Валюта болжамы: 15 – 19 мамырға арналған валюта болжамы

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel  оқырмандарға алдағы аптаға (15-19 мамыр аралығына) теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады 

15 – 19 мамырға арналған валюта болжамы8-12 мамырға арналған валюта болжамы

Аbctv.kz сауалнама алған сарапшылардың ойынша, алдағы аптада энергия тасымалдаушылар бағасының динамикасы дамушы елдердің валюта бағым үшін ең басты фактор болып қала береді. Нарықтың барлық үміті МЭЕҰ-ның кезекті жиналысында шешілетін мұнай келісімін ұзарту мәселесіне қатысты болып отыр. Сарапшылар осы оқиғаға байланысты пікірлерін аса сақтықпен білдірсе, ойыншылар да үмітін үзбей отыр. Келісімді ұзарту туралы шешім қабылданатын болса, бұл мұнай бағасына жақсы әсер етеді. Сондай-ақ АҚШ долларына қатысты теңге мен рубльдің бағамын нығайтады. Толығырақ ойыншылардың пікірін төмендегі abctv.kz дайындаған сарапшылардың сауалнамасынан біле аласыздар

Наталья Мильчакова, «Альпари» сараптама департаменті директорының орынбасары:

15 – 19 мамырға арналған валюта болжамыБіздің болжамымыз бойынша, теңгенің долларға қатысты бағамы, 314-316 теңге деңгейінде, ал теңгенің рубльге қатысы бағамы 5,45-5,6 теңге ауқымында болады. Мұнай бір баррель үшін 50-51,5 доллар болатын шекте саудаланады, алайда қара алтын әзірге 50 доллар болатын деңгейге жете қойған, мұндай баға мұнай валютасының нығая түсуіне себеп болмайды. бағаланатын

25 мамыр күні болатын МЭЕҰ кездесуі барлық мұнай валюталары, сондай-ақ рубль мен теңге үшін маңызды оқиға болмақ. Егер мұнай өндіруді қысқарту туралы келісім ұзартылатын болса, мұнай өндіру алғашқы жарты жылдыққа қарағанда үлкен көлемде қысқаратын болады, ал бұл мұнай бағасының өсуіне және рубль мен теңгенің долларға қатысты бағамының нығаюына әкеледі. Бірақ уағдаластықтың болмауы мұнай нарығында үлкен дүрбелең тудырып, мұнай валютасының және көптеген дамушы елдердің валютасының айтарлықтай әлсіреуіне әкеледі.

2019 жылы Қазақстанда «ҚазМұнайГаз» бен «Эйр Астананың» акциялары сатылуы мүмкін деген жаңалық валюта нарығы үшін жағымды жаңалық.

Евгений Чекай, «АНАЛИТИКА Онлайн Казахстан» компаниясының бас қаржылық сарапшысы:

15 – 19 мамырға арналған валюта болжамы25 мамыр күні Венада өтетін жиналыс алдында мұнай бағасының біршама тұрақталуын байқап отырмыз. Егер мұнай өндіру көлемін қысқарту келісімі ұзартылатын болса, онда мұнай өндіру көлемі едәуір қысқаруы мүмкін. Осының арқасында рубль қайта күшіне мініп, ойыншылар мұнай бағасының өсетініне сене бастаған. Ал ол жиналыс болғанға дейін бір рубль 5,2-5,3 теңге болады деп ойлаймын. Теңге бағамы осы аптада тұрақты болып, бір доллар үшін 315-317 теңге ауқымында болады.

 

 

Сергей Полыгалов, TeleTrade Central Asia сараптамалық тобының басшысы:

15 – 19 мамырға арналған валюта болжамыОйлағанымыздай қазақстандық теңге бір доллар үшін 315-320 теңгешегінде саудаланды, ал рубль 5,4-5,5 теңге шегінде болды. Алдағы аптада мұнай мен ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемесінің артуы теңге үшін баға жасаушы фактор болады.

Әлемдік қаржы нарықтары ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлемесінің кезекті өсуі 2017 жылдың маусымында болады деп отыр. Бүгінгі күні пайыздық мөлшерлемеге қойылған фьючерстер бұл

оқиғаның болатынын көрсетеді. Бұл үшін сепете жеткілікті. 5 мамыр күні АҚШ-тың еңбек нарығы туралы мәлімет жарық көрді. Онда ауыл шаруашылығы саласынан тыс жаңа жұмыс орындарының айтарлықтай өсіп 21 мыңға жеткені, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту іс жүзінде 4,4% болғаны белгілі болды. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға берілген алғашқы өтінішке қатысты мәліметтер де оң динамиканы көрсетуде. 4 мамырдан бастап 11 мамырға дейінгі аралықта индикатор 236 мыңға дейін төмендеуді көрсетті. Ал сарапшылар 345 мыңға дейін өсу болады деп болжаған еді. Сондай-ақ бейсенбі күні өндірістік инфляция туралы мәліметтер жарияланды, онда болжанған 0,2%-ға қарағанда 0,5% -ға дейін күрт өсу болғаны, PPI-дің жылдық көрсеткіші 2,5%-ға дейін өскені көрсетілген.

Осы факторлардың жиынтығы нәтижесінде Федеральдық қор маусым айында өтетін отырыста базалық пайыздық мөлшерлемені шынында да 25 базистік көрсеткішке арттыру туралы шешім қабылдауы мүмкін. Осының әсерінен АҚШ доллардың барлық валютаға қатысты бағамы нығаюы мүмкін.

Доллардың өсуін ұстап тұратын ең басты фактор мұнай бағасының өсуі болуы мүмкін. 5 мамыр күнгі бір баррель үшін 47 долларға дейін төмендеген мұнай бағасы бір баррель үшін 51 доллар бағасында тұрақтады. «Қара алтын» бағасының өсуіне АҚШ энергетика министрлігінің шикі мұнай қорлары бойынша берген мәліметі себеп болды.

Егер мұнай бағасы бір баррель үшін 50-52 доллар шамасында тұрақтайын болса, онда USD/KZT жұбы 313-315 теңге болады, ал егер мұнай бағасы 50 доллардан тағы да төмендейтін болса, онда USD/KZT жұбы бір доллар үшін 317-322 теңге болады.

Рубль да теңге сияқты шикізаттық валюта. Бұл жерде де әлемдік нарықтағы мұнай бағасы ең басты рөл атқаратыны белгілі.

Бір баррель үшін 50-52 доллар шегі сақталатын болса, онда бір доллар 56-57 рубльден саудаланады. Ал мұнай бағасы бір баррель үшін 50 доллардан төмендесе, онда рубль бағамы бір доллар үшін 58-60 рубль болуы мүмкін.

Экспорттаушылардың салық төлеу үшін рубльді сатып алуы ресейлік валютаға біршама қолдау жасауы мүмкін. Салықтық кезең келесі аптада басталады. Салықтық төлем көлемі мамыр айында шамамен 1,2 трлн рубль болады.

RUB/KZT жұбы бір рубль үшін 5,4-5,6 теңге болып қала береді.

Әли Сағындықов , «Евразийский Капитал» АҚ сарапшысы :

15 – 19 мамырға арналған валюта болжамыРубль мен теңге бағамын әлемдік мұнай бағасының динамикасы белгілейді. Біздің ойымызша, егер жағымсыз жаңалықтар болмаса, Brent маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін 51-52 доллар деңгейінде болады. Бұл бағаның өсуіне АҚШ қорларының төмендеуі, сондай-ақ мұнай өндіруді қысқарту туралы келісім ұзартылады деген сенім әсер етуі мүмкін. Теңге мен рубльдің долларға қатысты бағамы 314-316 теңге, ал рубль бағамы 5,45-5,55 теңге болады деп болжаймыз.

 

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

15 – 19 мамырға арналған валюта болжамыТеңгенің долларғңа қатысты бағамының ауытқу ақымы келесі аптада 314-320 теңгеге дейін жетуі мүмкін деп ойлаймын. Менің ойымша, мұнайдың әлемдік бағасының өсуі іс жүзінде мұнайды өндіру мерзімін шектеу туралы келісімді ұзартуға қатысты болып отыр. 25 мамыр күні болатын жиналыс ресмилік үшін ғана керек сияқты.

Қазақстандық валютаның рубльге қатысты ауытқу ауқымы 5,4-5,6 теңгеге дейін қысқаруы мүмкін.

 

 

Богдан Зварич, «ФИНАМ» компаниясы тобының сарапшысы:

15 – 19 мамырға арналған валюта болжамыАлдағы аптада теңгеге әсер ететін негізгі фактор энергия тасымалдау нарығындағы жағдай. Сонымен бірге мұнайдың бағасы өсуі мүмкін. Бұған АҚШ көмірсутек қорының төмендеуі, сондай-ақ МЭЕҰ барысында келісімнің ұзартылатын жайлы инвесторлардың сенімділігі себеп болады. Осының нәтижесінде теңге нығайып, доллар 310 теңгеге дейін түсуі мүмкін. Ал ресейлік рубль жайын айтар болсақ, ол 5,5 теңге деңгейнде болады.

 

 

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің бастығы:

15 – 19 мамырға арналған валюта болжамыӨткен апта мұнай бағасының өсуімен есте қалды. Мұнай бағасының өсуіне АҚШ мұнай қорының азаюы және 25 мамырда өтетін МЭЕҰ отырымен байланысты үміт негіз болып отыр. Ұйым құрамына кіретін көптеген елдер келісімді ұзартуға келісіп отыр. Өткен аптада рубль адам сенгісіз тұрақтылықты көрсетті, оған тіпті орталық банктің жасаған мәлімдемесі де еш әсер етпеді. Сонымен бірге Ресейдегі инфляция сәуір айында 4,1% болған. Ресейлік реттеуші мөлшерлеменің бірте-бірте артатынын айтты. Келесі аптада Ресейде салықтық апта басталады, бұл рубльге қолдау болады. Келесі аптада мұнай нарығындағы жағдай жақсы болса, рубль 56,5 деңгейіне дейін нығаяды. Ал теңгенің долларға қатысты бағамы 313-318 теңге, рубльге қатысты бағамы 5,45-5,55 теңге болады.

15 – 19 мамырға арналған валюта болжамы

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу