Валюта болжамы: 8 шілде -12 шілде

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
382,708

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
06.7.2019
381,50-385
Forex Club
06.7.2019
383-385
ГК «ФИНАМ»
06.7.2019
378-383
Астана-Инвест
06.7.2019
380-385
IFC Markets
06.7.2019
380-388
DAMU Capital Management
06.7.2019
380-384
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
6,047

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
06.7.2019
6,02-6,09
Forex Club
06.7.2019
6,1-6,3
ГК «ФИНАМ»
06.7.2019
5,9-6,05
Астана-Инвест
06.7.2019
5,9-6,1
IFC Markets
06.7.2019
6-6,1
DAMU Capital Management
06.7.2019
5,95-6,05
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
431,667

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
06.7.2019
431,00-434
Forex Club
06.7.2019
432-434
ГК «ФИНАМ»
06.7.2019
428-433
Астана-Инвест
06.7.2019
425-435
IFC Markets
06.7.2019
426-436
DAMU Capital Management
06.7.2019
431-435
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Альпари
06.7.2019
Forex Club
06.7.2019
ГК «ФИНАМ»
06.7.2019
Астана-Инвест
06.7.2019
IFC Markets
06.7.2019
DAMU Capital Management
06.7.2019

Іnbusiness.kz теңгенің долларға, еуроға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (8 шілде  – 12 шілде).

 8 шілде -12 шілде

 
 
 

Осакада өткен G-20 саммитінің қорытындысы сарапшылардың басты назарында. Атап айтар болсақ, inbusiness.kz сауланамасын қатысқан «Альпари», IFC Markets және «DAMU Capital Management» ЖШС сарапшылары өз болжамдарында саммит барысындағы АҚШ пен Қытай басшыларының кездесуін айтты.

Басқа да маңызды факторар арасынан энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай айтылды. Forex Club және «DAMU Capital Management» ЖШС сарапшылары ОПЕК-тің өндіруді қысқартуға қатысты келісімінің ұзартылғанын, ал «ФИНАМ» КТ АҚШ-та тәуелсіздік күні тойлануынан, трейдерлердің саудаға қатыспағанына атап кетті.

Басқа факторлар ішінен сарапшылар АҚШ-тағы еңбек нарығына қатысты мәліметтің жариялануын, Федеральдық резервтік жүйенің пайыздық мөлшерлемесінің төмендеуі мүмкін екенін, ресейлік рубльдің қозғалысын атап кетті.

Ішкі факторлар ішінен сарапшылар Қазақстанның ішкі  валюта нарығына қатысушылар арасында девальвациялық болжамдарының төмендегенін және Қазақстан Президентінің елдің белгілі бір тобының кредиттік қарызын кешіруі туралы шешімінің әсеріне тоқталды. Сонымен қатар бағамға саяси фактордың әсер етуі мен Ұлттық банктің интервенция жасауы ықтималдығы, маусым айында инфляцияның өсуі, жалпы халықаралық резервтер мен Ұлттық қор активтерінің қысқаруын атап кетті.

Сарапшылардың толық пікірін inbusiness.kz.әзірлеген кезекті сауалнамадан оқи аласыздар.  

 

Анна Бодрова, «Альпари» ақпараттық-сараптамалық орталықтың аға сарапшысы:  

8 шілде -12 шілде Шілде айының екінші аптасында АҚШ доллары 381,50-380 теңге шамасында құбылуы мүмкін. Америкалық доллардың позициясы G-20 саммитінен кейін, бірқалыпқа көшті. Еуро 431, 00-434 теңге ауқымында, ал рубль 6,02-6,09 теңге болады. Шикізат жағдайы бейтарап, Brent баррелі 63-65 доллар шамасында саудаланып жатыр. Юаньннің теңгеге шаққандағы бағамы өсуі мүмкін, апта соңына қарай ол 55,7-56,8 теңге болады.

 

 

 

 

 

Айдар Қалиасқар,  Forex Club қаржы скауты:

8 шілде -12 шілде Теңге мұнай бағасы мен девальвациялық көңіл-күйге байланысты болады.

Жұма күні теңге біршама шоғырлану кезеңіне көшті, оған мұнай бағасының едәуір төмендеуі себеп болды. Енді қазақстандық валюта тағы мұнай котировкасына мән береді. Қара алтын бағасы үшін жағымсыз факторлардың бірі – әлемдік экономиканың өсу қарқыны баяулауына қатысты қауіп болмақ. Алайда бір жағынан оған ОПЕК-тің өндіруді қысқартуға қатысты келісімін ұзарту фактісі қолдау. Қазақстандық теңгенің шоғырлануын ішкі нарыққа қатысушылар арасындағы девальвациялық болжамдарының төмендеуі де әсер етіп отыр.

Алдағы аптада мұнай бағасына қатысты динамикадан басқа теңгеге Қазақстан Президентінің ай сайынғы табысы күнкөріс шегінен аспайтындардың кредиттік қарызын кешіру туралы шешімі де өз ықпалын тигізеді. Мемлекеттік бюджеттен бұл үшін 270 млн доллар бөлінеді.

Алдағы аптада теңгенің долларға шаққандағы бағамы 383-385 теңге, еуроаға қатысты бағамы 432-434 теңге шамасын сақтап қалады. Рубльге  шаққандағы бағамы 6,1-6,3, ал юаньға  қатысты 55,7-55,9 теңге болмақ.

 

 

Сергей Дроздов,  «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

8 шілде -12 шілде Тап қазіргі жағдайда жаһандық қаржы нарықтары АҚШ-тағы Федеральдық резервтік жүйе мөлшерлемесін төмендетуге баса мән беруде. Осыған байланысты ел экономикасы жағдайына қатысты көрсеткіштерді инвесторлар биржа парадигмасына қарап бағалауда, яғни көрсеткіштер төмен болса, нарықтар үшін тиімді болмақ. Жұма күні ойыншылар АҚШ еңбек нарығына қатысты есептің жариялануына мән берді.

Өткен сауда қорытыныдысы бойынша Brent маркалы мұнай бағасы 1,01%-ға төмендеп, 63,18 доллар шамасында сауданы жапты. Тәуелсіздік күнін тойлауға қатысты америкалық трейдерлердің болмауынан, Brent маркалы мұнай сауда сессиясын 64-63 доллар шамасында жүргізді, бірақ та жұма күні ойыншылар 64-62 доллар шамасындағы ауқымды сынап көрпді. Бұл алдағы уақытта қара алтын бағасын бағалайтын болады.

Біз келесі аптада теңгенің негізгі үш валютаға қатысты бағамы, яғни  рубль үшін 5,9-6,05 теңге, доллар үшін 378-383 теңге, еуро 428-433 теңге және юань үшін 54,85-55,80 теңге шамасында болады деп отырмыз.

 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ-ның инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:    

8 шілде -12 шілде Саяси жағдайға байланысты халық қолда бар ақшасына доллар сатып алуды жалғастырып жатқаны белгілі. Тап осы саяси фактор теңге бағамына негізгі әсер етуші күш болып отыр.

Мұның алдында айтқанымдай, Қазақстанда бағамның тек көтерілуіне ғана емес, сондай-ақ төмендеуіне «ойнайтын» ірі институционалды инвесторлар жоқ. Сондықтан теңгенің долларға қатысты бағамы нығая алмайды, алайда бұған дейін белгілі себептер болған еді. Валюта нарығында тек Ұлттық банк қана интервенция жасай алады. Алайда біздің реттеушінің не ойлап отырғанын дөп басу қиын. Бірақ та егер жаңа санкциялар есебінен рубль тағы айтарлықтай төмендейтін болса немесе мұнай бағасы тағы күрт түсіп кететін болса, теңге бағамында дүрбелең болдырмас үшін Ұлттық банк интервенция жасайды десем қаталеспеймін. Мұндай жағдайда бір рубль үшін 5,6-5,8 теңге бағамына қайтып келеміз. Ал әзірге Ұлттық банк араласуға дайын емес, сондықтан теңге қазіргі шамада саудаланатын болады.

 Алдағы аптада бір рубль 5,9-6,1 теңге, бір доллар 380-385 теңге, бір еуро 425-435 теңге, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 63,5-65,0 доллар болады деп отырмын

 

 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets сарапшысы:

8 шілде -12 шілде Өткен аптада теңгенің доллар мен қытайлық юаньға қатысты бағамы әлсіреуін жалғастырды. Бұл ретте екро мен ресейлік рубльге қатысты бағамы еш өзгермеді. Динамиканың осындай болуына G-20 саммитінде АҚШ пен Қытай басшыларының кездесуі жақсы аяқталғаны себеп болуы мүмкін деп отырмын. Олар сыртқы сауда келіссөздерінің жалғасатыны және ықтимал өзара келісімдер болуы мүмкін екенін айтқан болатын. Бұл жаһандық сауда соғыстары қаупін азайтып, доллар мен юань бағамдарының нығаюына сеп болды.

Елдегі инфляцияның маусым айында 5,4%-ға дейін өсуі қазақстандық теңге үшін жағымсыз болды. Бұл былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен көп. Тағы бір кері әсер берген фактор ­- бұл Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері мен ұлттық қор активтерінің қысқаруының жалғасуы болды. Ұлттық банк мәліметі бойынша, 1 шілдеде олар 1 маусымдағы көрсеткішке қарағанда 0,3%-ға азайған, ал жыл басынан бері 2,8%-ға қысқарған. Резервтердің жиынтық көлемі 86,4 млрд доллар болып, 10 жыл бұрынғы көрсеткішке жақындаған.

Алдағы аптада құбылмалық диапазоны бір рубль үшін 6-6,1 теңге, доллар үшін 380-388 теңге, еуро 426-436 теңге, бір юань 55,5-56,5 теңге болады деп отырмыз.

 

Мұрат Қастаев,  «DAMU Capital Management» ЖШС бас директоры:

8 шілде -12 шілде Өтіп бара жатқан апта теңгеге әсер ететін таңқаларлық заңдылықтарды нақтылады. Соңғы кезде мұнай бағасы мен рубльдің бағамы сияқты негізгі факторлар теңге бағамына мүлдем әсер етпеді. Теңге бағамы тек бір Ұлттық банкке ғана белгілі болып отыр.

АҚШ пен Қытай арасында сауда келіссөздерін қайта жандандыру туралы уағдаластық және жаңа бірлескен баж салықтарын енгізуге тыйым салу - аптаның басты оқиғасы болды. Мұның артынша ОПЕК-тің өндіруді шектеу туралы келісімді  тағы 9 айға ұзартатыны туралы жаңалық шықты. Бұл екеуі бірлесіп мұнай бағасының 65 долларға дейін өсуіне әсер етті. Қазақстан ОПЕК-тің ішінде болған дау-дамайда Саудияның позициясын толығымен қолдады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Саудия королімен телефон арқылы болған әңгімеде айтты.

Сондай-ақ мұнай бағасына Иранның ядролық келісімнен іс жүзінде шығуы да себеп болды, бұл Таяу Шығыстағы шиеленістің жаңа орамын тудырып ушықтырып жіберуі мүмкін.

Мұнай бағасы өскеннен кейін, ресейлік рубльде нығайып, аптаны 1 АҚШ доллары үшін 63,5 рубль шамасында жапты.

Барлық жағымды жаңалықтар теңге еш әсер етпей, теңге аптаның әлсіреумен аяқтады. Ұлттық валютаның қазіргі қозғалысын әзірге түсіндіру мүмкін емес, тек Ұлттық банктің пайдасы мен үкімет үшін ғана жұмыс істеп тұрған сияқты. Реттеуші доллар бағасы сәл төмендесе, доллар сатып алумен айналысады, ал үкімет бюжетті толтырады.

Теңге үшін АҚШ-тағы жұмыссыздық туралы жаңа мәліметтің шығуы ғана жағымсыз болуы мүмкін. Жаңа жұмыс орындарының көрсеткіші нарықтың күткенінен асып кетті,осының нәтижесінде доллардың барлық әлемдік валюталарға қатысты бағамы нығая бастады. Алайда нарықтарға бұл жаңалық келесі аптада әсер ететін болады. Доллардың нығаюы шикізат тауарлары бағасы мен дамушы елдер валютасын төмендетеді.

 ҚХР-да өндіріс және қызмет көрсету секторы бойынша жаңа мәліметтер шықты, ол болжанғаннан нашар болды. Юань аздап құбылды, өйткені бағам қозғалысы мемлекет тарапынан қатаң бақыланады.  Еуро одақтың өндіріс саласына қатысты көрсеткіштері дүйсенбі күні жарық көрді, бұл да еуроның негізгі әлемдік валюталарға қатысты бағамына қысым болды.

Негізгі валюталар бойынша яғни доллар 380-384 теңге, еуро – 431-435 теңге, рубль 5,95-6,05 теңге, юань 55-56 теңге болады деп отырмыз. 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу