Валюта болжамы: 15 шілде – 19 шілде

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
382,583

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
13.7.2019
382-384
Астана-Инвест
13.7.2019
380-385
ГК «ФИНАМ»
13.7.2019
379-384
Forex Club
13.7.2019
382-384
IFC Markets
13.7.2019
380-388
DAMU Capital Management
13.7.2019
380-383
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
6,011

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
13.7.2019
6,01-6,07
Астана-Инвест
13.7.2019
6,0-6,1
ГК «ФИНАМ»
13.7.2019
5,95-6,1
Forex Club
13.7.2019
5,5-6
IFC Markets
13.7.2019
6,06-6,14
DAMU Capital Management
13.7.2019
6,05-6,15
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
431,833

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
13.7.2019
430-434
Астана-Инвест
13.7.2019
425-435
ГК «ФИНАМ»
13.7.2019
428-433
Forex Club
13.7.2019
432-434
IFC Markets
13.7.2019
427-436
DAMU Capital Management
13.7.2019
432-436
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
13.7.2019
Астана-Инвест
13.7.2019
ГК «ФИНАМ»
13.7.2019
Forex Club
13.7.2019
IFC Markets
13.7.2019
DAMU Capital Management
13.7.2019

Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (15 шілде  – 19 шілде). ​

 15 шілде  – 19 шілде 

8 шілде – 12 шілдеге арналған валюта болжамы

 

 

 

Іnbusiness.kz сауалнамасына қатысқан сарапшылар алдағы аптада теңге бағамын қалыптастыруға бірқатар негізгі факторлар әесер етеді деп отыр. Біріншіден, мұның алдындағы шолуда АҚШ ФРЖ-сының монетарлық саясаты мен шілде айының соңында негізгі пайыздық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін екендігі жайлы көп айтылған болатын. Бұл туралы сауалнамаға қатысқан барлық сарапшы өтті. Аталған оқиға ең бірінші америкалық валютаның индекісіне әсер ететін болады (Forex Club, IFC Markets).

Сонымен қатар сарапашылар энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдайды да естен шығарып отырған жоқ. Бұған қоса олар алдағы уақытта Ұлттық банк отырысы болатынын, онда реттеуші өзінің базалық мөлшерлеме бойынша шешімін жария ететін де сөз етті.

Сарапшылар тоқталып өткен басқа да триггерлер арасынан АҚШ пен Қытай арасындағы өзара сауда қатынасын (Forex Club, «DAMU Capital Management» ЖШС), әлемдік инвесторлардың дамушы экономикалар валютасына қатынасын («Альпари»), Ресейдегі салық кезеңінің басталу мен еуропалық Орталық банктің монетарлық саясатын атап кетуге болады («DAMU Capital Management» ЖШС).

Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz.әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.

 

Анна Бодрова, «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталықтың аға сарапшысы:

 15 шілде  – 19 шілдеАлдағы аптада теңге мұнай бағасының қозғалысы мен әлемдік инвесторлардың дамушы экономика валюталарына қатынасына мән беретін болады. Шын мәнісінде, жаһандық алаңдарда еш өзгеріс байқалмайды. Сонымен қатар инвесторлар тәукелді активтерге қаражат салуды салмақтайтын болады.

21 шілдеге дейін теңгенің долларға шаққандағы бағамы 382-384 теңге, еуро бойынша 430-434 теңге, рубль бойынша 6,01-6,07 теңге, юань бойынша 55-58 теңге болмақ.

 

 

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:   

 15 шілде  – 19 шілдеАҚШ ФРЖ-сы негізгі мөлшерлемені төмендетуі ықтимал, бұл рубль үшін жағымды болады. Оған қоса, соңғы аптада мұнай бағасы өсіп келеді. Ал теңге болса әлі нығая алмай отыр. Теңгеге әлі саяси факторлар әсер етіп отырған болу керек. Халық қолда бар бас артық ақшасына әлі күнге дейін доллар сатып алып отыр. Ұлттық банк валюта нарығында интервенция жасап, теңгені нығайта алады. Алайда бұл реттеушіге қажет пе? Мәселе сонда. Бір жағынан алып қаратын болсақ, теңге/рубль бағамының өскені біздің экономика үшін тиімді. Ресеймен арадағы сауда балансы жақсы болды. Яғни ресейліктер үшін Қазақстаннан тауар сатып алу тиімді. Теңге/доллар бағамы алдағы уақытта да қазіргі шамада саудаланатын болады.

Алдағы аптада бір АҚШ доллары 62,5-63,5 рубль , бір рубль 6,0-6,1 теңге, бір доллар 380-385 теңге, бір еуро 425-435 теңге, бір юань 55,5-56,0 теңге болады деп отырмын. 

 

Сергей Дроздов,  «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

 15 шілде  – 19 шілдеБейсенбі күні Федеральдық жүйе басшысының АҚШ сенатының банк комитетінде сөйлеген сөзінен нарық пайда көрді деуге болады. Федрезерв басшысының айтқанын реттеушінің монетарлық саясатты төмендетуге дайын екенін байқауға болады.

Өткен сауда қорытындысы бойынша Brent мұнай котировкасы 0,3%-ға төмендеп, 66,81 доллар болды. Тап қазіргі уақытта бұл қалыпты жағдай болып көрінуі мүмкін. Алайда мұнай бағасының бір баррелі 69-70 долларға дейін көтерілуі мүмкін екенін де естен шығармаған жөн.

Біз келесі аптада теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы, яғни  рубль үшін 5,95 -6,1 теңге, доллар үшін 379-384 теңге, еуро 428-433 теңге және юань үшін 55-55,90 теңге шамасында болады деп отырмыз.

 

Айдар Қалиасқар,  Forex Club қаржы скауты:

 15 шілде  – 19 шілдеӨткен аптада теңгенің рубль, доллар және юаньға қатысты бағамы біршама нығайды, ал еуроға қатысты бағамы әлсіреді. Бұған инвесторлардың шілде айының соңында АҚШ ФРС-ы мөлшерлемесін төмендетуін күтуі себеп болып отыр.

Бұл ретте теңге бағамына өсіп келе жатқан мұнай бағасы қолдау. Мұнай бағасының көтерілуіне Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың шиеленісуі, сондай-ақ Месика шығанағында қара алтынды өндіру көлемінің қысқару да себеп болып отыр. 

Апта қорытындысы бойынша әлемдік қор нарықтары негізінен жоғары көрсеткіш көрсетті. Оған қоса, АҚШ президенті Қытай уәде еткендей ауыл шаруашылығы тауарын сатып алмай отырғанын айтқаны да ықпал етті. Ойыншалар мұны АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қақтығысының өршіп бара жатқаны деп түсінді. Қытай экономикасына төніп тұрған қауіп юань бағамын біршама төмендетіп жіберді, ал бұл теңге/юань бағамын нығайтуға себеп болды.

Бұған дейін Қытай саудадағы тепе-теңсіздікті қысқарту үшін америкалық ауыл шаруашылығы тауарлары мен энергоресурстарын сатып алуға дайын екендіктерін айтқан болатын.

Бұған қоса, теңге үшін басты бағдар болып саналатын ресейлік рубльдің доллар мен еуроға қатысты бағам жұма күні түсе бастады.

15 шілде күні Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешімін жария етеді. Ол қазіргі 9,0% шамасында сақталады деген болжам бар.

Алдағы аптада теңгенің доллар мен рубльге, сондай-ақ қытайлық юаньға қатысты бағамы нығаяды деуге болады. Оған АҚШ пен Қытай арасындағы жалғасып жатқан сауда қатынасы әсер етеді.

Алдағы аптада бір доллар 382-384 теңге, бір еуро 432-434 теңге, бір рубль 5,5-6 теңге болады деп күту керек.

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

 15 шілде  – 19 шілдеӨткен аптада теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамы біршама әлсіреді, ал еуроға қатысты бағамы нығайды. Оның АҚШ доллары мен Қытай юанына қатысты бағамы еш өзгермеді. АҚШ жағалауындағы Мексика шығанағындағы дауыл маусымы басталуынан әлемдік мұнай бағасының көтерілуі қазақстандық теңгеге қолдау болды.

Бұған қоса, 31 шілдедегі ФРЖ отырысында мөлшерлеменің төмендеуі ықтимал деген үміттен америкалық доллардың барлық әлемдік валюталарға қатысты бағамы шамалы болса да арзандағанын атап кету керек.

Ресейдегі салық кезеңі басталмас бұрын рубль нығайды.

Алдағы аптада болатын негізгі оқиға 15 шілде күні өтетін Ұлттық банк отырысы болмақ. Менің ойымша, мқлшерлеме бұрынғыша 9% шамасында қалады.

Алдағы аптада құбылмалық диапазоны бір рубль үшін 6,06-6,14 теңге, доллар үшін 380-388 теңге, еуро 427-436 теңге, бір юань  55,5-56,5 теңге болады деп отырмыз.

 

Мұрат Қастаев,  «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

 15 шілде  – 19 шілдеТеңге өтіп бара жатқан аптаны тар шеңберде өтікізіп, 39 тиынға әлсіреді. Теңгенің долларға шаққандағы бағамы дұрыс бағаланбай отыр. Апта ішінде АҚШ ФРЖ-сы мөлшерлеменің төмендеуі мүмкін екенін анық білдірді, осының нәтижесінде мұнай мен ресейлік рубль бағасы көтерілді. Иранға қатысты оқиға әлі де басылар емес, осы аптада британ кемесін тоқтатпақ болған оқиға орын алды. Ал теңге болса жағымды жаңалықтардың бәрінен сырт қалуда.

Ресейде Орталық банк төрағасы Э. Набиуллина экономикалық өсімді ынталандыру үшін тек монетарлық құралдарға сену қауіпті екенін, сондықтан РФ алдағы уақытта мөлшерлемені төмендетпейтінін айтты.  Рубль апта бойы тұрақты болды, ол мұнай бағасының өсуінен де пайда көрді.

ҚХР-да экспорт пен импортқа қатысты маусым айының мәліметтері шықты, екі көрсеткіште ойлағаннан нашар болып шықты. Қытай экономикасының жағдайының нашарлауы АҚШ-пен келіссөз жасауға әкелетін сияқты. Әсерес нарықтар биылғы жылы келісім жасалады деп отыр.

Алдағы аптада ҚХР ІЖӨ-сінің өсімі бойынша және еуро аумақтағы инфляция жайлы маңызды мәліметтер шығатынын білеміз.

Негізгі валюталар бойынша яғни доллар 380-383 теңге, еуро – 432-436 теңге, рубль 6,05-6,15 теңге, юань 55-56 теңге болады деп отырмыз.

 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу