Валюта болжамы: 9 қыркүйек-13 қыркүйек

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
386,450

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
09.9.2019
386-388,50
ГК «ФИНАМ»
09.9.2019
384-389
Астана-Инвест
09.9.2019
385,0-390,0
DAMU Capital Management
09.9.2019
384-385
IFC Markets
09.9.2019
383-390
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
5,862

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
09.9.2019
5,85-5,92
ГК «ФИНАМ»
09.9.2019
5,85-6
Астана-Инвест
09.9.2019
5,85-5,95
DAMU Capital Management
09.9.2019
5,7-5,8
IFC Markets
09.9.2019
5,75-5,95
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
428,000

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
09.9.2019
423-429
ГК «ФИНАМ»
09.9.2019
427-432
Астана-Инвест
09.9.2019
420,0-430,0
DAMU Capital Management
09.9.2019
430-432
IFC Markets
09.9.2019
424-433
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
54,415

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
09.9.2019
54-55
ГК «ФИНАМ»
09.9.2019
54,25-54,90
Астана-Инвест
09.9.2019
54,0-55,0
DAMU Capital Management
09.9.2019
53,5-54,5
IFC Markets
09.9.2019
54-55

Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (9 қыркүйек-13 қыркүйек).

9 қыркүйек-13 қыркүйек

 

2 қыркүйек-6 қыркүйекке арналған валюта болжамы

 

 

 

Осы аптада сыртқы макроэкономикалық факторлар теңге бағамына әсер етуде шешуші рөл атқармақ. Inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында бірқатар сарапшылар осындай пікір білдірді. Олар АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынас, екі алпауыттың қазан айындағы кездесуіне баса назар аударып отыр («ФИНАМ» компаниялар тобы, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ, «DAMU Capital Management» ЖШС, IFC Markets).

Сондай-ақ сарапшылар АҚШ-тың Федералдық қор жүйесінің жетекшісі Джером Пауэлдің сөз сөйлеуі мен жұмыссыздыққа қатысты жасалған есебі және Құрама Штаттардағы жұмыс орындары, қордың тағы да пайыздық мөлшерлемені төмендетуіне қатысты болжамдарын атап өтті.

Сарапшылар мұнай бағасына да қатысты пікірлерін білдірді.

Теңге бағамына әсер ететін факторлар, яғни рубльдің долларға қатысты нығаюы, Еуропалық орталық банктің негізгі мөлшерлемеге қатысты отырысы, Ресей Орталық банкінің негізгі мөлшерлемені 7%-ға дейін түсіруі және Гонконгтегі саяси ахуал сөз болды(«DAMU Capital Management» ЖШС, IFC Markets).

Сонымен қатар Қазақстанның Орталық банкінің пайыздық мөлшерлемеге қатысты шешімі назардан тыс қалмады.

Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz.әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

 

Анна Бодрова, «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталығының бас сарапшысы:

9 қыркүйек-13 қыркүйекОсы аптада теңге бағамына мұнай нарығы мен еліміздегі Орталық банктің пайыздық мөлшерлемеге қатысты шешімі әсер етеді. Әзірге шикізат нарығындағы жағдай қалыпты, сондықтан ҚР экономикасында пайыздық мөлшерлемені 25 базистік көрсеткішке төмендетуге толықтай негіз бар. Қаржы реттеушісі бұл мүмкіндікті пайдалана ма жоқ па белгісіз, бірақ қаржы-несиелік шарттарды жеңілдетуге мүмкіндік туып отыр.

АҚШ доллары 386-388,50  теңге, еуро — 423-429 теңге, рубль — 5,85-5,92 теңге, юань — 54-55 теңге болады.

 

 

 

 

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялары тобының сарапшысы:

9 қыркүйек-13 қыркүйекСоңғы сауда қорытындысы көрсеткендей, америкалық биржа алаңы өсімді көрсетті. S&P бес апталық ең жоғарғы деңгейге жетіп отыр. Технологиялық сектор акция өсімі бойынша ең жоғарғы көрсеткішке ие болды.

S&P 500 нарығының индексі 1,30 пайызға артып, 2976,00 пункт деңгейінде жабылды. Ал Dow Jones индексі 1,41 пайызға, NASDAQ 1,75 пайызға өсті. MSCI Emerging Markets индексі 1,2 пайызға көтерілді. 10 жылдық қазына облигацияларының кірістілігі 9 базистік пунктке артып, 1,56 пайызды құрады. Германияның 10 жылдық облигацияларының кірістілігі -0,584 пайыз болды.

Көрсеткіштердің өсіміне АҚШ пен Қытай сауда келіссөздерінің 13-ші раунды қазан айында Вашингтон қаласында өтетіні туралы ақпарат әсер еткен.

«Қара алтын» бағасы өткен аптадағы сауда қорытындысы бойынша 0,05 пайызға қымбаттап, баррелі 60,73 доллар болды. АҚШ-тың мұнай қорының 4,77 млн баррельге қысқаруы да шикізат нарығына оң әсерін тигізген.

Алдағы аптада теңгенің негізгі валютаға қатысты бағамы айтарлықтай өзгермейді, бір рубль 5,85-6 теңге, бір доллар 384-389 теңге, бір еуро 427-432 және бір юань 54,25-54,90 теңге болады деп отырмыз. 

 

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» Инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық сараптама бөлімінің басшысы:

9 қыркүйек-13 қыркүйекАҚШ пен Қытай арасында «жылымық» байқалып отыр. Келіссөз жүргізу туралы ұсынысты Қытай жасаған. Тараптар келіссөздерді қазан айында жалғастырады. Инвесторлар бұл жаңалықты жылы қабылдағанымен, бұған қатысты алдын ала қорытынды жасау әзірге ерте.

Мұнай нарығы жақсы көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Сауда сессиясының басында қымбаттағанымен, соңында кеміп кетті.  Мұнай құны өспейді, бірақ қатты құлдырайды деп айтуға да еш себеп жоқ.

Алдағы аптаға болжамым: Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 60,0-62,0 доллар, еуро 420,0-430,0 теңге, рубль 5,85-5,95 теңге, юань 54,0-55,0 теңге, бір доллар 385,0-390,0 теңге.

 

 

Мұрат Қастаев, DAMU Capital Management  ЖШС бас директоры:

9 қыркүйек-13 қыркүйекТеңгенің долларға қатысты бағамы 387-388 теңге мөлшерінде қалады. Өткен аптада макроэкономикалық ахуал жақсарып, мұнай бағасы өсті. Рубльдің долларға қатысты бағамы да көтерілді. АҚШ-тағы жұмыссыздыққа қатысты деректер америкалық экономиканың тұрақтылығын көрсетіп отыр. Сонымен қатар Вашингтон мен Бейжің жақын арада сауда келіссөздерінің кезекті раундын өткізетін болды.

Ал еуроаймақтағы PMI индекстерінің көрсеткіштері жаман емес, ЖІӨ-нің өсімі 1,1  пайыздан 1,2 пайызға өсті. Brexit-тің әбден жауыр болғаны соншалық, бұған қатысты жаңалықтар еуроға айтарлықтай ықпал жасап отырған жоқ. Құрама Штаттардың Федералдық қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемені түсіруі туралы болжамдарынан кейін, еуроның әлемдік валюталардың басым бөлігіне қатысты бағамы нығая түсті.

Қытай үкіметі Гонконгтегі ереуілдерді басу үшін күш қолданудан именбейтінін білдірді. Қаладағы бас көтерулердің басталғанына шамамен 3 айдай болып қалды. Салдарынан жергілікті экономика зардап шегуде: арнайы әкімшілік аймақтан капиталдың жылыстауы байқалып отыр. Қытай валютасы юаньнің әлемдік валюталарға қатысты бағамы әлсірей бастады.

Ресей Федерациясының Орталық банкі негізгі мөлшерлемені 7 пайызға дейін төмендетті. Бұл соңғы 5 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Келесі аптада бұл фактор теңгенің рубльге қатысты бағамына әсер етпек. Ресейдегі мөлшерлеме төмендесе, бізде, керісінше, көтерілуі мүмкін.Осыған байланысты алдағы аптада бір доллар 384-385 теңге, еуро 430-432 теңге, рубль 5,7-5,8 теңге, юань 53,5-54,5 теңге болады деп отырмыз.

 

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

9 қыркүйек-13 қыркүйекАлдыңғы аптада теңгенің юань мен рубльге қатысты бағамы әлсіреп, доллар мен еуроға қатысты бағамы өзгеріссіз қалды. Бұған сыртқы факторлар ықпал еткен.

Ресейдің Орталық банкінің мөлшерлемені 7,25%-дан 7%-дейін төмендетуі рубльге деген сұранысты арттырды. Реттеуші қаржы саясатын алдағы уақытта жеңілдететінін айтты. Инвесторлар ресейлік мемлекеттік облигацияларды сатып ала бастады.

Құрама Штаттар мен Қытайдың жаңа келіссөздері юаньнің басқа валюталарға қатысты бағамының нығаюына ықпал етті. Сонымен қатар Гонконгтағы ахуалдың тұрақталуы да бұған септігін тигізген.

Алдағы аптада теңге құбылмалығына келер болсақ, бір рубль 5,75-5,95 теңге, бір доллар 383-390 теңге, еуро 424-433 теңге және юань 54-55 теңге болады.

 

 

 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу