Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
11.3.2022 |
520-540 |
Forex Club
11.3.2022 |
510-515 |
SoftLink
11.3.2022 |
508-527 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
11.3.2022 |
3,75-4,85 |
Forex Club
11.3.2022 |
4-4,5 |
SoftLink
11.3.2022 |
4,35-5 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
11.3.2022 |
570-590 |
Forex Club
11.3.2022 |
579-582 |
SoftLink
11.3.2022 |
556-578 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
ГК «ФИНАМ»
11.3.2022 |
78-90 |
Forex Club
11.3.2022 |
81-85 |
SoftLink
11.3.2022 |
80-84 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға, юаньға және рубльға қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (14-18 наурыз).
7-11 наурызға арналған валюта болжамы
Макроэкономикалық факторлар мен геосаяси қатерлер – қазақстандық валюта бағамының қалыптасуына әсер етіп отырған негізгі факторлар. Inbusiness.kz порталында өз болжамын жариялаған сарапшылардың назары қазір Украинаның төңірегіндегі жағдайда. Олар Ресейге қарсы салынған санкциялардың экономикаға әсері және рубльдің өзгеруін бақылауда. Сондай-ақ олар ҚР Ұлттық Банкінің валюталық интервенция жүргізгенін, қолма-қол доллар тапшылығы мен жеткізу тізбегіндегі мәселелерді атап өтті.
Сарапшылардың толық пікірін сайт әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар:
Андрей Маслов,"ФИНАМ" КТ сарапшысы:
Қазақстандық валютаның барлық негізгі валюталарға қатысты құлдырауды жалғасуда. Дегенмен қақтығыстың бірінші аптасымен салыстырғанда құлдырау қарқыны баяулады. Украина аумағында ұрыс екінші аптада жалғасуда. Ресей экономикасы санкциялар енгізілгеннен кейін, көптеген халықаралық бизнестің елден кетуінен кейін өте қиынға жағдайға тап болды. Ресей Федерациясының егеменді рейтингі "дефолтқа дейінгі" көрсеткішке дейін төмендеді. ҚР Ресей Федерациясының маңызды сауда және әскери серіктесі болып қала береді, бірақ қазір Қазақстан бейтарап позицияны ұстанып отыр. Батыстың санкциялары елімізге салынбады. Алайда рубльдің күрт құлдырауына байланысты теңге де әлсірей түсуде. БАҚ-тың хабарлауынша, Қазақстанда доллар тапшылығы байқалуда. ҚР ҰБ бұл жағдайға байланысты мәлімдеме жасамады. Менің ойымша, келесі аптада бір доллар 520-540 теңге, бір еуро 570-590 теңге, бір рубль 3,75-4,85 теңге, бір юань 78-90 теңге болуы мүмкін.
Айдар Калиаскар, Forex Club қаржылық скауты:
Теңге бағамы осы аптада әлсіреді, бірақ құлдырау қарқыны бәсеңдеді. Геосаяси қатерлер – ұлттық валютаға қысым жасап отырған негізгі фактор. Қазақстанның Ұлттық Банкі теңгеге қолдау көрсетуін жалғастыруда. Дегенмен қаржылық реттеуші теңгенің белгіленген айырбас бағамына көшу мүмкіндігін қарастырмайтынын мәлімдеді. Банк бағамның өзгерістеріне кедергі жасамауды жоспарлап отыр, бірақ валюталық интервенцияның көмегімен шамадан тыс құбылмалылықты тежемек. Мысалы, сәрсенбіде Ұлттық банк нарықта $199 млн сатты, бұл жалпы сауда көлемінің 94%-дан астамын құрады. Реттеуші сондай-ақ базалық мөлшерлемені 13,5% деңгейінде қалдырды, әлі өзгертпеді. Келесі аптада бір доллар 510-515 теңге, бір еуро 579-582 теңге, бір юань 81-85 теңге, бір рубль 4-4,5 теңге болады деп ойлаймын.
Дмитрий Лукашов, аналитик SoftLink:
Өткен аптада теңгенің барлық валюталарға қатысты бағамы әлсіреді. Бірақ оның қарқыны баяулауда. Теңге сәл де болса нығаюы ықтимал. Өткен аптада АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларының Қазақстан экономикасына теріс әсерін азайту мақсатында қазақстандық-америкалық онлайн-консультациялары өткізілді. Ұлттық банк өткен аптада теңгені қолдауға бағытталған валюталық интервенциялар жүргізді. Олар $422 млн немесе қазақстандық биржадағы сауда айналымының 60%-ын құрады. Ұлттық банк қолма-қол валютаны сатуға қандай да бір шектеулердің жоқ екенін мәлімдеді. Яғни банкноттардың жетіспеушілігі уақытша құбылыс болуы мүмкін. Менің болжамым бойынша, алдағы аптада бір доллар 508-527 теңге, бір еуро 556-578 теңге, бір рубль 4,35-5 теңге, бір юань 80-84 теңге болуы мүмкін.