Валюта болжамы: 14 тамыз – 18 тамыз

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel оқырмандарға алдағы аптаға ( 14 - 18 тамыз аралығына) теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.

14 тамыз – 18 тамыз  7-11 тамызға арналған валюта болжамы

Аbctv.kz сауалнамасына жауап берген сарапшылардың дені теңге бағамының құбылмалығы төмендейтінін айтады. Олардың ойынша тұрақтылықтың басты факторына энергия тасымалдау нарығы себеп болады.

«Астана-Инвест инвестициялық үй», «Цесна капитал» АҚ және «Қазақстан Қаржы орталығы» ЖШС сарапшыларының пікірінше, басқа треггерлер арасында  валюта бағамына әсер етіп отырған АҚШ пен ҚХДР арасындағы қарым-қатынастың ушығуы бар. Олар сондай-ақ АҚШ пен Ресейдің геосаяси қарым-қатынасын да атап кетті.  «TeleTrade Central Asia», «Еуразия капиталы» АҚ, «Gerchik&&Co» және «Цесна Капитал» АҚ сарапшылар тобының айтуынша, алдағы аптадағы америкалық жаңа санкциялар рубль бағамына әсер ететін болады, ал ол теңге бағамына ықпал етеді.

Сарапшылар рубль бағамына  салық апталығы өз ықпалы тигізетінін, ал ол теңге бағамына да әсері болатынын айтып кетті. Мұны «Астана-Инвест инвестициялық үй», «TeleTrade Central Asia», «Еуразия капиталы» АҚ сарапшылары сөз етті.

Сондай-ақ сарапшылар Қазақстан қор биржасында АҚШ долларын сатып алу көлемінің қысқаруына, макроэкономикалық статистикаға және әлемдік биржадағы жағдай мен Қазақстандағы макроэкономикалық ахуалға  тоқталды. Сарапшылардың пікірі төменде abctv.kz әзірлеген кезекті сауалнамада ұсынылып отыр.

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы: 

14 тамыз – 18 тамыз

Өткен аптада валюта нарығында аса қатты өзгеріс болған жоқ,  тек геосаяси қауіптің өсуі ғана байқалды. АҚШ пен ҚХДР арасындағы қарым-қатынастың ушығуы апта соңына қарай инвесторлардың қауіпті активтерден шығып, жайлы орын іздеуіне әкелді. Ал бұл дамушы елдердегі валюта бағамының түсуіне себеп болды. АҚШ-тың мұнай қоры  жайында жағымды статистика болғанына қарамастан, апта қорытындысы бойынша мұнай бағасын белгілеу төмендеді.

Мұнай бағасын белгілеуге Ливия мен Нигериядағы мұнай  өндірудің артуы, картел құрамындағы елдерде мұнай өндіру маусым айына қарағанда шілде айында 173 мың  баррельге өскені жайындағы ОПЕК мәліметі әсер етті. Келесі аптада инвесторлар Корей түбегіндегі жағдайға ден қойып, қорғаныш активтеріне баса көңіл бөлетін болады. Ресейлік рубль бағамы тұрақсыз болып қала береді, оған мұнай бағасының төмендеуі, алынған дивиденттердің конвертациясы, инвесторлардың қауіпті активтерден бастарын ала қашуы, төлем балансындағы жасалатын операция тапшылығының өсуі өз әсер тигізбей қоймайды. Алайда егер АҚШ пен ҚХДР арасындағы қақтығыс басылатын болса, онда келесі аптада рубльдің нығаюы мүмкін. Оған сондай-ақ алдағы салық аптасы да көмек болады.

Келесі аптада рубльдің  бір долларға шаққандағы бағасы 59-61 рубль болады, USD/KZT бағамы 332-336 теңге, RUB/KZT 5,50-5,60  теңге болады деп болжап отырмыз. 

Сергей Полыгалов, «TeleTrade Central Asia» сараптау тобының жетекшісі:

14 тамыз – 18 тамыз

Теңге бағамын белгілеуде ресей рубліне қатысты фактор  бірінші орынға шықты. Алдағы өткен екі апта бойы теңге ресей рублі бағамының өзгеруіне қатты тәуелді болды.

Алдағы аптада да осы оқиға қайталануы мүмкін. Өйткені Ресей экономикасына қатысты жасалған жаңа санкция өз дегенін жасамай тынбайды.

Санкцияны енгізу бірден әсер етпейді. Ол батпандап кіріп, келешекте экономиканың құрылымдық өзгеруіне  әкелуі мүмкін. Бірақ та ресейлік рубльге бұл қазірдің өзінде әсер етіп, оның шетелдік валютаға қатысты бағамының арзандауына әкелуі мүмкін.

Рубль бағамының әлсіреуінен қазақстандық теңге де өз ұстанымын жоғалтып алуы ғажап емес. Өйткені екі арадағы тығыз экономикалық қарым-қатынас олардың бағамдық құнына әсер етпей қоймайды.

Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы бір баррель үшін 50 доллардан жоғары болуы теңге мен рубль бағамына  қолдау болады. Алайда бұл саладағы жағдай тұрақталмай тұр.

Келесі аптада ресейлік рубль бағамына басталғалы тұрған салық аптасы қолдау көрсетуі мүмкін. USD/RUB жұбы 59,50-60,10 рубль болады деп ойлаймыз. Ал USD/KZT жұбы 331,50-335 теңге шамасында саудаланып, RUB/KZT жұбы 5,5-5,58 шамасында болуы мүмкін. 

Михаил Цой, «Аналитика Онлайн Казахстан» компаниясының бас қаржы сарапшысы:

14 тамыз – 18 тамыз

Өткен апта теңге үшін жайлы болды. Бір аптаның ішінде қазақстандық валюта 332,8 теңгеге дейін нығайды. Теңге бағамының құбылмауына Қазақстандық қор биржасында долларды сатып алу көлемі қысқарғаны себеп болды. Осылайша Қазақстанның қаржы нарығына қатысушылар доллар сатып алуды 47,5%-ға немесе 9,1 трлн теңгеге дейін азайтты. Сондай-ақ әлемдік нарықтағы мұнай бағасының өсуі де теңге бағамына әсер ететінін атап кеткен жөн. Brent маркалы мұнай бағасы бір айда бір баррель үшін 53 долларға дейін көтеріліп, кейін 51,45 доллар шамасында тұрақталған болатын.

Алдағы аптада қазақстандық валюта үшін еш қауіп болмайды деп ойлаймын, өйткені мұнай бір баррель үшін 50 доллардан жоғары бағаға тұрақтады. Осыған байланысты USD/KZT бағамы бойынша баға белгілеу 330-335 теңге шамасында,  RUB/KZT жұбы 5,4-5,55 теңге ауқымында болады деп отырмыз.

Әли Сағындықов, «Еуразиялық Капитал» АҚ талдаушысы: 

14 тамыз – 18 тамыз

Біздің болжамымыз бұрынғыша мұнай бағасының қозғалысына тәуелді болады. ОПЕК есебіне сәйкес, әлемдік мұнай қоры төмендеген. Бұл Ливия мен Нигериядағы мұнай өндірудің артқанына қарамастан, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі үшін 51-52 доллар шамасындағы бағаны ұстап тұруға негіз болады. ОПЕК-ке мүше елдер мұнай өндіруге қатысты келісімді сақтайтын болса, онда бір баррель мұнай бағасы 53-54 долларға дейін өсуі мүмкін. Ресейлік рубль бағасына Ресей мен АҚШ арасындағы жағдай әсер етіп отыр. Алайда салық аптасының жақындауы рубльге шамалы болса да дем береді деп ойлаймыз. Біздің болжамымыз бойынша теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,50-5,58 теңге болады. Сонымен қатар теңгенің доларға қатысты бағамы да аса өзгере қоймайды деп ойлаймыз, болжанып отырған шама бір доллар үшін 332-335 теңге. 

Ерлан Қойшыбаев, «Gerchik&Co» компаниясының веб-серіктесі:

14 тамыз – 18 тамыз

Өткен аптада доллардың нығаюы, сондай Ресейге қарсы қойылған санкция әсері  өз шегіне жетті. Валюта шегі бір доллар үшін 332-337 теңге шамасында болады деп болжанып отыр. Ал ресейлік рубль бағамы 5,2-5,8 теңге шамасында саудаланатын болады. 

 

 

Айнұр Дүйсембаева, «Цесна капитал» АҚ сарапшысы: 

14 тамыз – 18 тамыз

Өткен аптада Brent маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін 53,6 долларға дейін көтерілді. Алайда жұмаға қарай баға 1,5 долларға түсті. Біздің ойымызша, бұған АҚШ пен ҚХДР арасындағы геосаяси шиеленістің өршуінен туындаған қауіпті актвитерге деген сұраныстың төмендеуі себеп болды.

Мұнай басқа да қауіпті активтер сияқты қорғау құралдарының қоржынын теңдестіру барысында төмендеп кетті. Апта соңына қарай бағаның түсуіне әсер еткен екінші фактор, табысты тиянақтау болды. Сонымен қатар ОПЕК-тің ай сайынғы есебі нарық динамикасына еш әсер етпеді.

Келесі аптада бұл факторлар мұнай бағасының динамикасына кері әсерін тигізетінін көреміз. Сондай-ақ Ресейге қатысты АҚШ санкциясы да бар. Осының барлығын есептей отырып, USD/RUB және USD/KZT жұбы әлсірейді деп ойлаймыз.  Алдағы аптада USD/RUB – 59,5-61, USD/KZT – 331-336,5, RUB/KZT – 5,47-5,57 болады деп ойлаймыз. 

Әліби Нұрбаев, «Қазақстан қаржылық орталығы» ЖШС бас сарапшысы:

14 тамыз – 18 тамыз

Өткен аптада теңгенің құбылуы байқалмады. Көп жағдайда теңгенің тұрақтылығы мұнай бағасына тәуелді. ОПЕК құрамындағы елдердің екі күндік саммит қорытындысы бойынша, Саудия қыркүйек айында шикізат экспортын тәулігіне 520 мың баррельге қысқартатынын айтты.  Сондай-ақ АҚШ-тың мұнай қоры деңгейінің төмендегені туралы жаңалық нарық қатысушыларының көңілін көтерді. Brent маркалы мұнай бір баррель үшін 53 долларға дейін көтерілгенімен, осы деңгейде тұрақтап қала алмады. Бұл төмендеу инвесторлардың Халықаралық энергетика агенттігі алдындағы есебімен байланысты болды деп ойлаймыз. Ал энергия тасымалдау бағасының өсуі рубль мен теңге бағасына оң әсерін тигізетінін еске сала кеткен жөн.

Ресейлік рубль энергия тасымалдаушылар нарығы бағасының өсуінен өзінің долларға қатысты бағамын нығайтатын болады. Аптаның соңғы күні нарыққа қатысушылар АҚШ тұтынушылар бағасы индексінің қандай болатынына мән береді. Жағымды жаңалық болатын болса, доллардың басқа валюталарға қатысты бағамы нығаюы мүмкін. Ал рубль тағы да қысым астында қалуы мүмкін. Сонымен бірге АҚШ пен ҚХДР арасындағы қақтығысты естен шығармаған жөн. Ал әзірге келесі аптада теңге мен рубль өседі деп отырмыз. USD/KZT валюта жұбы келесі аптада 332-338 теңге, RUB/KZT жұбы 5,55-5,60 теңге болады деп болжануда.  

Алексей Коренев, «ФИНАМ» компаниясы тобының сарапшысы:

14 тамыз – 18 тамыз

Он сауда сессиясында қатарынан өскен америкалық нарық соңғы күндердегі  статистика мен корпоративтік есепке қарамастан, түзетуге көшті. Апта бойына әртүрлі  қозғалысты көрсеткен еуропалық индекстер де төмендеді. Осыдан барып барлық әлем түзетуге көшті.

Бейсенбі күні әлемдік биржалардың ешқайсысы өсуді көрсеткен жоқ. Қор нарығындағы активтердің төмендеуі шикізат саудасына әсер етпей қоймады. Керемет үлкен өсуді көрсетпесе де біршама өсукен мұнайдың өзі бағасын жоғалтып алды. Ал көмірсутектердің әлемдік биржадағы құны ресейлік рубль мен қазақстандық теңге  бағамында көрініс табатыны белгілі. Жұма күні Астана уақытымен сағат  19.00-дегі есеп  бойынша Brent маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін 51,841 доллар болды. Ал WTI маркалы мұнай 48,47 доллар тұрды.

Бүгінгі күні қор биржалары қолдаудың қандай болатынын болжап көруі керек. Барлық техникалық сараптамаға сүйене отырып, индекстердің төмендеуінің тоқтау шегі жақын екені көруге болады.

Келесі аптада біршама макроэкономикалық статистика шығады деп болжануда, сондай-ақ сәрсенбі күні АҚШ мұнай шикізатының қоры туралы есепті көретін боламыз. Осы фактор және метеорология мамандарының Мексика шығанағында дауыл болады деген болжамының жоққа шығуы мұнай бағасын белгілеуге және рубль мен теңге бағамына әсер ететін болады. Алайда келесі аптада бұл валюталар аса қатты өзгереді деп үміттенудің қажеті  жоқ. Егер әлемдік биржа бүгінгі деңгейде нығаймай, төмендейтін болса, онда рубль мен теңге де кері динамиканы көрсететін болады. Онда теңге бағамы бір доллар үшін шамамен 337-339 теңге, ал рубльге қатысты шамасы 5,56-5,58 теңге болады. 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

14 тамыз – 18 тамыз

Теңгенің долларға қатысты бағамы 325-335 теңге, рубльге қатысты бағамы 5,48-5,58 теңге болып тұрақталады деп ойлаймын. Қазақстандық валютаға мұнайдың әлемдік нарықтағы тұрақты бағасы, сондай-ақ жақсы макроэкономикалық көрсеткіш қолдау болуы мүмкін. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы Қазақстанның ЖІӨ-сі 4,2%-ға өскен. Бұл 2017 жылға болжанған ресми көрсеткіштен біршама асып түсті.

 

14 тамыз – 18 тамыз

 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу