Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады
Доллардың жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
13.4.2019 |
377,50-379,75 |
Астана-Инвест
13.4.2019 |
375-380 |
ГК «ФИНАМ»
13.4.2019 |
377-382 |
IFC Markets
13.4.2019 |
375-382 |
Рубльдің жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
13.4.2019 |
5,80-5,90 |
Астана-Инвест
13.4.2019 |
5,75-5,85 |
ГК «ФИНАМ»
13.4.2019 |
5,7-6 |
IFC Markets
13.4.2019 |
5,81-5,97 |
Еуроның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
13.4.2019 |
425-427 |
Астана-Инвест
13.4.2019 |
420-430 |
ГК «ФИНАМ»
13.4.2019 |
427-431 |
IFC Markets
13.4.2019 |
422-431 |
Юанның жалпы болжамы, $
Сарапшылар | |
Альпари
13.4.2019 |
|
Астана-Инвест
13.4.2019 |
|
ГК «ФИНАМ»
13.4.2019 |
|
IFC Markets
13.4.2019 |
Inbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (15 сәуір – 19 сәуір).
Іnbusiness.kz сауалнамасына қатысуқан сарапшылардың пікірінше, алдағы аптада бағам жасауға әртүрлі фактор әсер етеді. Кезекті сауалнамада әр сарапшы әртүрлі триггерді атап өтті. Тек энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай ғана барлық шолуда кездесті.
Сарапшылар сыртқы факторлардан әлемдік инвесторлардың тәуекелге деген көзқарасын («Альпари»), мұнай бағасының өсуінен рубльдің нығаюы («Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ), Американың ірі банктерінің қаржылық есебі («ФИНАМ»), сондай-ақ еуропалық валютаның долларға шаққандағы бағамының нығаюы (IFC Markets) бар.
Ал ішкі триггерлер жайын сөз еткенде, сарапшылар Қазақстанның кезектен тыс президент сайлауына дайындығын және алдағы Ұлттық банк отырысын атап кетті.
Сарапшылардың толық пікірін Іnbusiness.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.
Анна Бодрова, «Альпари» компаниясының аға сарапшысы:
Теңге үшін барлық әсер етуші факторлар маңызды болып қала береді. Оның ішінде қымбат мұнай, сайлау алды жұмыстары, әлемдік инвесторлардың тәуекелге оң қатынасы бар. Бұл АҚШ долларын алдағы аптада 377,50-379,75 теңге, ал еуроны 425-427 теңге, рубльді 5,80-5,90 теңге шамасында ұстауға әкеледі.
Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:
Мұнай бағасы өсуін жалғастырып, рубльге жақсы қолдау болып отыр. Алайда бұл теңгеге еш әсер етпей, теңге бағамы апта бойына бір доллар үшін 380 теңге шамасында болды. Егер бұған дейін халық биліктің ауысқанынан дағдарып қалды деген болсам, ал қазір теңгенің нығаймай отырғанына себеп таба алмай отырмын. Халықтың үрейі басылу керек деп ойлағанмын. Бірақ бұған әлі ерте сияқты. Оған бір рубльдің 5,85-5,90 теңге болуы дәлел.
Алдағы аптада бір АҚШ доллары 63,5-65 рубль, бір рубль 5,75-5,85 теңге, бір доллар 375-380 теңге, бір еуро 420-430 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 63,5-65 доллар болады деп отырмын.
Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:
Өткен сауда қорытындысы бойынша ірі банктердің есеп беруі алдында америкалық биржа алаңдары кері сценарий көрсетті.
S&P 500 индексі сауданы бейтарап көрсеткішпен жапты. Өндірістік Dow Jones индексі 0,05%-ын жоғалтты, ал жоғары технологиялық NASDAQ болса 0,21%-ға төмендеді. 10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілігі төрт базистік көрсеткішке 2,5%-ға дейін өсті. Дамушы нарықтардың MSCI индексі 0,7%-ға төмендеп, екі апта ішінде алғаш рет төмендеу көрсетті.
Қаржылық есеп маусым аясында дүйсенбі күні Bank of America өзінің есебін ұсынады, ал сейсенбі күні – Morgan Stanley.
Сарапшылар банктердің есебінен бірінші тоқсанда жылдық көрсеткіште 2,3% шамасын өсуі болады деп күтіп отыр. Алайда өткен жылдың көрсеткіші 8,2% шамасында бағаланған болатын. Сарапшылар жылдық көрсеткіште 2016 жылдан бері алғаш рет S&P 500 индекс құрамына кіретін корпорациялардың табысы төмендейді деп болжағанымен, күтіліп отырған нәтижеден тіпті шамалы ғана асудың өзі инвесторлар үшін жағымды жаңалық болуы мүмкін. Биржа индикаторларының жоғары деңгейін есепке алатын болсақ, есеп маусымы АҚШ-тың акциялар нарығын түзетуі мүмкін.
Бейсенбі күні мұнай бағасы 1,02%-ды жоғалтып, Brent маркалы мұнай бойынша 71 долларға дейін түсті. Соңғы күндердегі қатты өсуден кейін ойыншалыр экономикалық демалыс алды. Қазір Brent маркалы мұнайдың бағасы 70 доллар шамасында, егер аталған баға шыдап тұра алса, нарыққа қатысушылар бағаны 73 долларға дейін көтеруге тырысады.
Алдағы аптада теңгенің рубльге қатысты бағамы 5,7-6 теңге, долларға қатысты бағамы 377-382 теңге және еуроға қатысты бағамы 427-431 теңге болады деп болжап отырмыз.
Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:
Өткен аптада қазақстан валютасының долларға қатысты бағамы өзгермеді, бірақ еуро мен рубльге қатысты бағамы әлсіреді. Негізінен бұл кросс-бағам динамикасының салдарынан болды: яғни рубль мен еуроның долларға қатысты бағамы өздігінен нығайды. Ресейдің экономикалық даму министрлігі 2019 жылға арналған бағам болжамын алдында болжанған бір доллар үшін 66,4 рубльден 65,1 рубльге дейін төмендетті. Менің ойымша, еуроның долларға шаққандағы бағамының нығаюы әзірге алыпсатарлық сипатқа ие.
Өткен аптада Қазақстандағы макроэкономикалық мәліметтер жағымды болды. 2019 жылдың 1 тоқсанында ІЖӨ-нің өсімі 3,8% болды. Ол 2018 жылғыға қарағанда аз. Алайда бұдан бұрын Қазақстан үкіметі экономикалық өсім болжамын 2019 жылы 3,8%-ға дейін төмендетті. Осылайша, 1 тоқсандағы нақты мәліметтер былтырғымен сәйкес келді.
15 сәуір күні Ұлттық банктың кезекті отырысы өтеді. Базалық мөлшерлеме қазіргі 9,25% деңгейінен 9%-ға дейін төмендеуі мүмкін деп ойлаймын. Егер болжам іске асатын болса, онда теңге біршама әлсірейді.
Алдағы аптада құбылмалық бағамы бір рубль үшін 5,81-5,97 теңге, бір доллар үшін 375-382 теңге, бір еуро 422-431 теңге болады деп болжап отырмыз.