ үйдің Бейжіңмен уақытша сауда келісім орнатуы мүмкін деген ақпаратты жылы қабылдады. Бұл өз кезегінде бірқатар негізгі тауарларға салынатын салықтың көтерілмейтінін білдіреді.
Мұнай бағасы соңғы сауда қорытындысы бойынша, 0,68 пайызға төмендеп, барреліне 60,40 доллар деңгейінде қалды. Бұған Халықаралық энергетикалық агенттіктің 2020 жылға қарай нарықта мұнай қорының шамадан тыс көп болуы мүмкін деген мәлімдемесі әсер еткен. Абу-Дабиде өткен ОПЕК отырысынан кейін келешекте шикізат өндірісі қысқартылатыны туралы айтылмағаны да ықпал етті.
Алдағы аптада теңгенің негізгі валютаға қатысты бағамы айтарлықтай өзгермейді, бір рубль 5,85-6 теңге, бір доллар 384-389 теңге, бір еуро 426-431 теңге, бір юань 54,25-54,90 теңге болады деп отырмыз.
Әли Сағындыков, «Еуразиялық Капитал» АҚ сарапшысы:
Сыртқы және ішкі факторлардың арқасында теңгенің әлдеқайда нығаюына мүмкіндігі бар. Еуропалық орталық банкінің монетарлық саясатты жеңілдетуі мен Федералдық қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемені қысқартып қалуы және қазан айында өтетін АҚШ-Қытай келіссөздері, ҚР Ұлттық банкінің мөлшерлемені көтеруі теңгеге оң әсерін бермек.
АҚШ доллары 385-387 теңге, еуро 427-429,5 теңге, рубль 5,85-6,05 теңге, юань 54,2-54,9 теңге болады.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:
АҚШ пен Қытай келесі айда кезекті сауда келіссөздерін өткізбек. Оның үстіне Вашингтон бірқатар қытайлық тауарға салық салуды 1 қазаннан 15 қазанға дейін шегерді. Дамушы елдердің валюталары нығая бастады. Бірақ теңгеде ондай өзгеріс байқалмады.Менің ойымша, теңге әлсіремейді.
Жақын күндері мұнай қазіргі баға бойынша сатыла береді. Ал теңгенің долларға қатысты бағамы нығаюы тиіс.
Алдағы аптаға болжамым: Brent сұрыпты мұнайдың бір баррелі 60,0-62,0 доллар, доллар 380-385 теңге, еуро 425-435 теңге, юань 5,9-6,1 теңге болады.
Айдар Қалиасқар, Forex Club қаржы скауты:
Теңге бағамы қазақстандық қор биржасындағы сауда нәтижесі бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 0,42 теңгеге өсіп, 386,71 теңге болды. Рубльге қатысты бағамы 0,05 теңгеге кеміп, 5,99 теңге болды. Мұнай бағасының соңғы аптада төмендеуіне байланысты теңге де құбылмалылық танытты.
Жұма күні теңгенің долларға қатысты нығаюына Вашингтон мен Бейжің арасындағы жылымық әсер етті. Қос тарап қазан айында кезекті сауда келіссөздерін жүргізетін болып шешті. Қазақстандық валютаға ОПЕК отырысының шикізат бағасына қатысты шешімі әсер етпек. Сондай-ақ рубльдің еуро мен долларға қатысты көтерілуі де теңгеге зор ықпалын тигізеді.
Келесі аптада бір доллар 386-387 теңге, бір еуро 426-427 теңге, бір рубль 5,7-5,9 теңге, бір юань 54,6-54,7 теңге болады.
Мұрат Қастаев, «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:
ҚР Ұлттық банкі мөлшерлемені 9,25 пайызға дейін көтерді. Осы фактор және мұнай бағасының көтерілуі мен рубльдің нығаюы теңгеге ықпалын тигізді. Доллардың әлсіреуі жағдайында, дамушы елдердің валюталары біртіндеп нығая бастады.
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиелінісі бәсеңдеді. Қос тарап өзара салық салуды кейінге шегерді.
Теңгенің долларға қатысты бағамы 386-387 теңге дейгейінде қалады. Теңгенің доллар мен рубльге қатысты әлсіреуі инфляцияға әкеліп соғуы мүмкін. Мұның алдын алу үшін Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені көтеріп отыр. Біздің ойымызша, теңге нарықтық факторларға сәйкес болу үшін 3-5 пайызға нығаюы керек. Осы аптада Еуропалық орталық банк мөлшерлемені төмендетті. Нәтижесінде еуроның әлемдік валюталардың басым бөлігіне қатысты бағамы әлсірей бастады. Қытайдың орталық банкі тағы да банктердің резервіне арналған талаптарды азайтты. Қаржы реттеушісі мұндай қадамға ел экономикасын нығайту және несиелеуді ынталандыру үшін барып отыр.
Ресейде рубльдің долларға қатысты бағамы нығайып, сондай-ақ рубльдің теңгеге қатысты бағамы да күшейіп, 6 теңге деңгейіне жетті.
Алдағы аптада бір доллар 385-386 теңге, еуро 424-428 теңге, рубль 6,0-6,1 теңге, юань 55-56 теңге болады деп топшылап отырмыз.