Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
14.2.2022 |
427-433 |
ГК «ФИНАМ»
14.2.2022 |
427-432 |
Forex Club
14.2.2022 |
430-433 |
SoftLink
14.2.2022 |
426-434 |
Swissquote Bank
14.2.2022 |
427-433 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
14.2.2022 |
5,60-5,85 |
ГК «ФИНАМ»
14.2.2022 |
5,60-5,85 |
Forex Club
14.2.2022 |
5,8-6,1 |
SoftLink
14.2.2022 |
5,5-5,74 |
Swissquote Bank
14.2.2022 |
5,7-5,8 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
14.2.2022 |
490-500 |
ГК «ФИНАМ»
14.2.2022 |
487-495 |
Forex Club
14.2.2022 |
497-500 |
SoftLink
14.2.2022 |
481-498 |
Swissquote Bank
14.2.2022 |
488-495 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
14.2.2022 |
66-67 |
ГК «ФИНАМ»
14.2.2022 |
67,00-68,00 |
Forex Club
14.2.2022 |
67,4-67,9 |
SoftLink
14.2.2022 |
67-67,9 |
Swissquote Bank
14.2.2022 |
66-68 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (14 ақпан-18 ақпан).
7 ақпан-11 ақпанға арналған валюта болжамы
Мұнай бағасы мен доллардың өзгеруі әдеттегідей теңге бағамының қалыптасуына әсер етуде. Inbusiness.kz сарапшылары мұнай бағасының рекордтық деңгейге жеткенін, АҚШ-тағы соңғы 40 жылдағы рекордтық инфляция туралы деректерді атап өтті. Сондай-ақ ФРЖ-ның агрессивті ақша-несие саясатын жүргізетінін назардан тыс қалдырмады. Сарапшылар ҚР Ұлттық Банкінің теңгені нығайту жөніндегі жұмысын, сондай-ақ реттеуші басшысының 2022 жылғы инфляция бойынша бағалауды қайта қарау және негізгі мөлшерлемені көтеру туралы хабарламасын сөз етті
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Анна Бодрова, "Альпари" аға сарапшысы:
Теңге соңғы төрт айдағы көрсеткіштермен салыстырғанда қазір тұрақты болып көрінеді. Бұған ҚР Ұлттық Банкінің монетарлық стратегиясы мен нарықтық факторлар әсер еткен болуы мүмкін. Теңге бағамы үшін мұнай бағасы маңызды болып қала береді. Қазір Brent баррелі 90-93 долларға саудалануда, бұл – қазақстандық валюта үшін өте жағымды фактор. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 427-433 теңге, бір еуро 490-500 теңге, бір рубль 5,60-5,85 теңге, бір юань 66-67 теңге болады.
Андрей Маслов,"ФИНАМ" КТ сарапшысы:
11 ақпанда аяқталған аптада теңгенің рубльдан басқа барлық валюталарға қатысты бағамы нығайды. Бұған Brent сұрыпты мұнай баррелі бағасының 2014 жылдан бері алғаш рет 96 доллардан асуы, ОПЕК+ альянсының бір күндік өндіріс көлемін 400 мың баррель көлемінде сақтауы, картельге мүше елдерде мұнай өндіру саласына инвестициялардың жеткіліксіздігі сияқты факторлар әсер етті. АҚШ-тағы инфляция қаңтар айында 7,5%-ға дейін өскеннен кейін, сарапшылар мен инвесторлар ФРЖ мөлшерлемені 2022 жылдың наурыз айында көтеруі мүмкін деп топшылап отыр. Рубль өткен аптада теңгеге қатысты нығайған жалғыз валюта болды. Жалпы, Ресей мен Батыс арасындағы шиеленіс басылғанымен, АҚШ пен Еуропа Украинадағы жағдайға әлі де алаңдаулы. ҚР ҰБ жаңа басшысы Ғалымжан Пірматов реттеушінің негізгі мөлшерлемені 10,25%-ға дейін көтеруі инфляцияның 2022 жылдың соңына қарай 6,0-6,5%-ға оралуына ықпал ететінін мәлім етті. Оның айтуынша, реттеуші ағымдағы жылғы инфляция бойынша бағаларды қайта қарайды. Премьер-министр Әлихан Смайылов ҚР-да ЖІӨ 2021 жылы 4%-ға өскенін хабарлады. Менің болжамым бойынша, келесі аптада бір доллар 427-432 теңге, бір еуро 487-495 теңге, бір рубль 5,60-5,85 теңге, бір юань 67,00-68,60 теңге болады.
Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скауты:
Жұма күні әлемдік валюта нарығында доллар бағамының нығаюы салдарынан Қазақстан қор биржасында теңгенің негізгі валюталарға қатысты бағамы айтарлықтай әлсіреді. Ұлттық валюта бағамының төмендеуіне АҚШ-тағы соңғы 40 жылдағы рекордтық инфляция туралы деректер жарияланғаннан кейін доллар бағамының негізгі валюталарға қарсы бағамының күрт өсіп, артынан мұнайдың арзандауы ықпал етті. Көрсеткіш қаңтар айында 7,5%-ды құрады, бұл 1982 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Нарық қатысушыларының ойынша, бұл фактор АҚШ Федералды резервтік жүйесін базалық пайыздық мөлшерлемені тезірек көтеруге итермелеуі мүмкін. Келесі аптада бір доллар 430-433 теңге, бір еуро 497-500 теңге, бір юань 67,4-67,9 теңге, бір рубль 5,8-6,1 теңге болады деп ойлаймын.
Дмитрий Лукашов, SoftLink сарапшысы:
Өткен аптада теңге бағамы барлық негізгі валюталарға қатысты нығайды. Бұған мұнай және басқа да шикізат бағаларының өсуі ықпал етті. Сондай-ақ АҚШ-та (+7,5%) және Еуроодақта (+5,1% ) рекордтық инфляция тіркелді, бұл доллар мен еуро динамикасына теріс әсерін тигізді. ФРЖ ставкасы небәры 0,25%, ал ЕОБ-тыкі нөлге тең. Яғни нақты кірістілік негативті болып табылады. Fitch Ratings агенттігінің Қазақстанның кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растауы теңге үшін оң ықпал етті. Fitch қазақстандық ЖІӨ 2022 жылы 3,9%-ға дейін өсіп, инфляция 7%-ға дейін төмендейді деп топшылап отыр. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов биыл ЖІӨ 4,2%ға дейін өсіп, инфляция 6%-ға дейін төмендейді деп мәлім етті. Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 426-434 теңге, бір еуро 481-498 теңге, бір рубль 5,5-5,74 теңге, бір юань 67-67,9 теңге болады.